Жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 сәуірде № 20373 болып тіркелді.

      "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 9 сәуірдегі
№ 118 бұйрығымен
бекітілген

Жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7-1)-тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге шығындарын өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарының құны бюджет қаражаты есебінен және шегінде өтелуге жатады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы комиссия – облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылатын, жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу туралы шешім қабылдайтын комиссия (бұдан әрі – арнайы комиссия);

      2) жеміс дақылдарының бактериялық күйігі – Erwinia amylovora (Burrill) Winslow et al бактериясы тудыратын раушангүлділер тұқымдасының жеміс және сәндік дақылдардың карантиндік ауруы;

      3) жұмыс органы – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;

      4) комиссия – құрамында аудан, облыстық маңызы бар қала, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан әкімдігінің, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі филиалдарының (бұдан әрі – Әдістемелік орталық) өкілдері бар, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жеміс-жидек дақылдарын жою туралы актіге қол қоятын комиссия;

      5) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өсiмдiктер карантинi саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу тәртібі

      4. Жойылған бір жеміс ағашы немесе жидек бұтасы үшін шығындарды өтеу нормасы (бұдан әрі – шығындарды өтеу нормасы) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттелген аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдармен келісім бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) айқындайтын вегетация ішінде жеміс-жидек дақылдарын отырғызуға және өсіруге жұмсалған шығындардың жартысын құрайды (бірақ жоюдың алдындағы жылғы вегетациядан 4 жылдан артық емес).

      Шығындарды өтеу нормасын есептеу үшін:

      1) көшеттің құны;

      2) бір жеміс ағашына немесе жидек бұтасына есептелген жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындары (отырғызуға қажетті шығыс материалдары (сым, қадалар, шегелер, бағандар), мамандандырылған техника, жабдықтарды пайдалануға, жанар-жағармайға арналған шығындарға байланысты жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындары) ескеріледі.

      5. Бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу құнын шығындарды өтеу нормасы негізінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің, Әдістемелік орталықтың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері тұратын арнайы комиссия айқындайды.

      Арнайы комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде бес адамды құрайды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері не олардың орынбасарлары арнайы комиссияның төрағасы болып табылады.

      6. Арнайы комиссия жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарының санын, өсу кезеңін, тізбесін және жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жеміс-жидек екпелері жойылған жеке және заңды тұлғаны көрсете отырып, шығындарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы шешім шығарады.

      Арнайы комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған арнайы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда арнайы комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Дауыс беру қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарының санын, өсу кезеңін, тізбесін және шығындарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы акт жасалады.

3-тарау. Шығындарды өтеуді есептеу тәртібі

      7. Жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызуға және өсіруге жұмсалған шығындарды өтеу мынадай формула бойынша есептеледі:

      S = V*N * Nв;

      мұнда:

      S – шығындарды өтеу мөлшері, теңге;

      V – жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарының саны, дана;

      N – 1 ағашқа немесе жидек бұтасына арналған шығындарды өтеу нормасы, теңге/дана;

      Nв – жойылу жылының алдындағы жеміс-жидек дақылдарының өсу кезеңі (жылдар саны) (бірақ жойылу жылының алдындағы өсу кезеңі 4 жылдан артық емес).

4-тарау. Шығындарды өтеуді алушылар

      8. Жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеуді алушылар жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жеміс-жидек екпелері жойылған жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

5-тарау. Шығындарды өтеуді төлеу шарттары

      9. Жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызуға және өсіру шығындарын өтеу мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) жеміс-жидек дақылдарының екпелері бар жер пайдалану құқығындағы немесе жеке меншік құқығындағы жер учаскесінің болуы;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарының құнын өтеуге өтінім беру.

6-тарау. Шығындарды өтеу сомасын төлеу тәртібі

      10. Жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу үшін мынадай құжаттар негіз болып табылады:

      1) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің ұсынуы бойынша карантиндік аймақты белгілеу туралы ЖАО шешімі;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жеміс-жидек дақылдарын жою туралы акт;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарының санын, өсу кезеңін, тізбесін және шығындарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы акт;

      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдік ауруларының қоздырғыштарын және арамшөптердің, оның ішінде карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайтын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық өсімдіктер карантині орталығы" мемлекеттік мекемесі беретін жеміс-жидек дақылдарының бактериялық күйігін жұқтыруын растайтын зертханалық сараптаманың қорытындысы.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды жұмыс органына уәкілетті орган ведомствосының тиісті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшесі береді.

      12. Шығындарды өтеуге өтінім алғаннан кейін жұмыс органы:

      1) шығындарды өтеуге арналған өтінімді жұмыс органының кеңсесінде тіркеуді жүзеге асырады;

      2) жеке және заңды тұлғалардың банктік шотына өтемді аудару үшін "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін өтемді төлеуге берілетін шотты қалыптастырады және жібереді.

      13. Жұмыс органы тиісті жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеуге бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей нәтижелер туралы есепті уәкілетті органға ұсынады.

  Жеке және заңды тұлғаларға
жеміс дақылдарының
бактериялық күйігін жұқтырған
жойылған жеміс-жидек
дақылдарын отырғызу мен өсіру
шығындарын өтеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жеміс-жидек дақылдарын жою туралы акт

      Жасалған орны ___________________ жасау күні ________________________

      Комиссия құрамы __________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)

      жою жүргізілді:


р/с

Жеміс-жидек дақылдарының атауы

Жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған ағаштардың (бұталардың) саны, дана

Жойылу жылының алдындағы жеміс-жидек дақылдарының өсу кезеңі (жыл саны), жыл

Жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

актінің нөмірі

кадастрлық нөмірі

барлық алаңы, гектар

нысаналы мақсаты

сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді

жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
































Жиыны









      __________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері:

      _____________________________________________________ ____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)                   (қолы)

      _____________________________________________________ ____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)                   (қолы)

      _____________________________________________________ ____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)                   (қолы)

      20 жылғы "___" _______________

      Жеке және заңды тұлғаның қолы

      _____________________________________________________ ____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)                   (қолы)

      20 жылғы "___" _______________

  Жеке және заңды тұлғаларға
жеміс дақылдарының
бактериялық күйігін жұқтырған
жойылған жеміс-жидек
дақылдарын отырғызу мен өсіру
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарының санын, өсу кезеңін, тізбесін және шығындарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы акт


р/с

Жеке және заңды тұлғаның атауы

Жеміс-жидек дақылдары

Жеміс дақылдарынң бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарының саны, дана

1 ағашқа жұмсалған шығындарды өтеу нормасы, теңге

Жойылу жылының алдындағы жеміс-жидек дақылдарының өсу кезеңі (жыл саны) (бірақ жойылу жылының алдындағы 4 жылдан артық емес), жыл

Шығындарды өтеу мөлшері, теңге

1

2

3

4

5

6

7








      Арнайы комиссияның мүшелері:

      _____________________________________________________ ____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)                   (қолы)

      _____________________________________________________ ____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)                   (қолы)

      _____________________________________________________ ____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)                   (қолы)

      Арнайы комиссия төрағасы:

      _____________________________________________________ ____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)                  (қолы)

      20 жылғы "___" _______________

  Жеке және заңды тұлғаларға
жеміс дақылдарының
бактериялық күйігін жұқтырған
жойылған жеміс-жидек
дақылдарын отырғызу мен өсіру
шығындарын өтеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарының құнын өтеуге өтінім

      1. ________________________________________________________________,

      (облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

      жергілікті атқарушы органының толық атауы)

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарының құнын өтеуді сұраймын

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (Жеміс-жидек дақылы)

      ____________гектар алаңда, ______ дана.

      2. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы ____________________________________________________________

      БСН* ____________________________________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________

      __________________________________________________________________

      мекенжайы: _______________________________________________________

      телефон нөмірі (факс): ______________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________

      ЖСН* ____________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ___________________________________________________________

      кім берді _________________________________________________________

      берілген күні ______________________________________________________

      мекенжайы:_______________________________________________________

      телефон нөмірі (факс): ______________________________________________

      Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ___________________________________________________

      хабарлама күні ____________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәліметтер:

№ р/с

Өтеу тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Өтеу тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН*/ЖСН*

1

2

3







      4. Жер учаскесі туралы мәліметтер:

№ р/с

кадастрлық нөмірі

барлық ауданы, гектар

оның ішінде егістік жерлер

нысаналы мақсаты

жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6













      5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы туралы мәліметтер:

      ЖСН*/БСН* ______________________________________________________

      Банк деректемелері: ________________________________________________

      Банктің атауы: _____________________________________________________

      БСК* _____________________________________________________________

      ЖСК* ____________________________________________________________

      БСН* _____________________________________________________________

      Кбе* _____________________________________________________________

      Ескертпе:* аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      Кбе – бенефициардың коды.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________________       ____________      ____________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)             (қолы)             (күні)

  Жеке және заңды тұлғаларға
жеміс дақылдарының
бактериялық күйігін жұқтырған
жойылған жеміс-жидек
дақылдарын отырғызу мен өсіру
шығындарын өтеу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан



 


 

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛIГI
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің
"РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ ОРТАЛЫҒЫ"
МЕМЛЕКЕТТIК МЕКЕМЕСІ


РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
МИНИСТЕРСТВО СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА
Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ЦЕНТР КАРАНТИНА РАСТЕНИЙ"

№ ___ зертханалық сараптама қорытындысы Заключение лабораторной экспертизы № _______

20__ жылғы "___"____________

"___"____________ 20 __ год

      Берілді _____________________________________________________________

      Выдано (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі/ наименование юридического или фамилия, имя отчество

      (при его наличии) физического лица)

      Жолдама құжатына ___________________________________________________

      На сопроводительный документ             (заттаңба, құжат атауы/этикетка,

                                                наименование документа)

      Үлгінің нөмірі ________________________________________________________

      Номер образца

      Өнімнің атауы және үлгілер саны _______________________________________

      Наименование продукции и количество образцов

      ____________________________________________________________________

      (тұқымдық,өткізуге және тағы сол сияқты/ семенной, для реализации и так далее)

      Өнімнің шыққан жері _________________________________________________

      Происхождение продукции

      ____________________________________________________________________

      Өнім кімнен (қайдан) түсті _____________________________________________

      От кого (откуда) поступила продукция

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қызметі, мекемесі/фамилия, имя отчество

      (при его наличии), должность, организация)

      Өнімнің межелі орны _________________________________________________

      Пункт назначения продукции

      ____________________________________________________________________

Сараптама нәтижесі: Результаты экспертизы:

      Анықталған карантиндік нысандар: ______________________________________

      Выявленные карантинные объекты:

      _____________________________________________________________________

      Куәліктің берілген күні: 20__ жылғы " " _________

      Дата выдачи заключения "__" __________ 20__ год

      Мөр орны/Место печати: Зертхана өкілі ________ _______________________________

      Представитель лаборатории             (колы/ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі /

                                          подпись) фамилия, имя, отчество (при его наличии))

  Жеке және заңды тұлғаларға
жеміс дақылдарының
бактериялық күйігін жұқтырған
жойылған жеміс-жидек
дақылдарын отырғызу мен өсіру
шығындарын өтеу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеуге бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей нәтижелер туралы есеп


р/с

Жеке және заңды тұлғаның атауы

Тікелей нәтиже көрсеткіші, гектар

Бизнес- сәйкестендіру нөмірі /жеке сәйкестендіру нөмірі

Жеміс-жидек дақылының атауы

Жеміс
дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдары ағаштарының/бұталарының саны, дана

1 ағашқа жұмсалған шығындарды өтеу нормасы, теңге

Жойылу жылының алдындағы жеміс-жидек дақылдарының өсу кезеңі (жыл саны) (бірақ жойылу жылының алдындағы 4 жылдан артық емес), жыл

Шығындарды өтеу мөлшері, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Жиыны








      Жұмыс органының басшысы

      ________________________________________ ___________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)                   (қолы )

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады