Жетісай ауданының Жетісай қаласы М.Әуезов көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Жетісай ауданының Жетісай қаласы әкiмiнiң 2019 жылғы 1 шілдедегі № 178 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 1 шілдеде № 5114 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданының Жетісай қаласы әкiмiнiң 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 245 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданының Жетісай қаласы әкiмiнiң 05.09.2019 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтарал аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 17 маусымдағы № 02-03/278 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жетісай қаласы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Е. Муратовтың жеке тұрғын үй ауласынан табылған ит өлексесінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Жетісай ауданының Жетісай қаласы, М. Әуезов көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Жетісай ауданының "Жетісай қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күнішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жетісай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жетісай қаласы әкімі: Т. Елшибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады