"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 3/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қаңтарда № 19928 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 10988 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты С.С. Әбішке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
К. Масимов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2020 жылғы 20 қаңтары
№ 3/қе бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының тергеу
изоляторларындағы адамдарды
күзету мен қадағалауды жүзеге
асыру қағидаларына
6-қосымша
  нысан

Тергеу изоляторы бастығының бұйрығы

№ ________

______________________

      № ____ ауысым 20____ жылғы "___"_____________ _____.00 сағ. ____.00 сағ. дейін кезекшілікті атқарады:

      Кезекші ауысым:

      Кезекші: __________________________________________

      Ауысым бақылаушылары: ______________________________________

                              __________________________________________

                              __________________________________________

      Резерв:            __________________________________________

      Кезекші аусымға нұсқама

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      Тергеу изоляторының бастығы

      ______________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады