Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 25/176-V "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 39/261-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 6052 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 52/440-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 04.09.2020 № 52/440-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 25/176-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3381 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 30 маусымында, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2014 жылдың 5 шілдесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақ келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) көпбалалық және/немесе отбасында Аягөз ауданының мектепке дейінгі ұйымдарына баратын ерекше білім беру қажеттіліктерімен балалардың болуы.";

      7 тармақтағы:

      3), 6) және 8) тармақшалар келесі редакцияда жазылсын:

      "3) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген адамдар;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшыраған адамдар;";

      келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) мектепке дейінгі ұйымдарға баратын көпбалалы отбасылардағы балалар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.";

      8 тармақ келесі мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы Қағидалардың 7 тармағының 14) тармақшасында көрсетілген алушылар санаты үшін жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің алты еселік мөлшерінде бекітілсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
Аягөз аудандық
мәслихат хатшысы
С. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады