Алтай ауданы Малеевка селолық округіндегі Ландман ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Малеевка селолық округі әкімінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 наурызда № 5793 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 29 қарашадағы қорытындысына сәйкес, Ландман ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Малеевка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алтай ауданы Малеевка селолық округіндегі Ландман ауылының Советская көшесі Садовая көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Малеевка селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Алтай ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберілуін;

      4) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін, Алтай ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Малеевка селолық округінің әкімі В. Кузнецов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады