Курчатов қаласы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 11 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 мамырда № 5932 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республиқасының Заңының 31- бабының 2 - тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Курчатов қаласы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақасының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте қамтамасыз ету;

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізінде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау Курчатов қаласы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Н.Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қаласының әкімі А. Глазинский

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ 11 қаулысына қосымша

Курчатов қаласы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақасының мөлшері

Бір айда бір тәрбиеленушінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мекеме атауы

Тәрбиеленушілер саны (адам)

Бір айға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруге мемлекеттік тапсырыс көлемі, теңге

Ата-ана төлемі, бір айға, теңге

барлығы

Соның ішінде

Соның ішінде

Толық күнді болумен

Жарты күн болумен

Толық күнді болумен

Жарты күн болумен

Курчатов қаласының "Күншуақ" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

145

145

0

29220

0

2-6 жас аралығында - 9800

"Ақ-бөбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

60

0

28000

0

1-3 жасқа дейін - 8500

Курчатов қаласы әкімдігінің "Журавушка" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

50

50

0

28000

0

2-6 жас аралағында - 9800

"Курчатов қаласының № 2 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығы

50

25

25

19954

11845

2-6 жас аралағында - 8500

"Курчатов қаласының № 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығы

75

25

50

19954

11845

2-6 жас аралағында - 8500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады