БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16750 болып тіркелген, 2018 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарында (бұдан әрі – Қағидалар):
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1-1) Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – мемлекеттік органдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық қауымдастықтардың, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтының, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық өнеркәсіп саласындағы ұйымдар мен сарапшылардың өкілдерін тарта отырып, бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу жөніндегі өлшемшарттар және осы Қағидалардың талаптары негізінде электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы өтінімдерді қарау үшін уәкілетті орган құратын алқалы орган;";
3) тармақша мындай редакцияда жазылсын:
"3) өтініш беруші – электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) немесе тізілімде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтінім берген электрондық өнеркәсіп немесе бағдарламалық қамтылым өнімін өндіретін жеке және/немесе заңды тұлға;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға.";
11-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
"11. Бағдарламалық қамтылымды тізілімге енгізу туралы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген бағдарламалық қамтылымның өніміне айрықша құқықты растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) индустриялық сертификаттың көшермесі;
3) ақпарат қауіпсіздік талаптары бойынша ақпараттық жүйелерді сертификаттау жүйесінің сенім білдірудің 4-деңгейінен төмен емес ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 "Ақпараттық технология. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. АТ қауіпсіздігін бағалау критерийлері. 3 Бөлім. Қорғауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар" (бұдан әрі - ҚР СТ ISO/IEC 15408-3) (сертификация өткізу кезіндегі өзекті нұсқада) сәйкес сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 7 маусымда жарияланған) "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган берген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау нәтижелері бойынша актінің (бұдан әрі – сынау актісі) болуы;
4) мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі бағдарламалық қамтылымның сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары.";
мындай мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу туралы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты растайтын құжаттың немесе Қазақстан Республикасының аумағында электрондық өнеркәсіп өнімін өндіру құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылым үшін 4 сенім деңгейінен төмен емес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификаттың (СТ РК ISO/IEC 15408-3 сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін еместігі туралы қорытынды алу үшін кемінде екі сәйкестікті растау органына жүгінеді) немесе сынау актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) "СТ-KZ" нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі электрондық өнеркәсіп өнімінің сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану сипаттамалары.";
12-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
"12. Құжаттар тізімдемесі қоса берілген қағаз тасығыштағы ұсынылған құжаттармен бірге өтінімдерді Комиссия келіп түсуіне қарай, бірақ айына бір реттен артық емес ретпен қарайды.
Тәуелсіз сараптамалық бағалау алу мақсатында уәкілетті орган Комиссия отырысына қатысу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартады.
Осы Қағидалардың 10, 11 және 11-1-тармақтарына сәйкес келмейтін өтінімдерді уәкілетті орган қабылдамайды, бұл ретте өтініш берушіге өтінім түскен күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.";
13-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
"13. Бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін тізілімге (тізілімнен) енгізу (шығару) Комиссияның хаттамалық шешімі негізінде уәкілетті орган басышысының бұйрығымен ресімделеді.";
15-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
"15 Тізілімде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу уәкілетті орган басышысының бұйрығымен ресімделеді.";
17-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
17. Өтініш беруші осы Қағидалардың 11-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 11-1 тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттардың қолданылу мерзімі өткен күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органға құжаттардың өзектендірілген нұсқаларын ұсына отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге өзгерістер (толықтырулар), енгізу туралы өтінім береді.";
20-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
"20. Бағдарламалық қамтылымның тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) айрықша құқықты қолданудың барлық мерзімдерінде бағдарламалық қамтылымның өніміне айрықша құқығын растайтын құжат бүкіл қолдану мерзіміне мынадай тұлғалардың (құқық иеленушілердің) біреуіне немесе бірнешеуіне: Қазақстан Республикасының жеке тұлғасына/ларына немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына;
2) бағдарламалық қамтылымның ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 стандартына сәйкес 4 қауіпсіздік деңгейінен төмен емес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келуі немесе немесе сынау актісінің болуы;
3) бағдарламалық қамтылымның жергілікті қамту үлесі кемінде 70%.";
21-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
"21. Электрондық өнеркәсіптің тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) электрондық өнеркәсіп өніміне айрықша құқық немесе Қазақстан Республикасының аумағында электрондық өнеркәсіп өнімін өндіру құқығын растайтын құжаттың бүкіл қолдану мерзіміне мынадай тұлғалардың (құқық иеленушілердің) біреуіне немесе бірнешеуіне: Қазақстан Республикасының жеке тұлғасына/ларына немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына;
2) электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымның ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 стандартына сәйкес 4 қауіпсіздік деңгейінен төмен емес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келуі (ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін еместігі туралы қорытынды алу үшін кемінде екі сәйкестікті растау органына жүгінеді) немесе сынау актісінің болуы;
3) электрондық өнеркәсіп өнімдеріндегі жергілікті қамту үлесі кемінде 20%-ды құрайды.";
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациядар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
А. Жумагалиев |
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі
тізілімдік жазбаның реттік нөмірі | тізілімдік жазбаны қалыптастыру күні | бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің атауы | Өтініш беруші туралы ақпарат | сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды (кодтары) (СЭҚ ТН) | экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды (кодтары) (ЭҚ ТӨЖ) (КП ВЭД) | тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды (ТЖҚ БНА) | основные технические и функциональные характеристики для программного обеспечения и продукции электронной промышленности | алдыңғы және (немесе) балама атаулар, бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің нұсқасы (бар болса) | ||
өтініш берушінің ЖСН/БСН | Аты-жөні /Заңды тұлғаның атауы | өтініш берушінің байланыс деректері | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |