Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 20360 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шаралар (бұдан әрі – ветеринариялық іс-шаралар) аурудың түріне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес жүргізіледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ветеринариялық-санитариялық саламатты аймақтарда жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ветеринариялық-санитариялық саламатты аймақтарда жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ветеринариялық-санитариялық саламатсыз аймақтарда және эпизоотиялық ошақтарда жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу тәртібі";

      2) "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жануарлардан алынатын өнімдер мен жемшөпті іріктеу кезінде олардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі көрсеткіштеріне ветеринариялық зертханалық зерттеулер жүргізуде сынама іріктеуді жүргізетін адам осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен жемшөптегі заттардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі көрсеткіштеріне зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған сынамалар өлшемінің қажетті массасында келтірілген нормаларды, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес партиядан мал шаруашылығы өнімдерінің сынамалары санын іріктеу нормасын басшылыққа алады.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Былғары және үлбір шикізатын зерттеу үшін көлемі 5х5 сантиметр, шеткі, шірімеген және көгермеген тері учаскелерінен сынамалар алады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің және биологиялық материалдың сынамаларын алу ерекшеліктерінде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сойылатын жануарлардың барлық түрлерінің етінен (сиыр еті, қой еті, шошқа еті және үй қоянын, құсты, балықты қоспағанда, ауыл шаруашылығы мен кәсіптік жануарлардың басқа да түрлерінің еті) сынамаларды іріктеу мынадай тәртіппен жүргізіледі.

      Ұшалар мен жартылай ұшалардан еттің (майсыз) нүктелік сынамаларын стерильді, кесу орнын алдын-ала күйдіргеннен кейін кемінде 200 грамм тұтас кесектермен мынадай орындардың біреуінен – кесілген жерінің жанынан, жауырын маңынан, сан маңайындағы жуан бұлшықеттерден алады.

      Еттің балғындығын анықтаудың органолептикалық әдістерін анықтау үшін массасы кемінде 200 грамм ортаңғы сынама бөлініп алатын біріктірілген сынама қалыптастырады.

      Сынамалардың жалпы радиациялық фонын анықтау үшін дозиметриялық бақылау сынама алмай, дозиметриялық аспаптар көмегімен жүргізіледі.

      Радиациялық бақылаудың спектрометриялық аспаптарымен уытты заттарға, антибиотиктердің қалдық мөлшеріне зерттеу жүргізу үшін біріктірілген сынамадан массасы кемінде 1 килограмм ортаңғы сынама алынады.

      Микробиологиялық көрсеткіштерге алдыңғы және артқы аяқтарының иілдіргіш және жазғыш бұлшық еттерінің 8х6х6 көлеміндегі бөлігін, лимфа түйіндерін тұтастай (мойын беткейіндегі және тізедегі оларды қоршаған ұлпаның қатпарынан), түтік тәрізді сүйекті (қажет болған кезде) алады, біріктірілген сынама құрастырады, зерттеу жүргізу үшін 250 грамм ортаңғы сынама бөлініп алынады.

      Трихинеллезге зерттеу үшін әр ұшаның диафрагма шетінен екі сынама үлгілерін, ал олар болмаған жағдайда, диафрагманың қабырға бұлшықеті бөлігінен, қабырға аралық бұлшықетінен және мойын бұлшықетінен кемінде 60 грамм алынады.

      Мұздатылған ет блоктарынан үлгілерді массасы кемінде 200 грамм тұтас кесектермен алады. Мұздатылған ет блоктарының сапасын, массасын және температурасын бақылау мақсатында тексеру үшін орама орындарының 10%-на, бірақ әр партиядан кемінде 10 орынға іріктеу жүргізеді, кеуде және сан бұлшық еттерінің қалыңынан температурасының шкаласы 0-ден 1000С-қа дейінгі сұйықтық термометрлермен (сынапты емес) температурасын өлшейді.

      Ет комбинаттарында, сою пункттерінде, тоңазытқыштарда және уақытша сақтау қоймаларында іріктеу ірі қара мал ұшаларының (жартылай ұшаларының) 10%-дан аспайтын бөлігін, қой, шошқа ұшаларының 5%-ын және мұздатылған және салқындатылған ет блоктары 2%-ын қамтиды. Мұздатылған және салқындатылған ет блоктарынан нүктелі сынамаларды да кемінде 200 грамм болатын бүтін кесектермен алады.

      Алынған нүктелі сынамалардан осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес партиядан мал шаруашылығы өнімдерінің сынамалары санын іріктеу нормасын басшылыққа ала отырып, партиядан ортаңғы сынама қалыптастырады.

      2. Жануарлардың ерітілген майлары партиясынан сынамалар алу үшін партияның 10%-ын, бірақ кемінде 5 орама бірліктерін құрайтын іріктеме жасалады. Тұтыну орамасына буып-түйілген май партиясының әр жүзінші бірлігінен бір-бір орама бірлігі алынады. Брикеттердегі, саптаяқтардағы, банкалардағы және басқа да тұтыну орамаларындағы бір орамадан 50 грамм мөлшерінде нүктелі сынамалар алады. Нүктелі сынамалардан осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес партиядан мал шаруашылығы өнімдерінің сынамалары санын іріктеу нормасын басшылыққа ала отырып, партиядан ортаңғы сынама қалыптастырады.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдердегі және жемшөптегі заттардың ветеринариялық-санитариялық талаптар мен қауіпсіздік талаптарының көрсеткіштеріне зертханалық зерттеулер жүргізу үшін алынатын сынамалар өлшемінің қажетті массасында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлардан алынатын өнімдер мен жемшөптегі заттардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі көрсеткіштеріне зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған сынамалар өлшемінің қажетті массасы";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес партиядан мал шаруашылығы өнімдерінің орташа сынамаларының санын іріктеу нормасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 6 сәуірі
№ 115 бұйрығына
қосымша
  Орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектілердің
және биологиялық
материалдың сынамаларын
алу қағидаларына
3-қосымша

Партиядан мал шаруашылығы өнімдерінің сынамалары санын іріктеу нормасы

Р/с №

Партияның массасы, тонна

Сынамалар саны, дана (біріккен сынама қалыптастыру үшін)

1

0,5-ке дейін

1

2

0,51-3,0

2

3

3,1-5,0

3

4

5,1-10,0

5

5

10,1-15,0

8

6

15,1-20,0

10

7

20,1-50,0

11

8

50,1-80,0

12

9

80,1-100,0

13

10

100,1-500,0

14

11

500,1-1000,0

15

12

1000,0-нан жоғары

Әрбір 1000,0-ға – 1 сынама


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады