"Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20316 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15478 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қыркүйекте "Казахстанская правда" газетінің № 171 (28550) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялық және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 3 сәуірі
№ 182 бұйрығына
  қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 378 бұйрығымен
бекітілген

Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ИКАО) стандарттарына және ұсынатын практикасына сәйкес әзірленді және ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру және "Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы саласының тұрақты дамуын, ұшулар қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      2) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) азаматтық әуе кемелерін пайдаланатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      4. Процесс сипаттамасынан, көрсету нысаны, мазмұны және нәтижесінен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың ерекшеліктерін ескерумен өзге де мәліметтерден тұратын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты түрінде келтірілген.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызмет алушы осы қызметкерлер іс жүзінде жұмыс істейтін авиакомпания не оның филиалы (өкілдігі) тіркелген жер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына алдын ала келісуге мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде әліпбилік тәртіпте жасалған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу негізі мен қызметкерлер тізімін көрсете отырып, бірінші басшының не оның орнын басатын адамның қолы қойылған бланкіде өтінім-хат жібереді.

      6. Өтінім-хатты Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары келген күннен бастап 20 жұмыс күн ішінде қарайды және ілеспе хатпен авиакомпанияға қайтарылады, онда өтінім-хатта көрсетілген әрбір қызметкер бойынша атап-атап экипаж мүшесінің куәлігін (бұдан әрі – ЭМК) беруге кедергі келтіруі мүмкін мәліметтердің жоқтығы не барлығы туралы жазылады.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      7. ЭМК беруге кедергі болатын ақпарат жоқ болғанда көрсетілетін қызмет алушы келесі құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат-өтінімді қызмет берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолдайды:

      1) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;

      2) ЭМК алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), лауазымын көрсете отырып, жеке қолы үлгісінің, мөлшері 9x2 түрлі-түсті (күңгірт) фотоның (jpg графикалық форматта бас киімсіз және нысанды киімде) электрондық көшірмесі;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      4) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің электрондық көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);

      5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органының келісу хатының электрондық көшірмесі;

      6) Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Авиация персоналының шетелдік сертификаттарын ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның осы куәліктерді растаудың электрондық көшірмесін қоса беру қажет.

      Ұшуда әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін ИКАО оқу орталығында алынған авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы сертификаттың электрондық көшірмесі.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажет құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының порталында "жеке кабинетке" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін сұраудың қабылдануы туралы мәртебе жіберіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар мен ақпаратты олар алынған күні тіркейді, мәртебесі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинеті арқылы хабарланады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталған соң, демалыс және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      10. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды және ЭМК жасайды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз:

      1) авиакомпанияның ЭМК алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) ЭМК алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) Заңының 108-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органның ЭМК алу үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту болып табылады.

      12. Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жалпы мерзімі ЭМК алу үшін хат-өтінімі тіркелген сәттен бастап жеті жұмыс күн.

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – Азаматтарға арналған үкімет) жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама ЭМК дайындығы туралы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жіберіледі.

      14. ЭМК Қазақстан Республикасының резиденттеріне 3 жыл мерзімге беріледі және басқа адамға берілмеуі тиіс.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларына берген жағдайда ЭМК қолданыс мерзімі авиациялық персонал куәлігін тану мерзіміне сәйкес келеді.

      15. ЭМК жоғалтқанда немесе бүлдіргенде ЭМК-ні беру осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Экипаж мүшесін жұмыстан босату, оның басқа жұмысқа немесе басқа ұйымға ауысуы және ЭМК бүлдірілген жағдайда пайдаланушы берілген ЭМК-ті уәкілетті ұйымға қайтарады.

3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметкерлерінің шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым басшысының атына берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жолданған шағым шағым тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым Мемлекеттік корпорация басшысына немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Ұшу құрамының, кабина
экипажының адамдарына,
ұшуларға техникалық қолдауды
қамтамасыз етуші инженерлік-техникалық
құрамға және ұшу кезінде әуе
кемесінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін персоналға
экипаж мүшесі куәлігін
беру қағидаларына
1-қосымша

"Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті алушының атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтініштерді қабылдау www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күн

4.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны

Электронды/қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі

Экипаж мүшесінің куәлігі (бұдан әрі – ЭМК) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-бағанында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорация арқылы берілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – дүйсінбіден жұмаға дейін қоса алғанда, сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) күндері және мереке күндерінен басқа күндері.
2) мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден сенбіге дейін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-дан 20.00-ге дейін жұмыс кестесіне сәйкес;
3) портал – тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру электрондық (толық автоматтандырылған нысанда) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат-өтінімнің электрондық көшірмесі;
2) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;
3) ЭМК алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), лауазымын көрсете отырып, жеке қолы үлгісінің, мөлшері 9x2 түрлі-түсті (күңгірт) фотоның (jpg графикалық форматта бас киімсіз және нысанды киімде) электрондық көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
5) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің электрондық көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);
6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органының келісу хатының электрондық көшірмесі;
7) жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Авиация персоналының шетелдік сертификаттарын ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның осы куәліктерді растаудың электрондық көшірмесін қоса беру қажет.
Ұшуда әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін ИКАО оқу орталығында алынған авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы сертификаттың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) авиакомпанияның ЭМК алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) ЭМК алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Заңының 108-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органның ЭМК алу үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, соның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескерумен өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігіне ие.
Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың бірыңғай байланыс орталығы арқылы: 1414, 8 800 080 7777 алуға болады.

  Ұшу құрамының, кабина
экипажының адамдарына,
ұшуларға техникалық қолдауды
қамтамасыз етуші инженерлік-техникалық
құрамға және ұшу кезінде әуе
кемесінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін персоналға
экипаж мүшесі куәлігін
беру қағидаларына
2-қосымша

Экипаж мүшесінің куәлігін алуға арналған өтінім-хат

      1. ЭМК алуға негіздеме.

      2. Әліпбилік тәртіппен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған қызметкерлер тізімі.

      3. Мынадай талаптарды сақтау туралы міндеттеме:

      1) ЭМК көшірмелерін дайындауға және пайдалануға, әуежай аумағында өндірістік қызметке байланысты емес уақытта болуға жол берілмейді;

      2) өткізу және объектішілік режимнің, әуежайда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты шекаралық, кеден және өзге де мемлекеттік органдардың талаптарын сақтауы;

      3) ЭМК қолданылу мерзімінің өтуі бойынша, сондай-ақ авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі және авиакомпаниялардың кадр бөлімшелерінің басшылары (инспекторы) қол қойған актіні жасау арқылы жұмыс орнын ауыстыру немесе жұмыстан босатылу кезінде тапсыру.

      4. Авиакомпанияның бірінші басшысының не оның орнын басатын адамның қолы.

      5. Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты, қызметтік телефоны, электрондық мекенжайы.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін _______________________

      20 __ жылғы "___" _____________

  Ұшу құрамының, кабина
экипажының адамдарына,
ұшуларға техникалық қолдауды
қамтамасыз етуші инженерлік-техникалық
құрамға және ұшу кезінде
әуе кемесінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін персоналға
экипаж мүшесі куәлігін
беру қағидаларына
3-қосымша

Өтінім-хатқа қоса берілетін мәліметтер


Тегі, аты, әкесінің аты

ЭМК №

Жынысы

Туған күні, азаматтығы

Жеке куәліктің деректері

Атқарылатын лауазымы

Ұшу қызметтің басталуы

Авиаперсонал куәлігінің нөмірі

Тұрғылықты жері

Жеке қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қазақ тілі










Орыс тілі

Ағылшын тілі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады