Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын ұйымдастыру техникасымен және кеңсе мүлкімен қамтамасыз ету заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ішкі істер Министрі | Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
_______________________
2020 жылғы " " ________
Қазақстан Республикасы | |
Ішкі істер министрінің | |
бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын ұйымдастыру техникасымен және кеңсе мүлкімен қамтамасыз етудің заттай нормалары
№ | Заттай норманың атауы | Заттай норманың өлшем бірлігі | Сандық мәндегі норма | Пайдалану мерзімі (жыл) | Заттай нормалардың қолдану саласы | Заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1-тарау. Ұйымдастыру техникасы | ||||||
1-параграф. Көшіру жабдығы | ||||||
1 | Көшіргіш машиналар | дана | 2 | 7 | Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы (бұдан әрі – ҰҰБҚ) хатшылығының бөлімшелері мен өңірлік қолбасшылықтар (бұдан әрі – ӨңҚ) құпия бөлімшелерінің бір бөлінісі үшін | Құжаттардың, фотосуреттердің, суреттер бен қағаздағы екі өлшемді бейнелердің және басқа материалдардың көшірмелерін алуға арналған құрылғы. |
2-параграф. Қосалқы жабдық | ||||||
2 | Бұрғы | дана | 1 | 5 | ҰҰБҚ хатшылығының бөліністері, ҰҰ арнайы мемлекеттік мұрағаты (бұдан әрі – ҰҰ АММ), ӨңҚ, құрамалар, бригадалар, әскери бөлім (бұдан әрі ә/б) мен әскери оқу орындары (бұдан әрі – ӘОО) құпия бөлімшелерінің бөліністері үшін | Ойықтар бұрғылауға арналған. Істердің құжаттарын тігу және жаңалау үшін қолданылады. |
3 |
Шаңсорғыш | дана | 1 | 5 | ҰҰ АММ, ӘОО. | Мұрағат сақтау орындары, мұрағат қораптары мен сақтау құралдарын шаңнан тазалау үшін. |
4 | Таразы | дана | 1 | 5 | ҰҰБҚ хатшылығының, ҰҰ АММ, ӨңҚ, құрамалар, бригадалар, ә/б мен ӘОО құпия бөлімшелерінің бөліністері үшін | Жөнелтілетін корреспонденцияның салмағын айқындау үшін. |
2-тарау. Кеңсе мүлкі | ||||||
5 | Латуньнан жасалған пломбалағыш | дана | 1 | 15 | ҰҰБҚ бір штаттық бір штаттық бірлігіне; ӨңҚ, құрама, бригада, ә/б, ӘОО, әскери медициналық мекеменің (бұдан әрі – ӘММ), жеке орналасқан бөлімшенің (бұдан әрі – ЖОБ) бір штаттық бірлігіне; дивизион, батальон, батарея, рота, взвод қолбасшылығының (командир мен оның орынбасарлары) бір штаттық бірлігіне; басшылық, комендатура, атыс алаңы, спорт командасы, оркестр, ансамбльдің бір штаттық бірлігіне; орталық, қойма, сақтау базасы, кафедра (факультет), редакция, баспахана, бейнестудия, мұражай, мұрағат, торап, клуб, кітапхананың бір штаттық бірлігіне; шеберхана, зертхана, аппараттық станция бастықтарына; әскери госпиталь, лазарет, емхана, медицина пункті, әскери-дәрігерлік комиссия (бұдан әрі – ӘДК), санитариялық-эпидемиологиялық орталық (бұдан әрі - СЭО), дәріхана дәрігерлері мен орта медициналық персоналының бір штаттық бірлігіне); ҰҰБҚ, ӨңҚ бойынша жедел кезекшілер мен көмекшілерінің, құрама, бригада, ә/б, ӘОО, ЖОБ, бақылау-техникалық пункт (бұдан әрі – БТП), бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – БӨП), байланыс, штаб бойынша кезекшілер мен көмекшілердің бір лауазымды адамына және техникалық сүйемелдеу қызметінің (бұдан әрі – ТСҚ) операторларына. | Қызметтік кабинеттердің есіктеріне сүргі соғу және сургуч үшін. |
6 | Эвакуациялау ыдысы (қаптар) | дана | 10 | 5 | ҰҰБҚ хатшылығының, ҰҰ АММ, ӨңҚ, құрамалар, бригадалар, ә/б мен ӘОО құпия бөлімшелерінің бөліністері үшін | Пломбылау (кесінді) құралдарымен және брезент маталы тасымалдау тұтқаларымен жабдықталған құжаттарды эвакуациялау үшін. |
7 | Елтаңбалы мөрлер | дана | 4 | 7 | ҰҰБҚ хатшылығының, ҰҰ АММ, ӨңҚ, құрамалар, бригадалар, ә/б мен ӘОО құпия бөлімшелерінің бөліністері үшін | Шығарылатын нормативтік құқықтық актілердің (құжаттар) түпнұсқалылығын растау үшін. |
8 | Мөрлер | дана | 14 | 7 | ҰҰБҚ хатшылығының, ҰҰ АММ, ӨңҚ, құрамалар, бригадалар, ә/б мен ӘОО құпия бөлімшелерінің бөліністері үшін | Шығыс, кіріс корреспонденцияны және басқа құжаттарды растау үшін. |
9 | Мөртабандар | дана | 46 | 7 | ҰҰБҚ хатшылығының, ҰҰ АММ, ӨңҚ, құрамалар, бригадалар, ә/б мен ӘОО құпия бөлімшелерінің бөліністері үшін | Құжаттарды есепке алу және жөнелту үшін. |
10 | Мұрағаттық қорап А4 | дана | 1 | 10 | 3-4 іске. ҰҰ арнайы мемлекеттік мұрағаты, ӘОО | Сөрелерде мұрағаттық құжаттар мен істерді сақтау үшін. |
11 | Мұрағаттық қорап А3 | дана | 1 | 10 | 3-4 іске. ҰҰ арнайы мемлекеттік мұрағаты, ӘОО | Сөрелерде мұрағаттық құжаттар мен істерді сақтау үшін. |