"Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелерімен айналысатын қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 349-Ө бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 19948 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелерімен айналысатын қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 349-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9048 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 38 (28262) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Экология,
геология және табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады