"Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 сәуірде № 20385 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16902 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 29 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 146-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 146-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.";

      2-тарауда:

      3-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-Параграф. Уәкілетті органның шикі газды факелде жағуға рұқсаттар беруге өтініштерін қарауы

      13. Рұқсатты беруді (беруден бас тартуды) уәкілетті орган осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көзделген құжаттарды алған күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      14. Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көзделген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Уәкілетті орган жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      15. Өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алты жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған мәліметтер дұрыс болған және олар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде рұқсатты дайындайды не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес мынадай негіздер бойынша рұқсат беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді:

      1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;

      2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатыны туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.

      16. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      17. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті орган басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Уәкілетті орган шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.";

      Қағидаларға 2-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін өтініш";

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 10 сәуірдегі
№ 138 бұйрығына
1-қосымша
  Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша

"Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

8 жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасынының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Порталға:
1) Шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш беруші бекіткен ұңғыманың объектілерін сынау жоспарының электрондық көшірмесі;
3) осыған дейін алынған рұқсат аясында ұңғыма объектілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілмеген жағдайда, өтініш беруші олардың жүргізілмеген себептерін түсіндіретін растау құжаттың электрондық көшірмесін қоса тіркейді.
Кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде өтініш ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
2) шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларында белгіленген рұқсат беру үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушы қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары www.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде порталда орналастырылған;
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурста көрсетілген www.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 10 сәуірдегі
№ 138 бұйрығына
2-қосымша
  Шикі газды факелде
жағуға рұқсат
беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

[УО атауы (мемлекеттік тілде)]
[УО реквизиттері мемлекеттік тілде]



 

[УО атауы (орыс тілінде)]
[УО реквизиттері орыс тілінде]

Өтінішті одан әрі қараудан/ рұқсат беруден дәлелді бас тарту

Нөмірі: [нөмірі]
Берілген күні: [берілген күні]

Жер қойнауын пайдаланушының атауы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператордың, сенімгерлік басқарушының атауы)

[УО атауы], Сіздің [өтініш берген күн] № [өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарап, хабарлайды____________________________________.
[Бас тарту себебі].


 

Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы

[тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)]

 


 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады