Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 29.05.2019 № 38/265-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту.Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 05.10.2016 № 6/49-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 05.10.2016 № 6/49-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ж. Рахымғалиев |
Қалалық мәслихаттың | |
хатшысы | Б. Ақжалов |
Семей қалалық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38/210-V шешімімен бекітілді |
Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтер
Ескерту. Тарифтер жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 05.10.2016 № 6/49-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Нысан | Есептік бірлік | Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көму қызметтерінің тарифі, теңге |
Жайлы үйлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тариф | 1 тұрғын айына | 200 |
Жайлы емес үйлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тариф | 1 тұрғын айына | 364 |
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілер үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тариф | 1 м3 | 1284 |