Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 820 "Бөрлі ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4151 тіркелген, 2015 жылғы 7 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында "Бөрлі ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар":
реттік нөмірі 14 - жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
14. | Бөрлі ауылы | Достық көшесі, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Бөрлі жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
";
реттік нөмірі 13 – жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 20, 21, 24, 34 - жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
20. | Кеңтүбек ауылы | Тәуелсіздік көшесі, "Бөрлі ауданының мәдени демалу орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны ғимаратының алды |
21. | Кирово ауылы | Тәуелсіздік көшесі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Киров ауылдық дәрігерлік амбулаториясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алды |
24. | Успен ауылы | Бейбітшілік көшесі, "Успен ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
34. | Жаңаталап ауылы | Балдәурен көшесі, ауылдық клубы ғимаратының алды |
".
2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д. Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Агедиловке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
"КЕЛIСIЛДI"
Бөрлі аудандық (аумақтық) сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________Ж. Каналин
13 мамыр 2019 жыл