Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Күршім және Шемонаиха аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 388 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/379-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қарашада № 6280 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, "Көкпекті ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 қазандағы № 26-5/7 бірлескен шешімі мен Көкпекті ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 қазандағы № 333 қаулысының, "Күршім ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 20/4-VІ шешімі мен Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 55 қаулысының, "Күршім ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" Күршім аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 38/3-VІ бірлескен шешімі мен Күршім ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 198 қаулысының, "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 42/4-VI бірлескен шешімі мен Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 225 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көкпекті ауданы бойынша:

      1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:

      Биғаш ауылдық округінің Комсомол ауылы;

      Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің Малая Буконь ауылы;

      2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

      Биғаш ауылдық округінің Комсомол қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Биғаш ауылдық округінің Егінбұлақ ауылының құрамына;

      Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің Малая Буконь қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Қойгелді Аухадиев ауылдық округінің Үкіліқыз ауылының құрамына енгізілсін;

      Күршім ауданы бойынша:

      1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:

      Ақбұлақ ауылдық округінің Алтай ауылы;

      Күршім ауылдық округінің Діңгек ауылы;

      Қалғұты ауылдық округінің Жылытау ауылы;

      Құйған ауылдық округінің Қарабұлақ ауылы;

      Марқакөл ауылдық округінің Тентек ауылы;

      2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

      Ақбұлақ ауылдық округінің Алтай қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылының құрамына;

      Күршім ауылдық округінің Діңгек қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Күршім ауылдық округінің Күршім ауылының құрамына;

      Қалғұты ауылдық округінің Жылытау қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Қалғұты ауылдық округінің Қаратоғай ауылының құрамына;

      Құйған ауылдық округінің Қарабұлақ қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Құйған ауылдық округінің Қайнар ауылының құрамына;

      Марқакөл ауылдық округінің Тентек қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Марқакөл ауылдық округінің Марқакөл ауылының құрамына енгізілсін;

      Шемонаиха ауданы бойынша:

      1) Октябрьский ауылдық округінің Садовое ауылы таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын;

      2) Октябрьский ауылдық округінің Садовое қонысының аумағы шекаралары өзгертіле отырып, Октябрьский ауылдық округінің Октябрьский ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі Д. Ахметов
      Сессия төрағасы Г. Чемоданов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады