2019 жылға Алтай ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 126 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 сәуірде № 5833 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 - бабы 4 - тармағының 8 - 1) тармақшасына сәйкес Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1, 2 - қосымшаларға сәйкес 2019 жылға Алтай ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. "Алтай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) Алтай ауданының әділет басқармасында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде оның көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Алтай ауданы аумағында таратылатын мерзімдік баспаға оның көшірмесі ресми жариялауға жіберілуін;

      4) қаулы ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет - ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскароваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының әкімі Н. Токсеитов

  Алтай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 2 сәуірдегі № 126
қаулысына 1- қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

    №

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары

Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орындар саны

1

Балабақшалар

1145

2

Мектептер жанындағы шағын орталықтар

160

  Алтай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 2 сәуірдегі № 126
қаулысына 2- қосымша

Ата - ана төлемақысының мөлшері

    №

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін (теңге)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін (теңге)

1

Балабақшалар

573

591

2

Мектеп жанындағы кіші орталықтар

Толық күн

-

665

Жарты күн

-

333

      Ескертпе: 1 күнге бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады