Уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және оларды орман иеленушіге беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 20512 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-52) тармақшасына және 54-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және оларды орман иеленушіге беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 28 сәуірдегі
№ 99 бұйрығымен
бекітілген

Уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және оларды орман иеленушіге беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және оларды орман иеленушіге беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрі - Орман кодексі) 13-бабы 1-тармағының 18-52) тармақшасына, 54-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және Уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және оларды орман иеленушіге беру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік орман қоры жерінде уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру оны басқа санаттардағы жерге ауыстырмай, осы қағидаларымен айқындаған тәртіппен, бүлінген жер учаскелерін кейіннен рекультивациялай отырып және оларды орман иеленушіге бере отырып жүзеге асырылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бүлінген жер учаскелері - адамның өндірістік қызметі нәтижесінде бастапқы ландшафтын және өзге де құндылығын жоғалтқан немесе топырақ жамылғысының, гидрологиялық режимінің және жер рельефінің бүлінуіне байланысты қоршаған ортаға теріс әсер ету көзі болып табылатын жер;

      2) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы - сызбаларды, есептерді және сипаттауды, географиялық бейнелер мен негіздемелерді қамтитын техникалық, экономикалық, жоспарлы құжаттардың жиынтығы;

      3) бүлінген жер учаскелерін қалпына келтіру - белгілі бір мақсатта пайдалану үшін бүлінген жерді, оның ішінде бүлінген жердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан іргелес жатқан жер учаскелерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені;

      4) мемлекеттік орман қорының жерлерi - табиғи түрде ағаш өскен, бюджет қаражаты есебінен қолдан ағаш өсiрiлген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген жерлер;

      5) орман иеленушiлер - мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк ұйымдар, сондай-ақ Орман кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскесi меншiгiнде болатын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар.

2-тарау. Уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және оларды орман иеленушіге беру тәртібі

      4. Уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 346 бұйрығымен бекітілген Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу бойынша нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11256 болып тіркелген) сәйкес әзірленетін бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобалар негізінде жер қойнауын пайдаланушылармен жүзеге асырылады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттік орман қоры учаскелерін уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру үшін пайдаланған кезде жер қойнауын игерудің алғашқы үш жылы бойы пайдаланылатын учаскенің екі есе мөлшерінде орман екпелерін өтемдік отырғызуды және орман айналған алаңға ауыстырылғанға дейін оларды күтіп-ұстауды жүргізеді.

      6. Орман екпелерін отырғызу үшін орман екпелерінің сенімділігін қамтамасыз етуге, оларды агротехникалық күтіп-баптау қажеттілігін азайтуға және орман екпелерін орман көмкерген жерлерге ауыстыруды тездетуге мүмкіндік беретін стандартты сеппелер мен көшеттер пайдаланылады.

      7. Бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау кезінде орман ағаштарын құру және орман екпелерін өтемдік отырғызу мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман иеленуші әзірлеп, оның бірінші басшысы бекіткен жұмыс жобалар және осы салада маманданған жобалау-іздестіру ұйымдары әзірлеген жұмыс жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығымен бекітілген Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10119 болып тіркелген) сәйкес жер қойнауын пайдаланушылармен жүзеге асырылады.

      8. Уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және оларды орман иеленушіге беру учаскелерді қарап-тексерген соң және бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасында көзделген жұмыстарды орындаудың толықтығы мен сапасын бағалағаннан кейін және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығымен бекітілген Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17094 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісіне қол қойғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады