Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 20527 болып тіркелді.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2021 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 371 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12497 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 371 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 390 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18151 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күн ішінде оның Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103
Бұйрықпен бекітілген

Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 10-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және монументтік өнер құрылыстарын орнату тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2021 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Монументтік өнер құрылыстары аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументтік өнер туындылары (ескерткіштер, стелалар, бюсттер) болып табылады.

2-тарау. Монументтік өнер құрылыстарын орнату тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес монументтік өнер құрылыстарын орнату жөнфіндегі жұмысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) жүргізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2021 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Монументтік өнер құрылыстарын (бұдан әрі - құрылыс) орнату үшін жергілікті атқарушы органдар монументті өнердің құрылыстарын (бұдан әрі - құрылыс) орнату жөніндегі ұсыныстарын аса көрнекті тұлғаның үлесін және (немесе) тарихи оқиғаның маңыздылығын растайтын құжаттармен қоса тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолдайды.

      Аса көрнекті тұлғаның үлесі және (немесе) тарихи оқиғаның маңыздылы архивтік құжаттардың көшірмелерімен, деректік, тарихи, анықтамалық энциклопедиялардан, кітаптардан үзінділермен, ғылыми мақалалармен және өзге құжаттармен расталады.

      Құрылыстар орнату туралы ұсыныстар мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға қосқан, қаһармандық пен ерлік көрсеткен ерекше жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) тарихи оқиғалар болған күннен бастап бес жылдан ерте қаралмайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2021 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын қарау үшін уәкілетті орган Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды. Төраға болмаған кезеңде оның функцияларын орынбасар атқарады.

      6. Комиссия отырыстары үш айда кем дегенде бір рет өткізіледі. Комиссия шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер, Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      7. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға жолданады.

      8. Комиссиямен құрылысты орнату жөніндегі ұсыныстар мақұлданған жағдайда жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) құрылысты орнатуды қаржыландыру туралы ақпарат қамтылған ілеспе хат;

      2) құрылысты орнату үшін жер учаскесін бөлу туралы жергілікті атқарушы органның шешімінің немесе қаулысының көшірмесі;

      3) құрылыстың 1:10 масштабтан кем емес кемінде екі жұмыс жобасы;

      4) жарықтың төрт бағыты көрсетілген құрылысты орнатудың ситуациялық сызбасы;

      5) құрылыстың 1:500 масштабтағы бас жоспарының макеті;

      6) құрылыстың сәулеттік-көркемдік, композициялық шешімдерін қысқа сипаттауды қамтитын түсіндірме жазба.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2021 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Құрылыстың жұмыс жобасы сапалы шығармашылық орындау, портреттік ұқсастықты ашу және тарихи оқиғаны бейнелеу тұрғысынан қаралады.

      Ұсынылған ситуациялық сызба және бас жоспардың макеті негізінде құрылыстың дұрыс орнатылуы айқындалады.

      10. Отырыстың нәтижесінде Комиссия келесі шешімдердің бірін шығарады:

      1) құрылыстың жұмыс жобасын мақұлдау;

      2) құрылыстың жұмыс жобасын пысықтау.

      11. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құрылыс орнату туралы ұсыныс жіберген жергілікті атқарушы органдарға жолданады.

      12. Комиссиямен мақұлданған құрылыстардың жұмыс жобалары орнатылатын шынайы көлемде орындалады және жергілікті атқарушы органдармен орнатылады.

      Құрылыстардың пысықталған жұмыс жобалары жергілікті атқарушы органдармен Комиссияның қарауына ілеспе құжаттарынсыз қайта қарауға ұсынылады.

Об утверждении Правил установления сооружений монументального искусства

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 апреля 2020 года № 103. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2020 года № 20527.

      В соответствии с подпунктом 20) статьи 10 Закона Республики Казахстан "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 29.12.2021 № 406 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления сооружений монументального искусства.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 371 "Об утверждении Правил установления новых сооружений монументального искусства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12497, опубликован 30 декабря 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 декабря 2018 года № 390 "О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 371 "Об утверждении Правил установления новых сооружений монументального искусства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18151, опубликован 14 января 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Департаменту по делам культуры и искусства Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение двух рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение двух рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Раимкулова

  Утверждены приказом
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
от 28 апреля 2020 года № 103

Правила установления сооружений монументального искусства

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления сооружений монументального искусства (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 20) статьи 10 Закона Республики Казахстан "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия" и определяют порядок установления сооружений монументального искусства.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 29.12.2021 № 406 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Сооружениями монументального искусства являются произведения монументального искусства (памятники, стелы, бюсты), устанавливаемые для увековечения памяти о выдающихся личностях, значимых исторических событий.

Глава 2. Порядок установления сооружений монументального искусства

      3. В соответствии с подпунктом 9) статьи 11 Закона Республики Казахстан "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия" работу по установлению сооружений монументального искусства ведут местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы (далее – местные исполнительные органы).

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 29.12.2021 № 406 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Для установления сооружений монументального искусства (далее – сооружение) местные исполнительные органы направляют предложения об установлении сооружения в уполномоченный орган по охране и использованию объектов историко-культурного наследия (далее – уполномоченный орган) с приложением документов, подтверждающих заслугу выдающейся личности и (или) значимость исторического события.

      Заслуга выдающейся личности и (или) значимость исторического события подтверждаются копиями архивных документов, выписками из документальных, исторических, справочных энциклопедий, книг, научными статьями и иными документами.

      Предложения по установке сооружений рассматриваются не ранее пяти лет со дня смерти выдающийся личности, за исключением случаев проявления героизма и отваги, внесения особого значимого вклада в укрепление независимости государства и (или) совершения значимого исторического события.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 29.12.2021 № 406 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Для рассмотрения предложений местных исполнительных органов, уполномоченный орган создает Комиссию по установлению сооружений монументального искусства (далее – Комиссия). Комиссия состоит из председателя, заместителя председателя, членов Комиссии и секретаря. Секретарь не является членом Комиссии. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.

      6. Заседания Комиссии проводятся не менее одного раза в три месяца. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если проголосовало большинство от общего количества членов Комиссии. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.

      7. Решение Комиссии оформляется протоколом и направляется в местные исполнительные органы в течение пяти рабочих дней со дня его подписания.

      8. В случае одобрения Комиссией предложений об установлении сооружения местные исполнительные органы направляют в уполномоченный орган следующие документы:

      1) сопроводительное письмо, содержащее информацию о финансировании установления сооружения;

      2) копия решения либо постановления местных исполнительных органов об отводе земельного участка для установления сооружения;

      3) не менее двух рабочих проектов сооружения в масштабе не менее 1:10;

      4) ситуационная схема расположения сооружения с указанием четырех направлений света;

      5) макет генерального плана сооружения в масштабе 1:500;

      6) пояснительная записка, содержащая краткое описание архитектурно-художественного, композиционного решения сооружения.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 29.12.2021 № 406 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Рабочий проект сооружения рассматривается на качественное творческое исполнение, раскрытие портретного сходства и отражения исторического события.

      С учетом представленных ситуационной схемы и макета генерального плана сооружения определяется правильное расположение сооружения.

      10. По результатам заседания Комиссия выносит одно из следующих решений:

      1) одобрить рабочий проект сооружения;

      2) доработать рабочий проект сооружения.

      11. Решение Комиссии оформляется протоколом и направляется в местные исполнительные органы, направившим предложение об установлении сооружения в течение пяти рабочих дней со дня его подписания.

      12. Одобренные Комиссией рабочие проекты сооружений выполняются в размере натуральной величины установления и устанавливаются местными исполнительными органами.

      Доработанные рабочие проекты сооружений местными исполнительными органами вносятся на повторное рассмотрение Комиссии без сопроводительных документов.