"Еркін қойма кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 382 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 19981 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еркін қойма кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 382 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16679 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және пайдалануға енгізілген және еркін қойма иелері қолданатын жабдықтар болып табылатын тауарларға немесе еркін қойма аумағында жылжымайтын объектілерді құру үшінеркін қойма иелері қолданған және осындай жылжымайтын объектілердің құрамдас бөлігі болып табылатын тауарларға қатысты, еркін қойма жұмыс істеуін тоқтатқан кезде кедендік рәсіммен осындай тауарларды орналастырмай, еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы қол қойған пайдалануға беру актісі және (немесе) кәсіпорынның теңгерімінде тұрған жабдықтар туралы бухгалтерлік анықтама болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы Министрдың м.а. Б. Шолпанкулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады