"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2017 жылғы 22 желтоқсандағы Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Балықты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспеге орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімінің 10.12.2019 № 70 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Балықты ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Балықты ауылдық округіне қарасты, Балықты ауылындағы атауы жоқ көшеге Нұршуақ атауы;
2) Балықты ауылдық округіне қарасты, Балықты ауылындағы атауы жоқ көшеге Бәйтерек атауы;
3) Балықты ауылдық округіне қарасты, Балықты ауылындағы атауы жоқ көшеге Желтоқсан атауы;
4) Балықты ауылдық округіне қарасты, Балықты ауылындағы атауы жоқ көшеге Наурыз атауы.
Ескерту. 1-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімінің 10.12.2019 № 70 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімінің 10.12.2019 № 70 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзырыма қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балықты ауылдық округ әкімі | А. Уркембаев |