"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2020 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс орналастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 101 бұйрығына қосымша |
2020 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс
№ | Өнім берушінің атауы | Жатақханалардағы жаңа орындардың саны |
1 | "М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗМЗУ Университеті" акционерлік қоғамы | 370 |
2 | "Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | 260 |
3 | "Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 188 |
4 | "Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы" мекемесі | 100 |
5 | "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" акционерлік қоғамы | 250 |
6 | Жеке кәсіпкер "Кайпова Гульслу Сайдуллаевна" | 350 |
7 | Жеке кәсіпкер "Гусейнов Шамсадин Аллахверди оглы" | 180 |
8 | Жеке кәсіпкер "Г.А. Рыспаева" | 100 |
9 | Жеке кәсіпкер "Багирова" | 144 |
10 | "R`n R Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 178 |
11 | "Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 170 |
12 | "Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті" мекемесі | 500 |
13 | Жеке кәсіпкер "В.П. СЕМЕНОВ" | 340 |
14 | "Қазақстан-Американдық Еркін университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 106 |
15 | "ДиЛМАШ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 330 |
16 | Жеке кәсіпкер "СҮЙЕНІШ САҒИ ҚОМШАБАЙҰЛЫ" | 400 |
17 | "Virginia" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 |
18 | Қарағанды облысы Білім басқармасының "Қарағанды гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 100 |
19 | "Қайнар" жоғары колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 105 |
20 | Жеке кәсіпкер "К.Н.Бексултанова" | 300 |
21 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 352 |
22 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 100 |
23 | "Каспий қоғамдық университеті" білім мекемесі | 157 |
24 | Жеке кәсіпкер "Д.Б. Бекенов" | 241 |
25 | "Халықаралық бизнес университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 650 |
26 | "Еуразия технологиялық университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 360 |
27 | "Қызылорда "Болашақ" Университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 400 |
28 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 550 |
29 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 600 |
30 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 168 |
31 | "TECAS-KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 587 |
32 | Жеке кәсіпкер "Жунусбекова" | 100 |
33 | Жеке кәсіпкер "ХАЙРЕКЕШЕВА АНАР СЕРИКОВНА" | 144 |
34 | "ЖилСтройСервис-98" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 126 |
35 | Жеке кәсіпкер "Каримбаев Бериккали Саванбаевич" | 100 |
36 | "А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті" мекемесі | 590 |
37 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 500 |
38 | "Қазақ технология және бизнес университеті" акционерлік қоғамы | 680 |
Барлығы | 10 976 |