Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 29.07.2022 № 27/215-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Семей қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Семей қаласының мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын:
1) Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38/211-V "Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3862 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде № 31 "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінде жарияланған);
2) Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38/211-V 2016 жылғы 5 қазандағы № 6/49-VI "Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, өңдеу және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4722 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 10 қарашада, 2016 жылғы 11 қарашада № 90 "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының | |
төрағасы | Р. Хазипов |
Қалалық мәслихат | |
хатшысы | Б. Акжалов |
Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 38/265-VI шешіміне қосымша |
Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер
р/с № | Атауы | Есептік бірлік | Қызметтердің құны, теңге |
1. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тариф | ||
1.1. | Жайлы үйлер | тұрғын/айына | 190 |
1.2. | Жайлы емес үйлер | тұрғын/айына | 346 |
1.3. | Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері | 1 м3 | 1284 |
2. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф | ||
2.1. | Жеке тұлғалар үшін | 1 м3 | 300 |
2.2. | Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін | 1 м3 | 300 |
3. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тариф | 1 м3 | 846 |