Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Аягөз, Бородулиха, Жарма аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 427 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/388-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 6455 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, "Алтай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар туралы" бірлескен Алтай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 шілдедегі № 51/3-VІ шешімі мен Алтай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 310 қаулысының, "Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданының елді мекендерін тарату жөнінде ұсыныс енгізу туралы" бірлескен Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 31/205-VІ шешімі мен Аягөз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 920 қаулысының, "Бородулиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 40-4-VІ шешімі мен Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 225 қаулысының, "Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының елді мекендерін тарату жөнінде ұсыныс енгізу туралы" бірлескен Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 қазандағы № 26/229-VІ шешімі мен Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 303 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      Алтай ауданы бойынша:

      1) мынандай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және өзге қоныстар санатына жатқызылсын:

      Соловьево ауылдық округінің Бедаревка ауылы;

      "Көгілдір Бұғаз" демалыс үйі;

      2) таратылған елді мекендердің аумақтары:

      Соловьево ауылдық округінің Бедаревка қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Соловьево ауылдық округінің Ленинск ауылының құрамына;

      "Көгілдір Бұғаз" демалыс үйі қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Жаңа Бұқтырма кентінің құрамына;

      Аягөз ауданы бойынша:

      1) мынандай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және өзге қоныстар санатына жатқызылсын:

      Ақшатау ауылдық округінің Қалғытты ауылы;

      Малкелді ауылдық округінің Жорға ауылы;

      2) таратылған елді мекендердің аумақтары:

      Ақшатау ауылдық округінің Қалғытты қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының құрамына;

      Малкелді ауылдық округінің Жорға қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Малкелді ауылдық округінің Қорық ауылының құрамына;

      Бородулиха ауданы бойынша:

      1) мынандай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және өзге қоныстар санатына жатқызылсын:

      Бақы ауылдық округінің Тарск ауылы;

      Петропавловка ауылдық округінің Мещанка ауылы;

      Степной ауылдық округінің Қызылтай ауылы;

      Подборный ауылдық округінің Жақсылық ауылы;

      Белағаш ауылдық округінің Бек-Карьер ауылы;

      2) таратылған елді мекендердің аумақтары:

      Бақы ауылдық округінің Тарск қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Бақы ауылдық округінің Коростели ауылының құрамына;

      Петропавловка ауылдық округінің Мещанка қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Петропавловка ауылдық округінің Изатулла ауылының құрамына;

      Степной ауылдық округінің Қызылтай қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Степной ауылдық округінің Орловка ауылының құрамына;

      Подборный ауылдық округінің Жақсылық қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Подборный ауылдық округінің Михайловка ауылының құрамына;

      Белағаш ауылдық округінің Бек-Карьер қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Белағаш ауылдық округінің Бековка ауылының құрамына;

      Жарма ауданы бойынша:

      1) Шалабай ауылдық округінің Жаңаауыл ауылы таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және өзге қоныстар санатына жатқызылсын;

      2) Шалабай ауылдық округінің Жаңаауыл қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Шалабай ауылдық округінің Шалабай ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Ахметов
      Сессия төрағасы Ж. Шаймарданов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады