"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 65 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 20 мамырдағы № 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20760 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 65 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13653 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызмет қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Академия қызметінің негізгі міндеттері:

      1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру;

      2) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жүргізу;

      3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру;

      4) құқық қорғау органдарына қызметке алғашқы рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлық.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Казақстан Республикасының Бас Прокуроры Г. Нурдаулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады