ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрық - 25.06.2020 дейін қолданыста болды (4 т. қараңыз).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында берген тапсырмасына, "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығының 12-тармағының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20427 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 29 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтердің төлемі бойынша халықтың төлемақысын өтеу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемақысын өтеу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және ол 2020 жылғы 25 маусымға дейін әрекет етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және ол 2020 жылғы 25 маусымға дейін әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемақысын өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерді бойынша халықтың төлемақысын өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына және "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығының 12-тармағының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және төтенше жағдай кезінде азаматтарға коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тұтынушы - шарт негізінде коммуналдық қызметтерді тұтынатын жеке тұлға;
2) жеткізуші - коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпкерлік қызмет субъектісі;
3) жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
5) елді мекен - бұл саны 50 адамнан кем емес, белгіленген заң тәртібімен есепке алынған және тіркелген, өкілді және жергілікті атқарушы органдар басқаратын республиканың жинақы қоныстанған аумағының бір бөлігі.
3. Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтер төлеу бойынша халықтың төлемақысын шығындарын өтеу республикалы бюджеттен жүзеге асырылады, қосымша қажеттілік болған кезде жергілікті бюджеттен өтеуге жол беріледі.
4. Коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемақысын өтеу (бұдан әрі - өтеу) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген адамдардың немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелерінің өтініші негізінде карантин енгізілген аумақтағы елді мекендерде жүзеге асырады.
5. Жергілікті бюджет есебінен өтелген жағдайда алушылар санатын, шарттары мен тәртібін жергілікті атқарушы органдар дербес айқындайды.
6. Коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшот болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша өтеуге құқығы бар адамдардың онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің санаты:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын, жалғызбасты зейнеткерлер;
6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.
2-тарау. Өтеу тәртібі
7. Жергілікті атқарушы орган бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елді мекеннің азаматтарына осы Қағидаларға сәйкес өтеу туралы ақпаратты жеткізеді.
8. Өтеу карантин енгізілген елді мекендерде ай сайын бір тұтынушыға шаққанда он бес мың теңге деген есеппен жүргізіледі. Бұл ретте, есеп айырысу төлем кезеңінің тұтастығын бұзбай, яғни тиісті айдың бірінші күнінен соңғы күніне дейін жүргізіледі.
9. Өтеу үшін тұтынушылар (немесе олардың заңды өкілдері) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген адамдардың жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін көрсете отырып, тиісті жергілікті атқарушы органдағы ақпараттық жүйе немесе call-орталық арқылы өтінім береді.
Жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдау және өңдеу бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
10. Жергілікті атқарушы орган есепшоттың және төлем сомасының болуын растау үшін Жеткізушілерге тұтынушылардың тізбесін жібереді.
Жеткізушінің ақпараты еркін нысанда беріледі және тұтынушылардың есепшоты, көрсетілген коммуналдық қызметтердің нақты көлемі және белгіленген тарифтерге сәйкес олардың құны туралы деректерді қамтиды.
11. Коммуналдық қызметтер бойынша өтеуге арналған бюджеттік қаражатты аударуды жоғары тұрған бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі аумағында карантин енгізілген әкімшілік-аумақтың бірліктің төмен тұрған бюджеттерінің кірісіне нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде жүргізеді. Аудару белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) жеке қаржыландыру жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
12. Жергілікті атқарушы орган тұтынушының есепшотына қаражат аударуды қамтамасыз етеді. Тұтынушының өтінімі және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген Жеткізушілердің ақпараты қаражатты аударуға негіз болып табылады.
13. Қаражатты аударуды жергілікті атқарушы орган өтелуге жататын коммуналдық қызметтердің санына тепе-тең жүзеге асырады.
14. Тұтынушы коммуналдық қызметтерге төлем жүргізген жағдайда, коммуналдық қызметтер төлемі туралы түбіртекте он бес мың теңгеден кем сома болса, Жеткізуші төлемді келесі есептік кезеңге есептей отырып, төлемге қайта есептеу жүргізеді және тұтынушыға төлемді есепке алғаны туралы тиісті хабарлама жібереді.
15. Жеткізуші тұтынушыға төлем есептеген кезде төлем туралы түбіртекте мемлекеттің коммуналдық көрсетілетін қызметтердің бір бөлігін өтеген сомасын көрсетеді.
16. Жеткізуші әрбір ай сайынғы төлемнен кейін 25-күннен кешіктірмей жергілікті атқарушы органға бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалану туралы есеп ұсынады.
17. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтеудің әрбір ай сайынғы төлемінен кейінгі бірінші күннен кешіктірмей жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісіне бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалану туралы есеп ұсынады.
18. Өтеу үшін алынған қаражат пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасы қайтарылуға жатады.