Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 177 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 қыркүйекте № 5790 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 30.03.2021 № 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айткалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Рахимжанов

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 177 қаулысына
қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдардың атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

"Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының "Ер Төстік" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

74

2%

1

2

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

94

2%

2

3

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Бөкей ордасы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

61

2%

1


Барлығы

229

-

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады