Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 11.08.2020 № 52/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 23/3-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-14-168 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
4) тармақшасы алынып тасталсын.
13) тарамақшасы алынып тасталсын.
7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің елу пайызы мөлшерінде белгіленсін.".
8-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8-1.Әлеуметтік көмек, Күршім ауданының орталық аудандық ауруханасының тізіміне сәйкес, "туберкулез" диагнозымен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар тұлғаларға кірісін есепке алмай, нақты амбулаториялық ем алған күндеріне ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Л. Кемешева |
Күршім аудандық мәслихат хатшысы | Н. Касымханов |