"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында:
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-13) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының жатақханаларында орын бөлу тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар білім алушылар үшін жатақханаларда тұруға орын бөлудің негізділігі мен кезектілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ұйым) меншік құқығына тиесілі немесе өзге заңдық негізде ұйымдардың иелігінде тұрған жатақханалардағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды.
Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беруді жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) жүзеге асырады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беруді техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ) жүзеге асырады.
Жатақханаларда бос орындардың болуы туралы мәліметтер ЖОО-ның және ТжКБ-ның ресми сайттарында орналастырылады.";
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде тегін көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) жоғары оқу орындары;
2) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
3) www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;
Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын ТжКБ үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – ТжКБ стандарты) келтірілген.
Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын ЖОО-лар үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – ЖОО стандарты) келтірілген.
2-2 Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
3) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі (бұдан әрі - ЭЦҚ)";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Конкурстық комиссия ЖОО немесе ТжКБ жатақханаларынан орын бөлуді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде немесе порталға электрондық түрде берілген өтініш негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ТжКБ стандартының және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЖОО стандартының 8-тармағында көрсетілген қызметті алушының мәртебесін растайтын құжаттарды қоса бере отырып жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
ЖОО-ның немесе ТжКБ-ның осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсете отырып, құжаттарды алғаны туралы қолхаты қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" құжаттар топтамасын қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда ЖОО немесе ТжКБ өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
ЖОО немесе ТжКБ кеңсесі өтініш берген күні құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті комиссияның қарауына береді.";
мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтаманы, ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәлікті (жетім балалар үшін), отбасында 4 және одан көп баланың болуы туралы анықтаманы (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтаманы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Конкурстық комиссия өтініштерді қарау қорытындылары бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде жатақханадан орын беру туралы шешім қабылдайды.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Жатақханада тұру үшін қалыптастырылған тізім негізінде білім алушыға Комиссия төрағасының қолы қойылған ТжКБ немесе ЖОО жатақханаларынан орын беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ТжКБ-ның немесе ЖОО-ның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
"16. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
"17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2 тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына 1-қосымша"
осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес 2, 3, 4, 5, 6-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Білім және ғылым министрі | А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамыры № 215 бұйрығына 1-қосымша |
|
Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына 2-қосымша |
"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері | Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды / қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс істеу кестесі |
1) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамыры № 215 бұйрығына 2-қосымша |
|
Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына 3-қосымша |
"Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Жоғары оқу білім беру ұйымдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері | Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды / қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама, немесе дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс істеу кестесі |
1) Жоғары оқу білім беру ұйымдары– Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамыры № 215 бұйрығына 3-қосымша |
|
Білім беру ұйымдарының Жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат № ___________
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __________ бөлімі/ білім беру ұйымы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________ мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
1. Өтініш
2. Басқа _____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/ білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________________________________________
(қолы)
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының _________________________________
(қолы)
20 ___ ж. "___" ______________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамыры № 215 бұйрығына 4-қосымша |
|
Білім беру ұйымдарының Жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып,
________________________________________________________________ (мекенжайын көрсету)
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) .....
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________ Қолы __________ Телефон______
Қабылдады: _______________________ "___" ___________ 20 ___ жыл
(Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда ), қолы)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамыры № 215 бұйрығына 5-қосымша |
|
Білім беру ұйымдарының Жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және жоғары оқу орындарының білім алушыларына жатақханалар беру туралы жолдама
________________________________________________________________
(білім беру ұйымының мекенжайы)
Азамат (-ша) _____________________________________________________/
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
№ ___жатақханаға орналасуға жолдама беріледі.
Жатақхананың мекенжайы _________________________________________
20___ ж. "____" _________ cағатта ___ келуді ұсынамын.
Директор ______________________ (қолы)
20___ ж. "____" _________
М.О.