Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі N 112-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 10 мамырдағы N 148 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 30 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4244. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 12 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 60 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 12 және ҚР Энергетика министрінің 25.02.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2016 № 275 және ҚР Энергетика министрінің 05.08.2016 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2017 № 265 және ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2016 № 275 және ҚР Энергетика министрінің 05.08.2016 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмыстар және талдау департаментi (Е.О.Есiркепов):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының назарына жеткiзсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа және Қазақстан Республикасы Мұнай және газ жетекшiлiк ететiн вице-министрiне жүктелсiн.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.09.06 N 296 және ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.15 N 272-НҚ Бірлескен бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі


Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің төрағасы



  Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
2006 жылғы 10 мамырдағы N 148
және
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2006 жылғы 18 сәуірдегі N 112-НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесi

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2016 № 275 және ҚР Энергетика министрінің 05.08.2016 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Бөгде ұйымдарға тиесiлi магистральдық газ құбырлары және олардағы құрылыстарды пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және диспетчерлеу.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.09.06 N 296 және ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.15 N 272-НҚ Бірлескен бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Бөгде ұйымдарға тиесiлi тарату газ құбырларын және олардағы құрылыстарды, сондай-ақ үйлердiң iшiндегi газ тораптарын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.09.06 N 296 және ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.15 N 272-НҚ Бірлескен бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Газ тұтынушылардың меншiгiндегi және бөгде ұйымдарға тиесiлi газ құралдарына, есептеу құралдарына профилактика, жөндеу, жинақтау және бөлшектеу жүргiзу.

      4. Газ тұтынушылардың меншiгiндегi газдың шығысын есептеу құралдарын тексеру.

      5. Бөгде ұйымдарға немесе заңды тұлғаларға көрсетiлетiн авариялық-диспетчерлiк қызмет көрсетулер.

      6. Газ тұтынушыларды газ жеткiзiп берушiлердiң тапсырыстары бойынша ажыратып тастау және (немесе) қосу.

      7. Бөгде ұйымдарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi жаңадан орнатылған газ тарату құбырларын сынақтардан өткiзе отырып қосу.

      8. Объектiлердi газдандырудың техникалық талаптарын әзiрлеу.

      9. Газбен жабдықтау объектiлерiнiң құрылысын техникалық қадағалау.

      10. Газбен жабдықтау жүйелерi мен оларға арналған ғимараттарды, сондай-ақ жер асты газ тарату құбырларын қорғау жүйелерiн жобалау, құрылыс жобаларын келісу, салу.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.09.06 N 296 және ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.15 N 272-НҚ Бірлескен бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. Бөгде ұйымдарға тиесiлi жер асты газ тарату құбырларына техникалық аудит және құралдық диагностика жүргiзу.

      12. Магистральдық және (немесе) газ тарату құбырларына қосылған түпкiлiктi тұтынушыларға газды сату.

      Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 27.10.2006 N 255-НҚ, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 09.11.2006 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бірлескен бұйрығымен.

      13. Пісірілген қосылыстардың сапасын бақылау.

      Ескерту. Тізбе 13-тармақпен толықтырылды - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.09.06 N 296 және ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.15 N 272-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      14. Газ құбырлары қосылыстарының пісірілген тораптарының үлгілерін механикалық сынау.

      Ескерту. Тізбе 14-тармақпен толықтырылды - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.09.06 N 296 және ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.15 N 272-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      15. Жерасты газ құбырларын оқшаулау сапасын бақылау.

      Ескерту. Тізбе 15-тармақпен толықтырылды - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.09.06 N 296 және ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.15 N 272-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      16. Жаңа газдану сигнализаторларын тексеру және тіркеу.

      Ескерту. Тізбе 16-тармақпен толықтырылды - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.09.06 N 296 және ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.15 N 272-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      17. Металл кірістірмелерді дайындау (есептеу аспаптарын жөндеуге және мемлекеттік тексеруге алу кезінде).

      Ескерту. Тізбе 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.09.06 N 296 және ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.15 N 272-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      18. Қолданылатын газ құбырына кесіп енгізуге арналған құрылғыларды жасау.

      Ескерту. Тізбе 18-тармақпен толықтырылды - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.09.06 N 296 және ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.15 N 272-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      19. Газды есептеу аспаптарын пломбалау.

      Ескерту. Тізбе 19-тармақпен толықтырылды - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.09.06 N 296 және ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.15 N 272-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      20. Газ саласының мамандарын даярлау және қайта даярлау.

      Ескерту. Тізбе 20-тармақпен толықтырылды - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.09.06 N 296 және ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.15 N 272-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      21. Есептеу аспаптарын және смарт-карталарды сату.

      Ескерту. Тізбе 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Мұнай және газ министрінің м.а. 2010.09.06 N 296 және ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.15 N 272-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      22. Топтық резевуарлық қондырғылар арқылы тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын сату.

      Ескерту. Тізбе 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2016 № 275 және ҚР Энергетика министрінің 05.08.2016 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      23. Тұтынушыларға баллондардағы сұйытылған мұнай газын сату.

      Ескерту. Тізбе 23-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2016 № 275 және ҚР Энергетика министрінің 05.08.2016 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      24. Тұтынушылардың газ пайдаланушы жүйелерін және газ құрылғысын пайдалану және техникалық қызмет көрсету.

      Ескерту. Тізбе 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2016 № 275 және ҚР Энергетика министрінің 05.08.2016 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады