ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15358 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 тамызда электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
"30-1) QNH ең төменгі мәндерінің болжамы – әуеайлақ ауданынан тыс өту эшелонын анықтау және орнату үшін пайдаланылатын нақты аймақтар/диспетчерлік аудандар бойынша ӘМО/МБО жасайтын мамандандырылған болжам.";
мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Санатталған әуеайлақтарда АМӨЖ-ның сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін АНҚБ әуеайлақ тәулік бойы жұмыс істеген жағдайда метеорологиялық жабдыққа қызмет көрсету бойынша ауысымдық персоналдың кезекшілігін ұйымдастырады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін бағалауды жүзеге асыру жөнінде ДМҰ талаптарын іске асыру үшін АНҚБ өздері әзірлеген және бекіткен құзыреттілікті аттестатауды бағалау әдістемесі негізінде авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін аттестатауды (тексеруді) бағалайды.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. ЭМО-ның кезекші ауысымы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша ӘҚҚ органының ұшу басшысына (ауысымның аға қызметкеріне) жедел қатынаста бағынады.
ӘМО кезекші ауысымының қарамағында тәулік бойы радиоландырылған кезекші автокөлік болады.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Бақылау мәлімет құрастыру әуеайлағында және оның шегінен тыс таратуға жататын мәліметтерді құрастыруға негіз болады.
METAR және SPECI мәліметтері ДМҰ белгілеген METAR және SPECI кодтық нысандарында шығарылады және таратылады.";
132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"132. ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығын бағалау үшін құралдық жүйені пайдаланған кезде есептеуді әрбір бар ҰҚЖ үшін жеке жасау керек. ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығы 3% құрайтын немесе ҰҚЖ-дағы жарықтарының максималды қолда бар күштерінен аз от жарығының күші болған жағдайда есептелмеуге тиіс. Есептеулер үшін жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге қатысты от жарықтарының мынадай күштерін қолдану қажет:
1) оттары қосылған ҰҚЖ үшін: осы ҰҚЖ-да нақты қолданылатын оттардың жарық күші;
2) оттары өшірілген ҰҚЖ үшін (немесе ұшуды жаңартуды күткенде жарық күші аз реттелетін): басым жағдайларда пайдалану кезінде қолдануға сәйкес келетін от жарығының оңтайлы жарық күші.":
164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"164. БТШ биіктігін және тік көрінуді метрмен өлшеу кезінде жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және ATIS хабарларында:
1) бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі туралы мәлімет мыналар бойынша хабарланады:
- осы биіктікті қоса алғанда, 30 метр биіктікке дейін 5 метр еселік және 30 метр ден 3000 метрге дейін және одан жоғары диапазонда 10 метр еселік;
2) тік көріну туралы мынадай шамада хабарланады:
- осы биіктікті қоса алғанда, 30 метр биіктікке дейін 5 метр еселік;
- 30 метрден 600 метрге дейінгі диапазонда 10 метр еселік.";
мынадай мазмұндағы 164-1) тармақпен толықтырылсын:
"164-1. БТШ биіктігін және тік көрінуді футпен өлшеу кезінде жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде:
1) осы биіктікті қоса алғанда, 300 фут биіктігіне дейін 50 фут еселік, және 300 фут-дан 10000 фут-қа дейін және одан жоғары диапазонда 100 фут-қа еселенген шамаларда бұлттардың төменгі шегінің биіктігі туралы;
2) тік көріну жағдайында:
осы биіктікті қоса алғанда, 300 фут биіктігіне дейін 50 фут еселенген шамаларда;
және 300 фут-дан 2000 фут-қа дейінгі диапазонда 100 фут еселенетін шамаларда хабарлайды.";
273-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"273. AIRMET ақпаратын шығару үшін дайындалатын кіші биіктіктерде ұшулар үшін аймақтық болжамдар 00с UTC басталып 6 сағат сайын жасалады, бұл ретте олардың әрекет ету кезеңі 6 сағатты құрайды және олардың әрекет ету кезеңінің басталуына дейін 1 сағат бұрын метеорологиялық органдарға тапсырылады. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуежайларда алғашқы аймақтық болжамдардың әрекет ету кезеңінің басталуы стандарттық мерзімнен басқаша болуы мүмкін.
Ескерту. Пайдаланушылардың келісімі бойынша 100 ұшу эшелонынан төмен (немесе таулы аудандарда 150-ден төмен немесе ӘҚҚ органы белгілеген неғұрлым жоғары эшелоннан төмен) ұшудың жоғары қарқындылығы кезінде шағын биіктіктерде ұшу үшін аймақтық болжамдар олардың қолданылу кезеңі басталғанға дейін 1 сағаттан кешіктірмей 6 сағат қолданылу кезеңімен әрбір 3 сағат сайын жасалады.";
5-тарау мынадай мазмұндағы параграфпен толықтырылсын:
"11- параграф. Мамандырылған болжамдар
305-1. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҰАА мамандандырылған болжам – QNH ең төменгі мәндерінің болжамы шығарылады. ҰАА шекарасындағы нақты аймақтар/диспетчерлік аудандар немесе олардың қосалқы аудандары бойынша шығарылады.
305-2. QNH ең төменгі мәндерінің болжамдары 00 сағат UTC бастап әрбір 3 сағат сайын ӘМО/МБО жасалады, олардың әрекет ету кезеңі 3 сағатты құрайды және тиісті МБО АДО/ҰАО диспетчеріне олардың әрекет ету кезеңі басталғанға дейін 1 сағат бұрын беріледі.
Ескертпе: элементтердің мазмұны, жүру тәртібі, терминология, мұндай болжамдардың форматы мен мерзімділігі АНҚК мен тиісті пайдаланушылар арасында айқындалады. Жасау және беру тәртібі ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа енгізіледі.";
323-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"323. AIRMET ақпараты 100 ұшудың төменгі эшелонынан төмен (немесе таулы аудандарда 150 эшелонынан төмен немесе ӘҚҰ органымен белгіленген) ұшуды қамтамасыз ету үшін ӘМО/МБО шығарады.
AIRMET ақпаратының мақсаты ұшқыштарды әуе кемелерінің шағын биіктіктерде ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін ұшу бағыты бойынша ауа райының нақты және/немесе күтілетін белгілі бір құбылыстары туралы хабардар ету болып табылады.":
409-тармақ алып тасталсын.
465-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"465. ӘМО/МБО шеңбердің диспетчерлік пунктін және "Мұнара" ДП, ал олар біріктірілген әуеайлақтарда ӘДО/АӘДП мынадай:
1) "тренд" түріндегі болжамдарды қоса алғанда, жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтермен;
2) "тренд" түріндегі болжамдарды қоса алғанда, METAR және SPECI мәліметтерімен, TAF болжамдарымен және ұшу-қону және қосалқы әуе айлақтар бойынша оларға түзетулермен (сұрау салу бойынша);
3) МРЛ деректерімен (бар болған жағдайда);
4) шеңбердің және 100 метр биіктігінде жел туралы деректермен (жел туралы нақты деректер болмағанда шеңбердің биіктігіндегі желдің болжамы хабарланады);
5) әуеайлақ бойынша және желдің ауысуы туралы ескертулермен және хабарламамен;
6) SIGMET және AIRMET ақпараттарымен жабдықтайды";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
2-1) нақты аймақтар/диспетчерлік аудандар немесе олардың ҰАА шекараларындағы қосалқы аудандар бойынша QNH ең төменгі мәндерінің болжамдарымен;";
мынадай мазмұндағы 468-1-тармақпен толықтырылсын:
"468-1. ӘМО/МБО ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін ҰҚО-ға мынадай метеоақпаратты ұсынады:
1) SIGMET және AIRMET хабарламалары;
2) атқылаудың алдындағы вулкандық қызметке, вулкандық атқылауларға, сондай-ақ вулкандық күлінің бұлттарына қатысты ақпарат;
3) атмосфераға радиоактивті заттардың немесе уытты химиялық заттардың шығарылуына қатысты ақпарат (бар болса);
4) ұшып шығу, бару әуеайлақтарында және қосалқы әуеайлақтарда бақыланатын және/немесе болжанатын ауа райы жағдайлары туралы ақпарат.
Оларға қатысты мәліметтер мен болжамдар енгізілетін әуеайлақтар, сондай-ақ ұшу-ақпараттық қызмет көрсету кезінде SIGMET және AIRMET хабарлары ҰАО-ға берілетін ҰАА мен АНҚК шешімі бойынша анықталады. Әдетте, ұшу бағытын қоса алғанда, әуе қозғалысы жүзеге айқындалада жергілікті ұшу шекарасынан 2 сағат ұшуда орналасқан әуеайлақтар мен ұшу-қону әуеайлақтары осындай болып табылады.";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаның Әуеайлақтар мен тікұшақ айлақтарының метеорологиялық жабдықтарында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Метеорологиялық ақпаратты жаңартудың кезеңділігі метеорологиялық дисплейлер мен басқа индикаторлық құрылғыларда тұрақты бақылаулар кезінде 30 және 60 минутты құрайды.
ИКАО санатты II және III (А, В) минимумдар бойынша ұшуларды қамтамасыз еткен кезде, АМӨЖ деректерді 1 минуттық жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Негізгі ЭЕМ/ЭЕМБ істен шыққан кезде резервтегі машинаға жедел ауысу қамтамасыз етіледі (30 секундтан аспауы тиіс).";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Көрсеткіштердің (тіркегіштерің) шығыс құрылғыларына немесе ЭЕМ/ЭВМБ-ге датчиктерден сигналдарды таратуға, сондай-ақ метеорологиялық ақпаратты бейнелеу құралдарына таратуға арналған байланыс желілерінде кабельдің ұзындығы 10 метрден асқан кезде кабельдік желінің паспорты болуға тиіс.
Датчиктерден ЭЕМ/ПЭЕМ кіру құрылғыларына сигналдар беру үшін санатталмаған әуеайлақтарда радиоарнаны пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ бұл ретте АНҚБ радиоарнаның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін, осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |