Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын пилотсыз ұшу аппараттарын жоюдың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қаңтарда № 19903 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарын ұшқышсыз ұшу аппараттарын бейтараптандырудың техникалық құралдарымен жабдықтаудың табиғи нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты қылмыстық-атқару жүйесі комитеттінің төрағасы, департаменттерінінің, "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағынының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары ішкі істер органдарының бөліністерін пилотсыз ұшу аппараттарын бейтараптандыру техникалық құралдарымен жабдықтауды тиісті қаржы жылына республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті (Т.Т. Ахметов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаментіне (Т.Т. Ахметов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      ________________

      2019 жылғы "____" _______

  Қазақстан республикасы
Ішкі істер министірінің
2020 жылғы 15 қаңтардағы
№ 20 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын пилотсыз ұшу аппараттарын жоюдың техникалық құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Атауы

өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі, жыл

Қолдану аймағы

Тарату саласы

1

Пилотсыз ұшу аппараттарын бейтараптандырудың техникалық құралдары

жинақ

2

7

Қызмет өткеру кезінде қолдану үшін

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасаққа, әрбір "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісіне, әрбір жылдам қимылдайтын арнайы жасаққа, әрбір қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады