Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 № 665 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 103 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141 және 143-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларындағы тексеру парағы;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әуежайлар қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібінің және міндеттерінің сақталуын тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
Қ. Өскенбаев |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Дәленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Тексеру парағы
_________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
_____ табиғи монополиялар салаларындағы (әуежайлар мен аэронавигация қызметтері)
138-бабына сәйкес
___________________________________________________________ қатысты бақылау
субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы акт ____
______________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________
__________________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Тарифті бекіту туралы ақпаратты ол қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізу | ||||
2 | Реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға, лизингті қоса алғанда, мүліктік жалдауға (жалға) беруге тыйым салуды сақтау | ||||
3 | Тарифтің жоғарлауына алып келмеген жағдайда, арнайы қаржы копаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелері бойынша талап ету құқығын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке байланысты талап ету құқығын басқаға бермеу | ||||
4 | Реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты емес шығындарды тарифке қоспауға талабын сақтау | ||||
5 | Тарифті бекіту үшін көзделген міндеттерді орындау кезінде табиғи монополия субъектісі ұсынған кез келген ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға жол бермеу бойынша шектеуді сақтау | ||||
6 | Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және жалпы алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын өзге де қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен тартылған активтердің бөлек есебін жүргізу | ||||
7 | Үлгі шарттарға сәйкес ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен жеке шарттар жасасу | ||||
8 | Тариф, оның өзгергені туралы тұтынушыларға хабарлау | ||||
9 | Мүлікті мемлекет меншігіне беру, жағдайларын қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сауда-саттықта иеліктен шығару талаптарын сақтау | ||||
10 | Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша кірістерінің, шығындары мен тартылған активтерінің бөлек есебін жүргізудің әзірленген және бекітілген әдістемесінің болуы | ||||
11 |
1) реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға; | ||||
12 | Тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну | ||||
13 | Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілемеу | ||||
14 | Тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну туралы талабын сақтау | ||||
15 |
Мынадай жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қол жеткізуді ұсыну туралы талаптарды сақтау: | ||||
16 | Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы талабын сақтау | ||||
17 | Уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы, одан шығару туралы, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтінішпен жүгіну туралы талабын сақтау | ||||
18 | Тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып тарифті бекіту кезінде талабын сақтау жыл сайын есепті кезеңнің 1 (бірінші) мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға, өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға есепті жыл ішінде нақты қол жеткізілген кірістер, шығыстар, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді ұсыну | ||||
19 | Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде бұл жөнінде уәкілетті органға жіберілген келісімінің болуы | ||||
20 |
Мерзімді баспасөз басылымында жария тыңдауларды өткізу күні мен орны туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша: | ||||
21 | Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтудан басқа, тұтынушыға қосымша де талаптарды қою бойынша шектеуді сақтау | ||||
22 | Реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділік ұсынылған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайту бойынша тұтынушының қызметін шектетпеу талаптарын сақтау | ||||
23 | Құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етуге шектеуді сақтау | ||||
24 | Тұтынушылар алдында есеп беруді өткізгенге дейін бір ай бұрын уәкілетті органды хабардар ету | ||||
25 | Тұтынушылардың талап етуі бойынша тариф, реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары туралы ақпарат беру | ||||
26 | Алда есеп беруді өткізу туралы хабарландыруды Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің аптасына кемінде бір рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында ол өткізілгенге дейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жариялауы | ||||
27 | Уәкілетті органды тариф, оның өзгеруі туралы ол қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей хабардар ету | ||||
28 | Табиғи монополия субъектісінің резерві, бос және қол жетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының болуы туралы ақпаратты тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында не ол болмаған жағдайда оның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру туралы ақпаратты ұсыну | ||||
29 | Қуаты аз табиғи монополия субъектісі қайта ұйымдастырылғанға немесе таратылғанға дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілетін әрекеттерді жасау ниеті туралы жіберілген ақпараттын болуы | ||||
30 | Уәкілетті органға тарифті бекіту үшін өтініммен жүгіну жөніндегі талабын сақтау | ||||
31 | Бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітілген келесі күнтізбелік жылға табиғи монополия субъектісі сатып алатын шығындары тарифтік реттеудің шығын әдісін қолдана отырып, тарифті бекіту кезінде ескерілетін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбені (бұдан әрі – Тізбе) жыл сайын 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде уәкілетті органға мәлімет үшін жіберу | ||||
32 | Хабарландыру жарияланғанға дейін, тендер өткізу туралы талаптарды сақтау, тендерлік құжаттаманы, сондай-ақ тендерлік комиссияның құрамын, тендерлік комиссия хатшысын бекіту | ||||
33 | Тендерлік комиссияның тақ және кемінде 3 (үш) мүшелерінің болуы | ||||
34 | Тендерлік комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тендерлік комиссия мүшелерінің кіруі жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
35 | Тендерлік комиссия мүшелерінің қайсыбірінің тендерлік комиссия отырысының хаттамасында өндірістік немесе басқа себеп бойынша тендерлік комиссия отырысында болмау себебін көрсету және осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме | ||||
36 |
Тендерлік комиссия хатшысының мынадай функцияларды жүзеге асыруы бойынша талаптарды сақтауы: | ||||
37 |
Табиғи монополия субъектісі тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер тендерге қатысуға өтінімдер берген соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын табиғи монополия субъектісі мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
38 | Тендер тәсілімен қайта сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі талаптарды сақтау, тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ тендерге қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы талаптарды орындайды | ||||
39 | Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда тендерлік комиссияның отырысын өткізу жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
40 | Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда тендерлік комиссияның отырысын өткізу жөніндегі талаптарды сақтау. Дауыс тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі | ||||
41 | Тендерлік құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсету бойынша талаптарды, тендер өткізудің атауы мен уақытын; тендерлік құжаттама берілген әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), әлеуетті өнім беруші өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелерін; әлеуетті өнім берушінің атауын, бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), орналасқан жерін; тендерлік құжаттаманы беру күнін; тендерлік құжаттаманы; журналды қағаз тасығышта жүргізген кезде тендерлік құжаттаманы алудағы өкілдің қолы, тендерлік құжаттама почта байланысы арқылы жіберілген жағдайда – электрондық почтамен жіберілген күні, ал осы журналды электрондық түрде жүргізген кезде-берілген күні | ||||
42 | Келіп түскен тендерлік өтінімдерді тіркеу журналында тендердің атауын және өткізу мерзімін, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің (тендерлік өтінімі бар конверттерді ұсынған тұлғаның) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), әлеуетті өнім беруші өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемесін, әлеуетті өнім берушінің атауын/тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), БСН/ЖСН; тендерлік өтінімі бар конвертті тіркеу күні мен уақытын көрсету бойынша талаптарды сақтау; әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімге енгізген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты ұсынады | ||||
43 | Тендерлік құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналын, сондай-ақ соңғы парағы табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының қолымен бекітілетін тендерлік өтінімдерді тіркеу журналын тігу және нөмірлеу жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
44 | Тендерге қатысуға өтінімді тіркеуден бас тартылған әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін тіркеу журналында мұндай бас тартудың себептерін баяндай отырып көрсету | ||||
45 |
Мынадай ақпаратты қамтитын тендерлік құжаттаманы барлық әлеуетті өнім берушілерге ұсыну бойынша талаптарды сақтау: | ||||
46 | Техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипаттамасы мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының мазмұны, олар болған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттары көрсетілген қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда | ||||
47 | Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру техникалық ерекшеліктің орнына тендерлік құжаттама бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы қамтиды | ||||
48 | Тауарларға, көрсетілетін қызметтерге арналған техникалық ерекшеліктегі тиісті бөлімдерге бөлу бойынша талаптарды сақтау функционалдық шектері, техникалық сипаттамалардың параметрлері, тауардың мақсаты және тауардың, көрсетілетін қызметтің пайдалану шарттары бар функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттау | ||||
49 | Өзара байланысты жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін көздейтін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша тендер өткізу кезінде тендерлік құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері мен жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
50 | Әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттаманы түсіндіру жөніндегі сұрауына (бар болған жағдайда) жауап беру және осындай түсіндіруді тендерлік құжаттама берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберу | ||||
51 | Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасы бойынша немесе әлеуетті өнім берушілердің сауалдарына жауап ретінде не тендердің қорытындылары шығарылғанға дейін тарифтік сметаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны түзетуге және (немесе) табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға шешім қабылдау жолымен Тізбеден алып тастауға байланысты тендердің күшін жояды | ||||
52 | Тендерлік құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттамаға өзгерістер туралы немесе тендердің күшін жою туралы мәліметтерді хабарлау бойынша талаптарды сақтау | ||||
53 | Әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алуы үшін тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімін кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн мерзімге ұзарту жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
54 |
Мынадай жағдайлар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді қайтару жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
55 |
Тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді қайтармау жөніндегі талаптарды сақтау және мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде оны қамтамасыз ету: | ||||
56 | Тендерлік құжаттамада көрсетілген күні, уақытында және орында тендерлік комиссияның тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі талаптарды сақтауы | ||||
57 | Қатысушы тұлғаларға тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде тендерлік комиссияның тендерге қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен мекенжайын, олар ұсынған бағаларды, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты жариялау және тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында осы ақпаратты тіркеу жөніндегі талаптарды сақтауы | ||||
58 | Тендерлік өтінімдер салынған конвертті ашу хаттамасының көшірмесін тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне тендерлік комиссияның өткізілген отырысы күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсыну туралы талаптарды сақтау | ||||
59 | Тендерлік комиссияның отырысқа қатысқан барлық мүшелері, оның төрағасы, сондай-ақ тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына қол қою және әрбір параққа қол қояды | ||||
60 | Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі мен тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу процесінің басталуы арасындағы уақыт ұзақтығы бойынша талаптарды сақтау | ||||
61 |
Тендерлік комиссияның тендерлік өтінімді қабылдамау және әлеуетті өнім берушіні мынадай негіздер бойынша тендерге қатысуға жібермеу жөніндегі талаптарын сақтауы: | ||||
62 |
Баға ұсынысын демпингтік деп тану жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
63 |
Егер конкурс (лот) өтпеді деп танылған жағдайда, тендер комиссиясының конкурсты (лотты) өткізілмеді деп тану жөніндегі талаптарын сақтауы: | ||||
64 |
Егер конкурс өтпеді деп танылса, мынадай шешімдердің бірін қабылдау жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
65 | Қайта тендер өткізу қажет болған кезде өзінің интернет-ресурсында хабарландыруды жариялау туралы талаптарды сақтау, ал өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда – уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін тендерлік өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарландыру беру | ||||
66 |
Конкурс тәсілімен сатып алу өткізілмеген жағдайда бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
67 | Тендерлік комиссияның тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру жөніндегі талаптарын сақтауы тендерлік комиссиямен қабылданбаған және ең төмен баға негізінде жеңіп шыққан тендерлік өтінімді анықтау | ||||
68 | Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде тендер қорытындыларын шығару жөніндегі тендерлік комиссияның талаптарын сақтауы | ||||
69 |
Тендер қорытындылары шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тендер жеңімпазына жазбаша нысанда хабарлама жіберу жөніндегі талаптарды сақтау және тендер өткізу туралы хабарландыру жарияланған өзінің интернет-ресурсында оның атауын көрсете отырып, тендердің нәтижелерін, ал егер тендер өткізілген жағдайда, тендер жеңімпазы ұсынған тауар, жұмыс және қызмет бірлігінің атауы мен бағасын көрсете отырып, жеңімпазды жариялау жолымен қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілерді хабардар ету. | ||||
70 |
Тендер комиссиясы тендер, оның ішінде екі кезеңді рәсімдерді қолдана отырып, тендер арқылы сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендердің қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеген кезде мынадай ақпараттың болуы туралы талаптарды сақтау: | ||||
71 | Тендерге қатысушының талабы бойынша тендер қорытындылары хаттамасының көшірмесін ұсыну бойынша талаптарды сақтау | ||||
72 | Өткізілетін сатып алуға қатысқан тұлғаларды сатып алудың (лоттың) күшін жою туралы шешім немесе олардың қорытындылары бекітілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ету және өзінің интернет-ресурсында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялау жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
73 | Электрондық сауда алаңдары арқылы электрондық нысанда ашық конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу немесе баға ұсыныстарын сұрату жолымен сатып алуды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
74 | Өзінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша талаптарды сақтау – ал өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда-уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін электрондық сауда алаңдары арқылы сатып алуды жүзеге асыру жоспарланып отырған электрондық сауда алаңдары туралы ақпаратты интернет-ресурста оның мекенжайын көрсете отырып ұсыну | ||||
75 | Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастыру жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
76 |
Электрондық сауда алаңының ашық бөлігінде орналастырылатын конкурсты өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтерді көрсету бойынша талаптарды сақтау: | ||||
77 | Электрондық сауда алаңында конкурс хабарландыруында көрсетілген конкурстық өтінімдерді ұсынудың аяқталу мерзімі өткеннен кейін ұсынылатын әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін орналастыру жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
78 |
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінде мынадай ақпараттың болуы бойынша талаптарды сақтау: | ||||
79 |
Мынадай жағдайлар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтару жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
80 |
Мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде конкурстық өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтару және оны қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
81 | Егер әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысының бағасы конкурстың (лоттың) нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомадан асып кетсе, ұсынылған конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамау жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
82 | Конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерді қарауы және әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау жөніндегі талаптарды әрбір лот бойынша жеке конкурс өткізу туралы хабарландыруда белгіленген конкурстық өтінімдерді ұсыну аяқталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей сақтау | ||||
83 |
Конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерді қабылдамауы жөніндегі талаптарды сақтау және әлеуетті өнім берушіні мынадай негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жібермеу: | ||||
84 | Электрондық сауда алаңында қабылданбаған конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру және конкурстық баға ұсынысының ең төмен бағасы негізінде конкурс жеңімпазын (лоттар бойынша) анықтау жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
85 | Конкурс жеңімпазын айқындау жөніндегі талаптардың сақталуы, конкурстың әлеуетті өнім берушілерінің конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болған жағдайда, конкурстық құжаттаманы басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын ұсынған әлеуетті өнім берушіге артықшылық беріледі | ||||
86 |
Конкурстық комиссияның конкурстарды (лоттарды) өтпеді деп тануы жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
87 | Электрондық сауда алаңында және өзінің интернет-ресурсында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындыларын шығару хаттамасы, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша шешім түрінде қалыптастыру және жариялау жөніндегі талаптарды конкурстық баға ұсыныстары ашылған күннен кешіктірмей сақтау | ||||
88 |
Конкурстық комиссияның конкурс арқылы сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы, оның ішінде екі кезеңді рәсімдерді қолдана отырып, конкурсты ресімдеуі жөніндегі талаптарды сақтау, онда мынадай ақпарат бар: | ||||
89 | Конкурстың қорытындысы шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық сауда алаңында конкурс жеңімпазына хабарлама жіберу бойынша талаптарды сақтау | ||||
90 |
Баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын электрондық сауда алаңында және өзінің интернет-ресурсында, ал өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда – уәкілетті органның интернет-ресурсында мынадай мазмұндағы ақпараты бар баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды орналастыру бойынша талаптарды сақтау: | ||||
91 | Электрондық сауда алаңында баға ұсыныстарын салыстыру және әлеуетті өнім берушіні анықтау бойынша талаптарды сақтау | ||||
92 |
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын қабылдамау жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
93 |
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өтпеді деп тану жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
94 | Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылса, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қайтадан өткізу және сатып алу шарттарын өзгерту және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешімдерді қабылдау туралы талаптарды сақтау | ||||
95 | Сатып алу қорытындылары бекітілген күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шешім қабылдау туралы талаптарды сақтау | ||||
96 | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу шешімі қабылданған күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жариялау туралы талаптарды сақтау | ||||
97 |
Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларының хаттамасына мынадай мәліметтерді енгізген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алу қорытындыларын шығару туралы талаптарды сақтау: | ||||
98 | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларын шығарған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық сауда алаңында сатып алу жеңімпазына хабарлама жіберу бойынша талаптарды сақтау | ||||
99 | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу бойынша талаптарды сақтау егер осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар көрсетіледі. Бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады | ||||
100 | Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, өнім берушіні таңдау тәсілін қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде тауарлардың біртекті түрлерін сатып алудың жылдық көлемін бөлшектеуге жол бермеу жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
101 | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері және (немесе) көлемдері, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалану шығыстарына кепілдік беру қоса берілген техникалық ерекшелікті қоса бере отырып, табиғи монополия субъектісімен және (немесе) өзара аффилиирленбеген кемінде 2 (екі) әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) жазбаша баға ұсыныстарын сұрату жөніндегі талаптарды сақтау, баға ұсыныстарын табыс ету аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде келіп түскен барлық баға ұсыныстарын қарау | ||||
102 |
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өтпеді деп тану жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
103 |
Әлеуетті өнім берушілердің келіп түскен баға ұсыныстарын тіркеу журналында сатып алу тәсілін, әлеуетті өнім берушінің атауын (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және пошталық мекенжайын, оның ЖСН, БСН, баға ұсынысын тіркеу күні мен уақытын көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын сұрау салуларын тіркеу журналын және әлеуетті өнім берушілердің келіп түскен баға ұсыныстарын тіркеу журналын жүргізу бойынша талаптарды сақтау. | ||||
104 | Келіп түскен баға ұсыныстарын тіркеу журналына әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізу бойынша талаптарды сақтау. Көрсетілген мәліметтер журналға баға ұсыныстары бар әлеуетті өнім берушілердің ұсынылуына қарай хронологиялық тәртіппен енгізіледі | ||||
105 | Баға ұсыныстарын ұсыну аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың қорытындыларын бекіту жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
106 |
Әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне және уәкілетті органның өкілдеріне тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу, конверттерді ашудың аудио және бейнежазбасын жүргізу, қол қойғызып басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарымен танысу кезінде қатысу құқығын беру туралы талаптарды сақтау. | ||||
107 | Баға ұсыныстарын салыстыру және ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіні айқындау жөніндегі талаптарды сақтау. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған жағдайда, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады | ||||
108 | Ең төмен және қабылданбаған баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушімен сатып алу шартын жасасу жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
109 |
Шешімдерді қабылдау жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
110 |
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру бойынша талаптарды сақтау: | ||||
111 |
Табиғи монополия субъектісінің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бірінші басшысы бекітетін хаттама түрінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларын ресімдеу жөніндегі талаптарды сақтау. Сатып алудың қорытындылары әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларының хаттамасына мынадай мәліметтер енгізіледі: | ||||
112 | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары бекітілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында қорытындылар туралы ақпаратты орналастыру бойынша талаптарды сақтау | ||||
113 |
Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
114 |
Егер конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылса, онда мынадай мәліметтер болуға тиіс бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қатысуға шақыруды жіберу туралы талаптарды сақтау: | ||||
115 | Әлеуетті өнім берушіден сұрау салу бойынша бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде осы әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бағасының барлық қажетті негіздемелерін сақтау | ||||
116 |
Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде хаттама жасау жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
117 |
Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өтпеді деп тану жөніндегі талаптарды сақтау: | ||||
118 | Тауар биржалары немесе электрондық сауда алаңдары арқылы сатып алынған жағдайда, қағаз тасығышта немесе электрондық нысанда сатып алу қорытындылары шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шарт жобасын жеңімпазға жіберу жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
119 | Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шарт жобасына қол қойылмаса және табиғи монополия субъектісіне ұсынбаса, екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге шарт жобасына қол қою және ұсыну мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шарт жобасын жіберу туралы талапты сақтау | ||||
120 | Егер шарт жобасы өзіне ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші оған қол қоймаса және оны табиғи монополия субъектісіне ұсынбаса, сатып алу өтпеді деп тану жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
121 | Егер өнім беруші шартта белгіленген тәртіппен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге шартты қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шарт жобасын жіберу жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
122 | Егер шарт жобасы өзіне ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші оған қол қоймаса және оны табиғи монополия субъектісіне ұсынбаса және (немесе) шартта белгіленген тәртіппен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, сатып алуды өтпеді деп тану жөніндегі талапты сақтау | ||||
123 | Табиғи монополия субъектісінің осы сатып алу бойынша табиғи монополия субъектісінің уәкілетті өкілінің сатып алу шартына қол қою және әр парағына қол қою жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
124 | Өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша талаптарды сақтау шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар аванстың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін азайту | ||||
125 | Шарттың орындалуын енгізілген қамтамасыз етуді қайтару бойынша талаптарды, сондай-ақ өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өнім берушіге авансты қамтамасыз ету сомасын (болған жағдайда) сақтау | ||||
126 | Енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтару жөніндегі талаптарды, сондай-ақ авансты қамтамасыз ету сомасын (болған жағдайда) Жеткізуші Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, табиғи монополия субъектісінің кірісіне тұрақсыздық айыбын төлеу фактісі анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сақтау | ||||
127 |
Мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда, сатып алу шартының талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір басқа санкцияларға нұқсан келтірмей, шарттың мазмұны бойынша талаптарды сақтау: | ||||
128 | Өнім беруші шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
129 | Сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған сатып алу туралы шартқа өткізілетін (өткізілген) сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертуі мүмкін өзгерістерді және (немесе) өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсынысты енгізуге жол бермеу жөніндегі талаптарды сақтау | ||||
130 | Актіде шарт бойынша ақпаратты толтыру жөніндегі талаптарды сақтау және оған қол қою не тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қабылдаудан бас тарту жөніндегі талаптарды өнім беруші тауарды қабылдау-беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету актісінің жобасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей дәлелді негіздемелерді көрсете отырып сақтау |
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________________ ______________
лауазымы қолы
_________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау және қадағалау
субъектісінің басшысы _______________________________________ ______________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексеру парағы
__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
_____ табиғи монополиялар салаларындағы (әуежайлар мен аэронавигация қызметтері)
138-бабына сәйкес
___________________________________________________________ қатысты бақылау
субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы акт ____
______________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________
__________________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген күннен бастап немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) басталған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей не тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге босату бағасын алдағы көтеруге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын босату бағалары туралы ақпарат беру талабын сақтау | ||||
2 | Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары көтерілетіні және өсу себептерін растайтын негіздеуші материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы ақпаратты күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын электрондық нысанда беру талабын сақтау | ||||
3 | Уәкілетті органға баға сараптамасы шеңберінде құжаттар мен мәліметтерді не шекті бағаны көтеру себептерін растап, негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, хабарлама ұсыну туралы талапты сақтау | ||||
4 | Шекті бағаны көтерместен қоғамдық маңызы бар нарықтарда өткізілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларын дербес төмендеткен немесе көтерген кезде уәкілетті органға бағаны төмендеткен немесе көтерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей төмендету немесе көтеру себептерін көрсететін ақпарат беру туралы талапты сақтау | ||||
5 | Жария тыңдауларды өткізу күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша жария тыңдаулар өткізгенге дейін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) баға жобаларын, экономикалық тұрғыдан негізделген есептеулермен тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын көтеру себептері туралы ақпарат беру бойынша қажеттілікті сақтау | ||||
6 | Алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен қайтару туралы талапты сақтау | ||||
7 | Шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған кірісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган сондай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған кезде алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен қайтару туралы талапты сақтау | ||||
8 | Бұқаралық ақпарат құралдарында тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағалардың артуы туралы ақпаратты және негіздейтін материалдарды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жіберген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыру туралы талабын сақтау | ||||
9 | Шекті бағаларда ескерілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде тұтынушылардың жекелеген топтарының тұтыну көлемінің асып кетуі | ||||
10 | Табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаның асып кетуі | ||||
11 | Өзінің интернет-ресурсында не табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында босату бағалары туралы, жария тыңдаулардың нәтижелері және қаржылық есептілік туралы ақпаратты орналастыру туралы міндетті сақтау | ||||
12 | уәкілетті органның хабарламасын немесе дәлелді қорытындысын алған негізінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) шекті бағасын белгілеу туралы талабын сақтау |
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________________ ______________
лауазымы қолы
_________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау және қадағалау
субъектісінің басшысы _______________________________________ ______________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)