Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20768 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 149-бабы 1-тармағының екінші бөлімінің 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасын Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-58/2020
бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы (бұдан әрі - Кәсіпорын) басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурстық іріктеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу тәртібі

      2. Кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының (бұдан әрі - Кәсіпорын басшысы) бос лауазымына конкурстық іріктеуді Кәсіпорынның Байқау кеңесі жүзеге асырады.

      3. Кәсіпорынның Байқау кеңесі:

      1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) конкурстың шарттары, күні мен орнын айқындайды;

      3) Кәсіпорын қаражаты есебінен конкурс өткізу туралы хабарландырудың жариялануын қамтамасыз етеді;

      4) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;

      5) конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді және әңгімелесу қортындысы бойынша оң шешім алған қатысушыны айқындайды;

      6) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы орган) Кәсіпорынның басшысы оң шешім алған қатысушыны тағайындау туралы ұсыныс енгізеді.

      4. Байқау кеңесінің қызметін Кәсіпорынның персоналды басқару қызметі жұмыскерлері ішінен конкурсты өткізу бойынша тағайындалған хатшы қамтамасыз етеді.

      5. Конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе денсаулық сақтау саласындаға уәкілетті органының, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде құжаттарды қабылдауды сақтау күніне дейін он бес күнтізбелік күн бұрын жарияланады.

      6. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай ақпаратты және құжаттар тізбесін қамтиды:

      1) конкурстың өткізілетін күні мен орны;

      2) орналасқан жері, поштасының мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы көрсетілген Кәсіпорынның атауы;

      3) Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы;

      4) Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері;

      5) конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар;

      6) конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдауды бастау және аяқтау күні.

      7. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;

      2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

      3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

      4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

      5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

      8. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

      9. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      10. Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

      11. Байқау кеңесі "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелген) республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарының басшысы лауазымына қойылатын талаптардың сәйкестігіне ұсынылған және 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 26-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы мен 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген талаптарына құжаттарды қарайды және құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

      12. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша хатшы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және оны өткізу кестесін қалыптастырады.

      13. Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі мен әңгімелесу жүргізу кестесі кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылдағаннан күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), Кәсіпорынның интернет-ресурстарында және Кәсіпорынның ғимаратында жалпыға бірдей қолжетімді орындарда орналастырылады.

      14. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде әңгімелесу жүргізу күні туралы хатшы хабарлайды. Хабарлама телефон бойынша, кандидаттардың электрондық поштасына және ұялы телефонына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      15. Әңгімелесуге жіберілмеген конкурсқа қатысушыларды кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдағаннан күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде хатшы хабардар етеді.

      16. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқау кеңесі оларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

      17. Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы;

      2) кандидаттың құзыретін бағалау.

      Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы кезінде кандидат Кәсіпорынның негізгі мәселелеріне талдауды және оларды шешу үшін ұсынылатын шешімдерді ұсынады.

      Құзыреттілікті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу бойынша қабылданатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.

      18. Кандидат, егер оған Байқау кеңесі құрамынан қатысқандардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған жағдайда, Байқау кеңесі төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      19. Конкурс өткізу бойынша Байқау кеңесінің отырысы Байқау кеңесі мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде жарамды деп есептеледі.

      20. Ерекше пікірі бар Байқау кеңесі мүшесі оны жазбаша түрде жазады және ол хаттамаға қоса тіркеледі.

      Талқылау барысы және қабылданған шешім хаттама түрінде ресімделеді, оған Байқау кеңесінің барлық мүшелері қол қояды.

      Байқау кеңесі отырысының хаттамасын конкурстың хатшысы ресімдейді.

      21. Байқау кеңесі егер:

      1) конкурстық өтінімдер қабылданбаған немесе кері қайтарып алынған;

      2) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау нәтижесінде әңгімелесуге жіберілген кандидат анықталмаса немесе оң шешім алған кандидат анықталмаған жағдайда конкурсты өтпеді деп тану және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.

3-тарау. Кәсіпорын басшысы лауазымына тағайындау

      22. Байқау кеңесінің оң шешім алған кандидатпен тиісті саланың уәкілетті органының басшысы (жергілікті атқарушы орган) еңбек шартын жасасады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарады, онымен Кәсіпорын басшысы танысады.

      Байқау кеңесінің оң шешімін алған кандидат бір уақытта "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

      23. Кәсіпорын басшысының бос лауазымына конкурс өткізу кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады