"Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қаңтарда № 19938 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15589 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық тегін және ақылы негіздерде жүзеге асырылады. Ақылы негізде оқыту құнын ЖОО белгілейді.

      Мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін негізде оқуға конкурс шарттарынан өткен әскери кафедралары бар ЖОО студенттері, ал ақылы негізде оқу үшін осылайша конкурс шарттарынан өткен, әскери кафедраға бөлінген орындар санына сәйкес комиссия ұсыным берген студенттер жіберіледі.

      Ақылы негізде оқу үшін меншік және бағыныстылық нысанына қарамастан, ЖОО-ның басшысы ҚР ҚМ-мен келісу бойынша әскери кафедралары жоқ басқа ЖОО-лардың студенттерін тарта алады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери кафедраларда студенттерді дайындауға жыл сайынғы қажеттілік есебін ҚР ҚМ-ның ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі жүргізеді және білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге қабылдау жылының 1 ақпанына дейін жібереді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қабылдау жоспарын жыл сайын әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше ЖОО-лардың өтінімдері, тиісті әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери кафедралар оқу-материалдық базаларының бейіні мен мүмкіндіндіктері негізінде әскери кафедраларда студенттерді дайындаудың жыл сайынғы қажеттілігіне сәйкес әзірлейді.

      Қабылдау жоспарын жасау кезінде білім алушылардың санын айқындалған әскери-есептік мамандық бойынша кемінде бір оқу взводын құруға мүмкіндік беретін мәнге дейін жеткізу мақсатында бөлінген орындарды қайта бөлуге жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. Қабылдау жоспарын ҚР ҚК Бас штабы бастығының жұмылдыру жұмыстарына жетекшілік ететін орынбасарымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарымен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді және әскери кафедралар басшыларының атына қабылдау жылының 1 сәуіріне дейін жіберіледі."

      8-2. Қабылдау жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды осы Қағидалардың 8-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді және бекітілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде әскери кафедралар басшыларының атына жіберіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеуді жыл сайын іріктеу комиссиясы конкурс негізінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен қабылдау жоспарына сәйкес жүргізеді.

      Әскери кафедраның құжаттарды қабылдауы іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқталады.

      Әскери кафедрада оқуға студенттерді іріктеу үшін конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:

      бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландырудан өту;

      екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;

      үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;

      төртінші кезең – ҚР ҚМ-мен келісу бойынша ЖОО басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.";

      мынадай мазұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Іріктеу комиссиясының жұмысы ЖОО-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес жазғы сессия аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей басталады.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің шешімі бойынша іріктеу комиссиясы жұмысының мерзімдеріне өзгерістер енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Әскери кафедралар іріктеу комиссиясының жұмыс мерзімдері және құрамы бойынша ұсыныстарды ҚР ҚМ-ға қабылдау жылының 1 сәуірінен кешіктірмей жолдайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Медициналық куәландырудан өту үшін студенттерге әскери кафедрада ресімделген медициналық куәландыру картасы (бұдан әрі – 7-нысан). Студенттерді медициналық куәландыру жергілікті әскери басқару органдарында қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап жүргізіледі. Іріктеу конкурсына қатысу үшін медициналық куәландыру нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей әскери кафедраға 7-нысан бойынша ұсынылады.

      Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің білім және ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      2019 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      2019 жылғы "___" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады