"Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20528 болып тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 48) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9947 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қаңтарда Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2020 жылғы 28 сәуірдегі
№ 102 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2014 жылғы 3 қарашадағы
№ 69 бұйрығымен бекітілген

Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағида) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері (бұдан әрі - ОРММИК) және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары (бұдан әрі - СДБМИ) қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ауыспалы құрам - ОРММИК және СДБМИ-ге түсушілерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету үшін оқу-жаттығу жиыны және жарыстар кезінде шақырылатын және ОРММИК мен СДБМИ штаттарында жұмыс істемейтін жаттықтырушылардың және жаттықтырушы-оқытушылардың басшылығымен тұрақты шұғылданатын спортшылар;

      2) негізгі құрам - негізгі контингентке ОРММИК және СДБМИ директорының бұйрығымен қабылданған спортшылар;

      3) оқушы - ОРММИК және СДБМИ-де білім алатын тұлға;

      4) топтар (оқу кезеңдері бойынша) - оқу-жаттығу топтары, спорттық жетілдіру топтары және жоғары спорт шеберлігі топтары.

      3. Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген, "Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес әзірленген, ОРММИК және СДБМИ білім беру мазмұны оқу жұмыс жоспарымен және бағдарламаларымен айқындалады.

2-тарау. Оқушылар контингентін жинақтау тәртібі

      4. Спорт түрлерінің тізбесі мен республикалық ОРММИК оқушылар контингентін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуі бойынша республикалық ОРММИК басшылары бекітеді.

      Спорт түрлерінің тізбесін және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ОРММИК және СДБМИ басшылары дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) келісім бойынша бекітеді.

      5. ОРММИК және СДБМИ контингенті басқа ОРММИК және СДБМИ-де, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт түрлері бойынша федерацияларда, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы спорт секцияларында, дене дайындығы балалар-жасөспірімдер клубтарында, спорт түрлері бойынша спорт клубтарында алдын ала дайындықтан өткен және таңдап алынған спорт түрі бойынша жалпы дене және арнайы дене дайындығынан емтихан тапсырған оқушылардан жинақталады.

      6. Негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде ОРММИК және СДБМИ тиісінше уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша спортшылардың ауыспалы құрамымен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырады.

      7. ОРММИК және СДБМИ-дің 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-сыныптарына қабылдау тәртібі Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 15-тармағына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      ОРММИК-ке техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша оқушыларды қабылдау тәртібі Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17705 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      Ескерту: Олимпиада және Азия ойындарының, әлем, Азия, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері ОРММИК және СДБМИ-қа әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.

      8. ОРММИК-ге және СДБМИ-ға оқуға қабылдау тәртібі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан кешіктірмей өздерінің интернет-ресурстарында жарияланады.

      9. ОРММИК-ке және СДБМИ-ге құжаттарды қабылдау: 5, 6, 7, 8 және 9-сыныптарға түсу кезінде жыл сайын 1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін қоса алғанда; 10 және 11-сыныптарға түсу кезінде жыл сайын 15 маусымнан бастап 20 тамызға дейін қоса алғанда; колледжге түскен кезінде жыл сайын 20 маусымнан 20 тамызға дейін қоса алғанда.

      10. "Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарға құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағиданың 1-қосымшасында баяндалған.

      11. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын олардың толықтығы мен шынайылығын, ОРММИК пен СБДМИ-ге түсушінің осы Қағиданың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту береді.

      13. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) келіп түскен және (немесе) ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағиданың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, уәкілетті органға (егер мемлекеттік қызметті республикалық ОРММИК көрсеткен жағдайда) немесе жергілікті атқарушы органға (егер мемлекеттік қызметті облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ОРММИК немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың СДБМИ көрсететін жағдайда) беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның кеңсесі арқылы немесе бейнеүнде, сондай-ақ портал арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау оны көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні) болып табылады. Жеке өзі келгенде немесе бейнеүндеу арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға қабылдау күні мен уақыты және кіріс құжатының нөмірі көрсетілген талон беріледі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      Шағымда жеке тұлға тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін, пошталық мекенжайын және қолын көрсетеді.

      Қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. шағымға).

      Көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

      17. Оқу-жаттығу жұмысының режимі мен топтардың толымдылығы (оқыту кезеңдері бойынша) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      18. ОРММИК және СДБМИ оқушылары келесі негіздемелер бойынша оқудан шығарылады:

      1) ата-анасының немесе заңды өкілдердің келіскен жағдайда өз еркімен;

      2) денсаулық жағдайына байланысты (медициналық қорытынды негізінде);

      3) басқа оқу орнына ауысуына байланысты;

      4) академиялық үлгермеушілігі үшін;

      5) оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, спорттық дайындық режимін бұзғаны үшін;

      6) спорттық нәтижелердің төмендеуі себебінен;

      7) спорттағы тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) әдістерді (допинг) қолданғаны үшін.

3-тарау. Оқу тәрбие және оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру тәртібі

      19. ОРММИК және СДБМИ-де негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламасына, спорт түрі бойынша жаттығу және жарыс дағдыларына сәйкес қажетті білім көлемін алуға бағытталған оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестері іске асырылады.

      20. ОРММИК және СДБМИ-дегі оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестерін жоспарлау ОРММИК және СДБМИ басшысының оқу жылына оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестері кестесін және теориялық және тәжірибелік сабақтар кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.

      21. Оқу-жаттығу процесінің негізгі нысандары топтық оқу-жаттығу және теориялық сабақтар, жеке жоспар бойынша жұмыс, медициналық-қалпына келтіру іс-шаралары, облыстық, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларға, спорттық жарыстарға, матчтық кездесулерге, оқу-жаттығу жиындарына қатысу, спорттық сауықтыру лагерлерінде болу, нұсқаушылық және төрешілік тәжірибе болып табылады.

      ОРММИК және СДБМИ-дегі спорт түрлері бойынша бөлімшелерде оқу-жаттығу сабақтары 52 оқу аптасына есептелген оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.

      22. ОРММИК және СДБМИ оқушыларды:

      тұрғын орынмен;

      тамақтанумен;

      спорт формасымен және арнайы спорт киім-кешектерімен;

      спорттық мүкәммал және құрал-жабдықтармен;

      оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу-әдістемелік кешенімен;

      оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларға қатысу кезеңдегі іссапар шығындарымен;

      фармакологиялық қамтамасыз етумен;

      жаттығу сабақтарына тасымалдау үшін көлік қызметімен қамтамасыз етеді.

4-тарау. Кадрлық қамтамасыз ету тәртібі

      23. ОРММИК және СДБМИ-де қызметкерлерді жинақтау тәртібі "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарымен белгіленеді.

      24. Арнайы педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тұлғаларға педагогикалық қызметпен айналысуға рұқсат етіледі.

      25. ОРММИК және СДБМИ директоры, директордың орынбасарлары және әдіскерлер тиісті жоғары кәсіптік білімі және біліктілік санаты болған кезде жаттықтырушы-оқытушылық жұмысты жүргізеді.

      26. ОРММИК және СДБМИ-де білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1591 болып тіркелген, Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

      27. ОРММИК және СДБМИ-де оқушылардың оқуы мен тәрбиесінің, оқытушылардың педагогикалық шеберлігінің сапасын арттыру және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестеріне тікелей қатысатын педагогикалық және басқа қызметкерлерді біріктіретін және басқарудың алқалық органы болып табылатын педагогикалық кеңес құрылады.

      28. ОРММИК және СДБМИ-де оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процесі, білім алушыларды даярлауды жеке жоспарлау, спорттық жарыстарға қатысу мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын, сондай-ақ жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесінің әдістемесін жетілдіру, кейіннен оларды талқылай және тәжірибе алмаса отырып, ашық жаттығу сабақтарын өткізу жөніндегі хабарламалары мен баяндамаларын тыңдайтын жаттықтырушылар кеңесі құрылады.

      29. ОРММИК және СДБМИ-дегі сабақ кестесін, оның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.

      Сабақ кестесінде күнделікті оқу сабақтарының саны, ұзақтығы және реттілігі көрсетіледі.

      ОРММИК және СДБМИ-дегі сабақ кестесі оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалуы үшін жеткілікті ұзақтықты үзілістерді қарастырады.

      30. ОРММИК және СДБМИ-де оқушыларға академиялық демалыс беру "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабы 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Медициналық қызметкер оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, алдын алу іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ, оқушылардың тәулік бойы тұратынын ескере отырып, гигиеналық тұрғыдан негізделген жұмыс тәртібін ұйымдастырады.

      32. Медициналық қамтамасыз ету, функционалды диагностика және қалпына келтіру іс-шараларын өткізу үшін ОРММИК және СДБМИ медициналық бөлімшемен (кабинетпен), қажетті ғимаратпен және құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.

  Олимпиадалық резервтің
республикалық, облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
мамандандырылған мектеп-
интернат-колледждері және
спорттағы дарынды балаларға
арналған облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың мектеп-
интернаттары қызметінің
қағидаларына 1-қосымша

"Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

30 минут.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс графигі

Қызмет берушілер дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері (бұдан әрі - ОРММИК) және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарының (бұдан әрі - СДБМИ) 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11 сыныптарына қабылдау кезінде:
1) ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін формадағы өтініш;
2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаты немесе туу туралы куәлік (жеке сәйкестендіру нөмірінің бар болуы);
3) оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;
4) Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы;
5) негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат (10, 11 сыныптарға оқуға түсетін кезде);
6) куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе келесі спорттық атақтар мен разрядтардың бірін беру туралы бұйрықтан үзінді: "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер", "1-разрядты спортшы", "2-разрядты спортшы", "3-разрядты спортшы", "1-жасөспірімдік разрядты спортшы", "2-жасөспірімдік разрядты спортшы", "3-жасөспірімдік разрядты спортшы".
Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, ал спорттық разрядты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады;
7) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет;
8) Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 6697 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығы) 3-қосымшасында бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы медициналық құжаттардың түпнұсқалары, яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы) № 026 нысан бойынша баланың медициналық анықтамасы, № 063/у нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындысы; электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытынды, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде), фтизиатриядың қорытындысы;
9) бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық, немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың көшірмелері республикалық ОРММИК-ке оқуға түсушілер ұсынады (бар болған жағдайда);
10) бірыңғай аймақтық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе қалалық, немесе аудандық спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың көшірмелері облыстық ОРММИК және СДБМИ-ге оқуға түсушілер ұсынады (бар болған жағдайда).
ОРММИК колледжінің бірінші курсына оқуға түсу кезінде:
1) еркін формадағы өтініш;
2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жалпы орта білім туралы аттестат;
4) Бірыңғай ұлттық тестілеу сертификаты немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болған жағдайда);
5) келесі спорттық атақтар мен разрядтардың бірін беру туралы куәліктің немесе бұйрықтың көшірмесі (бұйрықтан үзінді): "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер".
Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, спорттық разряд беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады;
6) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы медициналық құжаттардың түпнұсқалары, яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы) № 026 нысан бойынша баланың медициналық анықтамасы, № 063/у нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындысы; электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытынды, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде), фтизиатриядың қорытындысы;
8) бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық, немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың көшірмелері республикалық ОРММИК-ке оқуға түсушілер ұсынады (бар болған жағдайда);
9) Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) кіріс және (немесе) ұсынылған мәліметтер мен ақпараттың осы Қағиданың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 20 тамызына дейін 5, 6, 7, 8 және 9-сыныптарға түсетін оқушылардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерден жеке қабылданады.
10 және 11-сыныптарға түсетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 маусымынан 20 тамызына дейін қабылданады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар колледжге түсушінің өзінен ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 тамызына дейін қабылданады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы немесе Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Олимпиадалық резервтің
республикалық, облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
мамандандырылған мектеп-
интернат-колледждері және
спорттағы дарынды балаларға
арналған облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың мектеп-
интернаттары қызметінің
қағидаларына 2-қосымша

Оқу-жаттығу жұмысының режимі және топтардың толымдылығы (оқыту кезеңдері бойынша)

Топтар (оқу кезеңдері бойынша)

Оқу кезеңдері

Аптасына сағат саны

Спорт түрлері бойынша топтардағы (оқу кезеңдері бойынша) адам саны (ең аз саны)

1

2

3

4

5

6

7

8


Бірінші топ

Екінші топ

Үшінші топ

Төртінші топ

Бесінші топ

Жоғары спорт шеберлігі

Кезең бойы

32 сағат
36 сағат
(топ құрамында Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі болған жағдайда)

3

5

4

2

2

Спорттық жетілдіру

Бірінші оқу жылы

24 сағат

5

6

6

2

3

Екінші оқу жылы

26 сағат

4

6

5

2

3

Екі жылдан астам оқу

28 сағат

4

6

5

2

3

Оқу-жаттығу

Үшінші оқу жылы

18 сағат

6

10

8

3

4

Үш оқу жылынан астам

20 сағат

6

10

8

3

3

      Ескертулер:

      1. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші топтарға жататын спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны:

      1) бірінші топ: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, ат спорты, жеңіл атлетикалық көпсайыстар, лақтыру және сырықпен секіру, желкенді спорт, суға секіру, батутта секіру, шаңғымен трамплиннен секіру, шана спорты, жүзу, үйлесімді жүзу, тауға өрмелеу, садақтан ату, нысана көздеу, стенд ату, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, шоссе, маутинбайк), су-шаңғы спорты, автомобиль, мотоцикл, су-мотор, су астындағы, ұшақ, тікұшақ, парашют, планер, дельтапланер спорт түрлері, спорттық жүріс, марафондық жүгіру, триатлон, полиатлон, теннис және қолданбалы спорт түрлері;

      2) екінші топ: ойын спорты түрлері, көкпар;

      3) үшінші топ: қалған барлық спорт түрлері;

      4) төртінші топ: ат спортының ұлттық түрлері (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату), есу слаломы, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейболы;

      5) бесінші топ: теннис, саятшылық (құс бегі) - аңшы құстармен аң аулау (сұңқар, қаршыға, бүркіт).

  Олимпиадалық резервтің
республикалық, облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
мамандандырылған мектеп-
интернат-колледждері және
спорттағы дарынды балаларға
арналған облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың мектеп-
интернаттары қызметінің
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

Спортшының жеке карточкасы

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) ___________ Туған жылы, айы, күні ________________

      Спорт түрі _____________ Оқытушы-жаттықтырушының ТАӘ ________________

      Спортпен шұғылдану сабақтарының басталған жылы, айы ___________

      Мекеме (ОРММИК, СДБМИ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт түрлері

      бойынша федерацияларда, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы спорт

      секцияларында, дене дайындығы балалар-жасөспірімдер клубтарында, спорт түрлері

      боойынша спорт клубтары) ___________________________

      Елді мекен _______________ Мекен-жайы ____________________________

  1-кесте

Топтар (оқу кезеңдері бойынша)

Оқу жылы

Тексерілген күні

Физикалық дамуы

Медициналық қорытынды

бойы

салмағы

табанының ұзындығы

саусақтарды жұму күші

ӨӨК

ОЕП Мл/ мин

ОЕП Мл /мин/кг

Ұйымға қабылданған кездегі бастапқы деректер:











Алғашқы даярлық

1










2










Оқу-жаттығу

1










2










3










4










5










Спорттық жетілдіру

1










2










3










Жоғары спорт шеберлігі

Барлық кезең










      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ӨӨК - өкпенің өмірлік көлемі;

      ОЕП - оттегін ең көп пайдалану;

      Мл - миллилитр;

      Мин - минут;

      Кг - килограмм.

  2-кесте

Топтар (оқу кезеңдері бойынша)

Оқу жылы

ЖДД

АД

Үздік спорттық көрсеткіш

Бәсекелестік жаттығу қызметі

30 м жүгіру

6 мин жүгіру

10 сек жүгіру

3*10 м айналма жүгіру

Орнында тұрып ұзындыққа секіру

Тартылу

Допты отырып лақтыру 2 кг

Абалаков бойынша жоғарыға секіру

Жарыстар саны

Сөре саны

Жарыстар күндерінің саны

Бастапқы мәліметтер















Алғашқы даярлық

1














2














Оқу-жаттығу

1














2














3














4














5














Спорттық жетілдіру

1














2














3














Жоғары спорт шеберлігі

Барлық кезең














      Оқу жылдары бойынша оқуға қабылдау және ауыстыру және ұйымнан шығару туралы белгілер:

      қабылдау туралы_____________________________ мөрі, басшы орынбасарының қолы;

      ауыстыру туралы_____________________________ мөрі, басшы орынбасарының қолы;

      шығару (оқуды аяқтау) туралы _________________ мөрі, басшы орынбасарының, қолы.

      Аббревиатураның толық жазылуы:

      ЖДД - жалпы дене дайындығы;

      АД - арнайы даярлық;

      Сек - секунд;

      М - метр;

      Мин - минут;

      Кг - килограмм.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады