Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 12 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 60 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 наурызда № 20087 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3.Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов
     
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 24 ақпандағы
№ 12 және
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 25 ақпандағы
№ 60 бірлескен бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 112-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 148 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4244 болып тіркелген, 2006 жылы 16 маусымдағы № 109-110 (916) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      2. "Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 148 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 112-НҚ бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 255-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 289 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4474 болып тіркелген, 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 2 (315) "Ресми газеті" газетінде жарияланған).

      3. "Электр- және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 29 қарашадағы № 276-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 318 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4469 болып тіркелген, 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 2 (316) "Ресми газеті" газетінде жарияланған).

      4. "Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 276-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 318 бірлескен бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 70-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 51 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5601 болып тіркелген, 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1476) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      5. "Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 112-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 148 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 296 және Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 272-НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6532 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 қарашадағы № 459-460 (26303) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      6. "Электр және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 318 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 29 қарашадағы № 276-НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 62-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 80 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8415 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамыздағы № 198 (28137) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      7. "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 244 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 404-НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9054 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 тамыздағы № 151 (28375) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      8. "Электр және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 318 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 29 қарашадағы № 276-НҚ бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 164 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 239 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13890 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 18 шілдеде жарияланған).

      9. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің және Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 275 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 378 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14207 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 21 қыркүйекте жарияланған).

      10. "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 265 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 240 бірлескен бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15462 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 тамызда жарияланған).

О признании утратившими силу некоторых совместных приказов

Совместный приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 февраля 2020 года № 12 и Министра энергетики Республики Казахстан от 25 февраля 2020 года № 60. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 марта 2020 года № 20087.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Признать утратившими силу некоторые совместные приказы согласно приложению к настоящему совместному приказу.

      2. Комитету по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министерство национальной экономики
Республики Казахстан
Министерство энергетикиРеспублики Казахстан
      Министр энергетики
Республики Казахстан
__________Н. Ногаев
Министр национальной экономикиРеспублики Казахстан__________Р. Даленов

  Приложение
к совместному приказу
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 24 февраля 2020 года № 12
и Министра энергетики
Республики Казахстан
от 25 февраля 2020 года № 60

Перечень утративших силу некоторых совместных приказов

      1. Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 18 апреля 2006 года № 112-ОД и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 10 мая 2006 года № 148 "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сферах по хранению, транспортировке товарного газа по соединительным, магистральным газопроводам и (или) газораспределительным системам, эксплуатации групповых резервуарных установок, а также транспортировке сырого газа по соединительным газопроводам, за исключением хранения, транспортировки товарного газа в целях транзита через территорию Республики Казахстан и экспорта за пределы Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4244, опубликован в газете "Юридическая газета" от 16 июня 2006 года № 109-110 (1089-1090).

      2. Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 27 октября 2006 года № 255-ОД и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 9 ноября 2006 года № 289 "О внесении дополнения в совместный приказ Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 10 мая 2006 года № 148 и Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 18 апреля 2006 года № 112-ОД "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сферах хранения, транспортировки газа или газового конденсата по магистральным и (или) распределительным трубопроводам, эксплуатации газораспределительных установок и связанных с ними газораспределительных газопроводов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4474, опубликован в газете "Юридическая газета" от 27 декабря 2006 года, № 221 (1201).

      3. Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 29 ноября 2006 года № 276-ОД и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 1 декабря 2006 года № 318 "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сферах электро- и теплоэнергетики" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4469, опубликованный в "Официальной газете" от 13 января 2007 года № 2 (316).

      4. Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 26 февраля 2009 года № 70-ОД и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 27 февраля 2009 года № 51 "О внесении дополнения и изменений в совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 29 ноября 2006 года № 276-ОД и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 1 декабря 2006 года № 318 "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сферах электро- и теплоэнергетики" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5601, опубликован в газете "Юридическая газета" от 10 апреля 2009 года № 53 (1650).

      5. Совместный приказ исполняющего обязанности Министра нефти и газа Республики Казахстан от 6 сентября 2010 года № 296 и Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 15 сентября 2010 года № 272-ОД "О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 18 апреля 2006 года № 112-ОД и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 10 мая 2006 года № 148 "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сферах хранения, транспортировки газа или газового конденсата по магистральным и (или) распределительным трубопроводам, эксплуатации газораспределительных установок и связанных с ними газораспределительных газопроводов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6532, опубликован в газете "Казахстанская правда" от 23 октября 2010 года № 281-282 (26342-26343).

      6. Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 25 февраля 2013 года № 62-ОД и Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 18 марта 2013 года № 80 "О внесении изменений в совместный приказ Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 1 декабря 2006 года № 318 и Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 29 ноября 2006 года № 276-ОД "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сферах электро- и теплоэнергетики" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8415, опубликован в газете "Казахстанская правда" от 27 августа 2013 года № 260 (27534).

      7. Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 30 декабря 2013 года № 404-ОД и Министра нефти и газа Республики Казахстан от 30 декабря 2013 года № 244 "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сфере по транспортировке нефти и (или) нефтепродуктов по магистральным трубопроводам, за исключением их транспортировки в целях транзита через территорию Республики Казахстан и экспорта за пределы Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9054, опубликован в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан 23 сентября 2016 года, газете "Казахстанская правда" от 6 августа 2014 года № 151 (27772).

      8. Совместный приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 апреля 2016 года № 164 и Министра энергетики Республики Казахстан от 9 июня 2016 года № 239 "О внесении изменения в совместный приказ Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 1 декабря 2006 года № 318 и Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 29 ноября 2006 года № 276-ОД "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сферах электро- и теплоэнергетики" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13890, опубликован в Информационно-правовой системе "Әділет" 18 июля 2016 года).

      9. Совместный приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 июня 2016 года № 275 и Министра энергетики Республики Казахстан от 5 августа 2016 года № 378 "О внесении изменений и дополнений в некоторые совместные приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан и Министра нефти и газа Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14207, опубликован в Информационно-правовой системе "Әділет" 21 сентября 2016 года).

      10. Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, Министра нефти и газа Республики Казахстан и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан, в которые вносятся изменения, утвержденный совместным приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 265 и Министра энергетики Республики Казахстан от 12 июля 2017 года № 240 "О внесении изменений в некоторые совместные приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Министра нефти и газа Республики Казахстан и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15462, опубликован в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан 17 августа 2017 года).