Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. №1 маршрут Жаңақала ауылы "Автодор көшесі" аялдамасы - "Жұбанов көшесі" аялдамасы, №2 маршрут "Нұр-медина мейрамханасы" аялдамасы - "Аудандық колледж" аялдамасы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 80 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. "Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін тиісті шараларды алсын.
3. Жаңақала ауданы әкімінің аппарат басшысы (М.Жұмалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4, Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Мұқамбетжановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Карагойшин |