"Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнайгаз-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі | Н. Ногаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары
р/с | Өңір | Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен |
1. | Нұр-Сұлтан қаласы | 24 537 (жиырма төрт мың бес жүз отыз жеті) |
2. | Алматы қаласы | 19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес) |
3. | Шымкент қаласы | 20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз) |
4. | Ақмола облысы | 24 537 (жиырма төрт мың бес жүз отыз жеті) |
5. | Ақтөбе облысы | 5 574 (бес мың бес жүз жетпіс төрт) |
6. | Алматы облысы | 19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес) |
7. | Атырау облысы | 6 340 (алты мың үш жүз қырық) |
8. | Батыс Қазақстан облысы | 10 541 (он мың бес жүз қырық бір) |
9. | Жамбыл облысы | 18 775 (он сегіз мың жеті жүз жетпіс бес) |
10. | Қарағанды облысы | 24 537 (жиырма төрт мың бес жүз отыз жеті) |
11. | Қостанай облысы | 17 305 (он жеті мың үш жүз бес) |
12. | Қызылорда облысы | 7 268 (жеті мың екі жүз алпыс сегіз) |
13. | Маңғыстау облысы | 12 552 (он екі мың бес жүз елу екі) |
14. | Түркістан облысы | 20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз) |
15. | Шығыс Қазақстан облысы | 7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш) |