Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 01.10.2024 № 469 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 26.09.2022 № 372 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 26.09.2022 № 372 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 26.09.2022 № 372 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 26.09.2022 № 372 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Ауылдық округ әкімдері үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
5. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
6. Глубокое ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 481 "Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4244 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде 2015 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Е.В. Старенковаға жүктелсін.
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі | К. Байгонусов |
Келісілді: Глубокое ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы "_17_" сәуірдегі 2019 жыл |
А. Мусина |
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 138 қаулысына № 1 қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 26.09.2022 № 372 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Елді мекен атауы | Орналастыру орындары |
1 | Алтайский кенті | Юбилейная көшесі, № 10 үй, Глубокое ауданы әкімдігінің "Абай атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі ғимаратының жанында |
2 | Белоусовка кенті | Юбилейная көшесі, № 10/1 үйдің жанында, Центральная көшесі, № 47 үйдің жанында |
3 | Березовка ауылы | Юбилейная көшесі, № 2 үй, Глубокое ауданы әкімдігінің "Абай атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында, Б.Момышұлы көшесі, № 26а үйдің жанында, Красная Заря тұрғын алабы № 26 үйдің жанында |
4 | Бобровка ауылы | Профсоюзная көшесі, № 34а үй, Глубокое ауданы әкімдігінің "Абай атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі ғимаратының жанында |
5 | Солнечное ауылы | Мир көшесі, № 1 үй, бес қабатты тұрғын үйдің жанында |
6 | Быструха ауылы | Новостройка көшесі мен Орталық көшесінің қиылысында, № 11 үйдің жанында, Орталық көшесі, "Риддер" кафесінің жанында, Юбилейная көшесі, № 8 үйдің жанында |
7 | Зимовье ауылы | № 35 және № 37 үйлердің арасында |
8 | Верхнеберезовский кенті | Ленин көшесі, № 20 үйдің жанында, Алтай көшесі, № 3 үйдің жанында |
9 | Веселовка ауылы | Гагарин көшесі, № 33 үйдің жанында, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің "Веселовка жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында |
10 | Заречное ауылы | Центральная көшесі, № 26 үйдің жанында |
11 | Глубокое кенті | Степная көшесі, № 51 және № 53 үйлердің арасында, Жібек жолы көшесі № 64 үйдің жанында, Берестова көшесі, № 12 үйдің жанында, Пирогов көшесі, № 15 үйдің жанында |
12 | Прапорщиково ауылы | Школьная көшесі, № 28 үй, "Кировское" шаруа қожалығының әкімшілік ғимаратының жанында |
13 | Уварово ауылы | Қазақстан көшесі, № 9/1 үй, Глубокое ауданы әкімдігінің "Абай атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі ғимаратының жанында |
14 | Черногорка ауылы | Центральная көшесі, № 31 үйдің жанында, "Асия" дүкенінің жанында |
15 | 226 км разъезі | "Казиевка" станциясының теміржол бекетінің жанында |
16 | Кожохово ауылы | Ленин көшесі, № 12 үйдің жанында, Солнечная көшесі, № 1 үйдің жанында |
17 | Прогресс ауылы | Киров көшесі, № 2 үйдің жанында, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің "Прогресс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Киров көшесі, № 12 үйдің жанында, Глубокое ауданы әкімдігінің "Абай атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында, Абая көшесі, № 28 үйдің жанында |
18 | Предгорное ауылы | Киров көшесі, № 47 үйдің жанында, Шоссейная көшесі, № 1 үйдің жанында |
19 | Перевальное ауылы | Рабочая көшесі, № 63/1 үйдің жанында |
20 | Малоубинка ауылы | Клиновицкий көшесі, №і 1 үйдің жанында, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің "Малоубинка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Клиновицкий көшесі, № 6 үйдің жанында, Глубокое ауданы әкімдігінің "Абай атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында |
21 | Карагужиха кенті | № 13 үйдің жанында |
22 | Опытное поле ауылы | Степная көшесі, № 2 үйдің жанында, Глубокое ауданы әкімдігінің "Абай атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында |
23 | Секисовка ауылы | Новостроевская көшесі, № 1 үйдің жанында, Совхозная көшесі, № 6 үйдің жанында, Чапаев көшесі, № 69а үйдің жанында, Шоссейная көшесі, №і 22 үйдің жанында |
24 | Белокаменка ауылы | Центральная көшесі, № 12 үйдің жанында |
25 | Ново-Михайловка ауылы | № 42 үйдің жанында |
26 | Планидовка ауылы | № 29 үйдің жанында |
27 | Тарханка ауылы | Степная көшесі, № 60 үйдің жанында, Глубокое ауданы әкімдігінің "Абай атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында |
28 | Винное ауылы | Ворошилов көшесі, № 15 үйдің жанында, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің "Винное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында |
29 | Ново-Ульбинка ауылы | Абай көшесі, № 11 үйдің жанында |
30 | Горная Ульбинка ауылы | Школьная көшесі, № 6 үйдің жанында, Шығыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Өскемен орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында |
31 | Ушаново ауылы | Школьная көшесі, № 1а үйдің жанында, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында |
32 | Степное ауылы | Школьная көшесі, № 17 үйдің жанында, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің "Степное негізгі мектебі-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында |
33 | Каменный карьер ауылы | № 47 үйдің жанында |
34 | Черемшанка ауылы | Лениногорская көшесі, № 74 үйдің жанында, Гагарин көшесі, № 12/1 үйдің жанында, Глубокое ауданы әкімдігінің "Абай атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында |
Глубокое ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "17" сәуірдегі № 138 қаулысына № 2 қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде шарттық негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі өткізілетін үй-жайлардың тізімі
Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 26.09.2022 № 372 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).