Шемонаиха ауданы әкімінің 2018 жылғы 25 наурыздағы № 03 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 сәуірде № 5831 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Шемонаиха ауданы әкімінің 2018 жылғы 25 наурыздағы № 03 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-175 тіркелген, 2018 жылы 04 сәуірде электрондық нұсқада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К. Молдахановқа жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шемонаиха ауданының әкімі Г. Акулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады