"Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 мамырда № 20692 болып тіркелді. Бұйрық 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі – 01.12.2020 дейін (осы бұйрықтың 4-т. қараңыз)
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20174 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 30 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті жұмыскерлер немесе дара кәсіпкерлер өздері берген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының өңірлік кәсіпкерлер палатасының және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін жұмыспен қамтудың аудандық (қалалық) штабы (бұдан әрі - аудандық (қалалық) штаб) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер ұсынған ақпарат негізінде айқындайды.

      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.".;

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әлеуметтік төлем алу үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер жұмыскерлердің төтенше жағдай кезінде жалақы сақталмайтын демалыста жүргені туралы мәліметтерді көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті аудандық (қалалық) штабқа жібереді.

      9. Осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар төтенше жағдай кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) бөлімшесіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті, сондай-ақ жұмыскер немесе дара кәсіпкер өзі үшін әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтінішті береді.

      Бұл ретте өтініш беруші әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәсілдермен осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұдан бұрын берілген өтініштің күшін жоюға өтінім беру арқылы кері қайтарады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қордың филиалы шешім жобасы бар ЭІМ-ні қарайды және төрт жұмыс күні ішінде қаралатын Қағидалардың 26 және 30-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ЭІМ келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі - шешім) қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттар болған кезде, сондай-ақ осы Қағидалардың 21-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту жүзеге асырылады.

      Ақпараттық жүйелерде осы Қағидалардың 3-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардың төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу фактісін растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, сондай-ақ әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті жұмыскер немесе дара кәсіпкер өзі үшін берген жағдайда қордың филиалы аудандық (қалалық) штабтың қорытындысын алу үшін ЭІМ-ні жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. Әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешімдерді қарау тәртібі

      22. Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешімдерді қайта қарау үшін дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, АҚС бойынша кіріс алатын адамдар, сондай-ақ осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер аудандық (қалалық) штабқа осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау туралы өтініш (бұдан әрі - шешімді қайта қарау туралы өтініш) береді.

      Егер жұмыскер "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адам болса, шешімді қайта қарауға өтінішті салық агенті ұсынады.

      23. Осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген тұлғалардың шешімін қайта қарау туралы өтінішке мыналар қоса беріледі:

      1) әлеуметтік аударымдарды төлеушінің (салық агентінің) төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу фактісін растайтын құжаттар;

      2) БЖТ төлеушілерді қоспағанда, мемлекеттік кірістер саласындағы уәкілетті орган бекіткен жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық туралы декларация (200.00 нысаны).

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, жеке кәсіпкерлерді, әлеуметтік аударымдарды төлеушілерді немесе салық агенттерін қоспағанда, жұмыс берушінің жұмыскерге (жұмыскерлерге) жалақы сақталмай демалыс беру туралы актінің үзінділері қоса беріледі.

      24. Екі немесе одан да көп жұмыста, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті қоса атқаратын адамдар үшін шешімді қайта қарауға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес өтінішті тараптардың келісімі бойынша әлеуметтік аударымдарды төлеушілердің бірі (салық агенті) аудандық (қалалық) штабқа береді.

      Осы Қағидалардың 23-тармағының бірінші бөлігінде көзделген құжаттармен қатар, шешімді қайта қарау туралы өтінішке төтенше жағдай кезінде қызметтік шектеуге байланысты барлық кіріс көздерін жоғалту фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.

      25. Жұмыс органы шешімді қайта қарауға өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарында көзделген, ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарының талаптарына сәйкес келген жағдайда оны аудандық (қалалық) штабтың қарауына ұсынады.

      Ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қайтарылу себебін көрсете отырып, оларды өтініш берушіге қайтарады.

      26. Аудандық (қалалық) штаб жұмыс органы қоса берілген құжаттармен және (немесе) мәліметтермен шешімді қайта қарауға өтініштерді қарауға енгізген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау үшін негіздердің болуы (болмауы) туралы қорытынды (бұдан әрі - қайта қарау туралы қорытынды) береді.

      Жұмыс органы қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші ұсынған шешімді қайта қарау туралы өтінішті, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, сондай-ақ қайта қарау туралы қорытындыны "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - "Еңбек нарығы" ААЖ) орналастырады және шешімді қайта қарауға өтінішті қарау нәтижелері туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайта қарау туралы қорытындының көшірмесін (оның өтініші бойынша) ұсынады.

      Жұмыс органы осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарында көрсетілген шешімді, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қайта қарау туралы өтінішпен қоса қайта қарау туралы оң қорытындыны қайта қарау туралы қорытынды шыққан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы Мемлекеттік корпорацияның филиалына жолдайды.

      Әлеуметтік төлемдерді тағайындау осы Қағидалардың 13, 14, 14-1, 15, 15-1, 16, 17, 18, 19, 20-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Егер қор аудандық (қалалық) штабтың қайта қарау туралы оң қорытындысын алғаннан кейін әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаса, Мемлекеттік корпорацияның филиалы өтініш берушіге және әлеуметтік төлемнен бас тартылған адамға бір жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      27. Өтініш беруші аудандық (қалалық) штабтың қайта қарау туралы қорытындысымен немесе Қордың аудандық (қалалық) штаб қайта қарау туралы оң қорытынды қабылдағаннан кейін қабылдаған шешімімен келіспеген жағдайда, қайта қарау туралы қорытынды шыққан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде құрамына әділет департаменттерінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасының өңірлік кәсіпкерлер палатасының және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі штабына (бұдан әрі - облыстық штаб) жүгінеді.

      Жұмыспен қамтудың жергілікті атқарушы органы өңірлік штабтың жұмыс органы (бұдан әрі - облыстық жұмыс органы)болып табылады.

      Өтініш берушінің облыстық штабқа жүгінуі жұмыс органына қайта қарау туралы қорытындымен келіспеу туралы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, қосымша құжаттар мен (немесе) мәліметтерді (бар болса) қоса бере отырып жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      28. Жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде қайта қарау қорытындысымен келіспейтіні туралы өтінішті қоса берілген қосымша құжаттармен және (немесе) мәліметтермен бірге (болған жағдайда) облыстық штабқа жібереді.

      29. Облыстық жұмыс органында қорытындымен келіспеу туралы өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде облыстық жұмыс органы оны облыстық штабтың қарауына шығарады.

      30. Облыстық штаб облыстық жұмыс органы қайта қарау туралы қорытындымен келіспеу туралы өтінішті енгізген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта қарау туралы қорытынды шығарады.

      Облыстық жұмыс органы қорытынды шығарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешiктiрмей өтiнiш берушi ұсынған келіспеу туралы өтiнiшті, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді (бар болса), сондай-ақ қайта қарау туралы қорытындыны "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырады және үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс органы арқылы өтініш берушіге келіспеу туралы өтінішті қарау нәтижелері туралы хабарлайды. Өңірлік жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайта қарау қорытындысының көшірмесін (оның өтініші бойынша) ұсынады.

      Облыстық жұмыс органы шешіммен келіспеу туралы, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді (бар болса) қайта қарау туралы өтінішпен бірге қайта қарау туралы оң қорытындыны қайта қарау туралы қорытынды шығарылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы Мемлекеттік корпорацияның филиалына жолдайды.

      Әлеуметтік төлемдерді тағайындау осы Қағидалардың 13, 14, 14-1, 15, 15-1, 16, 17, 18, 19, 20-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Егер Қор облыстық штаб қайта қарау туралы оң қорытынды шығарғаннан кейін әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаса, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіге және әлеуметтік төлемнен бас тартылған адамға бір жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      31. Облыстық штаб шығарған қайта қарау туралы немесе облыстық штаб қайта қарау туралы оң қорытынды шығарғаннан кейін Қор қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда, өтініш беруші азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен оған шағымданады.";

      осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 9, 10, 11-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді, 2020 жылғы 26 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады және 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 188 бұйрығына
1-қосымша
  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Өтініш

      _____________________________________________ аудандық (қалалық) штабқа (аудан, қала)

      ________________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы/өтінім берушінің Т.А.Ә. (бар болса))

      Ұйымның/өтінім берушінің мекенжайы:______________________________________________

      (аудан, қала)

      E-mail ___________________________Телефон________________________________________


Жалақы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге

дара кәсіпкерге

жеке практикамен айналысатын адамға

бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғаға

азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаға

      ұсынылып отырған тізімге сәйкес төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарауды сұраймын.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Банктің атауы

Банк шотының нөмірі

Ұялы телефон нөмірі







      Өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе

1




2




      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жалған) құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы ___________________________________________

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 188 бұйрығына
2-қосымша
  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

      Төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен

      айырылған жағдайға төленетін әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту

      туралы шешімді қайта қарау үшін негіздердің болуы (болмауы) туралы


жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб

облыстық штабтың

      (керегін белгілеу)

      қорытындысы

      № ____ "__" _________ 20__ жыл

      Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту жөніндегі штаб / облыстық штаб

      ___________________________________________________________

      (ұйымның атауы / өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса))

      төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен айырылған жағдайға

      төленетін әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау туралы

      өтінішін қарап, мыналардың:

      1.______________________________________________________________________________

      2.______________________________________________________________________________

      3.______________________________________________________________________________

      (негізді көрсету: соның негізінде бас тарту туралы шешімді қайта қарау үшін негіздің болуы

      (болмауы) туралы қорытынды қабылданған құжат, мәліметтер, Қағидаларға сілтеме

      (тармақша және (немесе) тармақ)

      негізінде төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірістен

      айырылған жағдайға төленетін әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді

      қайта қарау үшін негіздердің болуы (болмауы) туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы:____________________________________________

      Комиссия мүшелері *: __________________________________________

      __________________________________________

      __________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      * ескертпе: тек қағаз жеткізгіште

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 188 бұйрығына
3-қосымша
  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

      Аудандық (қалалық) штабтың әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы

      шешімді қайта қарау туралы қорытындысымен / Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру

      қоры филиалының әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімімен

      келіспеу туралы өтініш

      ________________________________________________________________ облыстық штабқа

      (облыс)

      ________________________________________________________________________________

                        (ұйымның атауы/өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса))

      Ұйымның/өтініш берушінің

      мекенжайы:______________________________________________________________________

      (аудан, қала)

      E-mail __________________________Телефон_________________________________________


Жалақы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге

дара кәсіпкерге

жеке практикамен айналысатын адамға

бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғаға

азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаға

      ұсынылып отырған тізімге сәйкес төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне

      байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту

      туралы шешімді қайта қарау үшін негіздердің болуы мәселесін қарауды сұраймын.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Банктің атауы

Банк шотының нөмірі

Ұялы телефон нөмірі







      Өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе

1




2




      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жалған) құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы ___________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады