Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38/211-V "Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 5 қазандағы № 6/49-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 қарашада № 4722 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 38/265-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 29.05.2019 № 38/265-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38/211-V "Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3862 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірдегі №31 "Семей таңы" және "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      "Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы";
      шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.";
      қоса беріліп отырған Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтер қосымшаға сәйкес, келесі редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының
      төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы Б. Ақжалов

  2016 жылғы 5 қазандағы
№ 6/49-VI шешімге
қосымша
  Семей қаласы мәслихатының
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 38/211-V шешімімен
бекітілді

Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтер

Нысан

Есептік бірлік

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көму қызметтерінің тарифі, теңге

1

Жайлы үйлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тариф 

1 тұрғын айына

200

2

Жайлы емес үйлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тариф

1 тұрғын айына

364

3

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілер үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тариф

1 м3

1284


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады