"Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 10 мамырдағы N 148 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі N 112-НҚ бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 255-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 9 қарашадағы N 289 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 6 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4474 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 12 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 60 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 12 және ҚР Энергетика министрінің 25.02.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ :

      1. "Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4244 нөмірмен тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 16 маусымда N 109-110 нөмірлермен жарияланған) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 10 мамырдағы N 148 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі N 112-НҚ бірлескен бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:

      12-тармақта "Газ" деген сөз "Магистральдық және (немесе) газ" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат

      құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу

      агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының

      назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

      Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары

      Н.Ш.Алдабергеновке және Қазақстан Республикасы Энергетика және

      минералдық ресурстардың жетекшілік ететін вице-Министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап

      қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

      Табиғи монополияны реттеу

      агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика және минералдық

      ресурстар министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады