Шектеу іс шараларын тоқтату және Көлденең ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 03 "Үржар ауданы Көлденең ауылдық округіне қарасты Барақпай учаскесіндегі "Сабыр", "Дәурен", "Әлібек" шаруа қожалықтарына шектеу іс шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 3 қазанда № 14 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 қазанда № 6190 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 221 ұсынысы негізінде Көлденең ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдары арасынан бруцеллез індетінің ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты, Үржар ауданы Көлденең ауылдық округіне қарасты Барақпай учаскесіндегі "Сабыр", "Дәурен", "Әлібек" шаруа қожалықтарына қойылған шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Көлденең ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 3 "Үржар ауданы Көлденең ауылдық округіне қарасты Барақпай учаскесіндегі "Сабыр", "Дәурен", "Әлібек" шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5973 болып тіркелген және 2019 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      әкім С. Истемесов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады