"Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 ақпанда № 19971 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 370-371 (26214) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларында:

      23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салықтық түсімдердің талдамалық есебі (салықтар, өзге де бюджетке төленетін міндетті төлемдер, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар) "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" ақпараттық жүйесінде және интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйеде (бұдан әрі – ИСАЖ) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген "Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті органның кодтары бойынша жүргізіледі.";

      42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілікті жасауы және беруі бекітілген нысандарға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      479-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "479. Көрсетілген құндылықтарды есепке алу үшін мынадай баланстан тыс шоттар қолданылады:

      01 "Жалға алынған активтер" шотында – тыс мемлекеттік мекемелерден операциялық жалға алу шарты бойынша қабылданған активтер жалдау шартында көзделген құнында ескеріледі;

      02 "Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар" – шарттар бойынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды орындау үшін сатып алынған арнайы жабдықты, сондай-ақ шарттарда көзделген баға бойынша қайта өңдеуге қабылданған шикізат пен материалдарды қоса алғанда мемлекеттік мекеме жауапты сақтауға қабылдаған тауар-материалдық құндылықтар ескеріледі;

      03 "Қатаң есептегі бланктер" – сақтаудағы және есеппен берілетін қатаң есептілік бланкілері – мемлекеттік органдармен бекітілген тізбелерге сәйкес – ақша, чек және есеп айырысу чек кітапшалары, түбіртек кітапшалары, аттестаттар, дипломдар, куәлік бланкілері және басқа да қатаң есептілік бланкілері ескеріледі;

      04 "Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі" – төлем қабілетсіз дебиторлардың берешегі есептен шығарылған сәттен бастап үш жыл бойы борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда оны өндіріп алу мүмкіндігін бақылау үшін ескеріледі.

      05 "Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшін оқушылар менстуденттердің берешегі" – оқушылар мен студенттердің қайтармаған киім-кешек, төсек-орын, құралдар және басқа құндылықтар бойынша берешегі ескеріледі. Оқу орнының балансынан оқудан шығып қалған оқушылар мен студенттердің материалдық құндылықтарын есептен шығару олардың шығуы туралы бұйрықтардың негізінде жүргізіледі. Оқушылар мен студенттер қайтармаған материалдық құндылықтар баланстан тыс есепке алынады және оларға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен талап қойылады;

      06 "Ауыспалы спорт жүлделері мен кубоктары" – түрлі мемлекеттік мекемелер бекіткен және олардан жеңімпаз командаларды марапаттау үшін алынған ауыспалы сыйлықтар, тулар, кубоктар ескеріледі (осы мемлекеттік мекемеде болған барлық кезеңі ішінде);

      07 "Жолдамалар" – қоғамдық, кәсіподақтық және басқа ұйымдардан қайтарымсыз алынған жолдамалар ескеріледі;

      08 "Әскери техниканың оқулық құралдары" – тирлерде, спорттық ату алаңдарында, әскери пәндер кабинеттерінде орналасқан барлық жабдықтар мен құралдар ескеріледі;

      09 "Мәдени мұра активтері" – мәдени мұралық активтер (мысалы, тарихи ғимараттар мен ескерткіштер, археологиялық қазбалар орны, қорықтар мен табиғи қорғалатын аумақтар, сондай-ақ өнер туындылары) ескеріледі;

      10 "Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік" – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен), бағаланған мүліктің есепті күнге Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерімен расталған жиынтық сомасы есепке алынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады