"Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20780 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1 "Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-21) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:":

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау және "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына куәлiкті беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";

      2-тармқтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ шетелдік және азаматтығы жоқ адам.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар).

      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар жергілікті атқарушы органдарда есепке алынуға жатады.";

      6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау кезінде компьютерлік кешеннің тестілеу бағдарламасымен емтихан өткізу арқылы өтініш берушілердің теориялық білімін тексеру жүзеге асырылады.

      Емтихандар қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) уәкілетті органның интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша өткізіледі.

      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді ресімдеуді жергілікті атқарушы органдар емтиханың оң нәтижесі болған жағдайда жүзеге асырады.

      7. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына куәлiкті беру" мемлекеттік қызметі стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет стандарты) осы Қағидалардың 1-қосымша нысанына (бұдан әрі - 1-өтініш) және осы Қағидалардың 8-тармағындағы 1-1-қосымшасында қарастырылған құжаттарға сәйкес өтініш жібереді.

      Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік қызмет стандартында жазылған.

      8. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар төлнұсқасы ұсынылады. Құжаттардың төлнұсқалары көшірмелермен салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады. Құжаттардың төлнұсқада ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

      Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынғаннан кейін өтініш берушіге мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Өтініш беруші мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушінің мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсыну мәніне тексергеннен кейін, оны өтініш беруші үшін жұмыс орынымен жабдықталған Мемлекеттік корпорацияның үй-жайына (емтихан класына) емтихан тапсыруға осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен жібереді. Өтініш берушіні емтиханға жіберу мерзімі Мемлекеттік корпорацияда өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) сағатты құрайды.

      Құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі, сондай-ақ емтихан өткізілетін орны мен уақыты және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу туралы хабарлама жіберіледі.

      Портал арқылы құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, жергілікті атқарушы орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту береді.

      Жергілікті атқарушы орган басшысының қолы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды қағаз немесе құжат нысанында жіберіледі.";

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту негіздері мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Емтихан аяқталғаннан кейін өтініш берушінің АЖО-сында оған ұсынылған сұрақтар, сондай-ақ оның таңдаған жауаптары көрсетіледі.

      Емтихан нәтижесі өтініш берушінің АЖО-нан 1-өтінішке сәйкес нысан бойынша басып шығару үшін Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ОП-ге беріледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. "Сынақтан өтті" деген баға өтініш беруші белгіленген уақытта сұрақтардың кемінде сексен пайызына дұрыс жауап бергенде қойылады. Олай болмаған жағдайда, өтініш берушіге "сынақтан өткен жоқ" деген баға қойылады.

      Ескертпе: "Сынақтан өтті" деген баға өтініш беруші емтиханға келмеген жағдайда да қойылады.

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жергілікті атқарушы органның қызметкері құжаттарды олар келіп түскен күні тіркейді.

      Емтиханды сәтті тапсырған өтініш берушілерге жергілікті атқарушы органдармен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он жыл мерзімге шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер береді.

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      30. Жергілікті атқарушы орган шағын көлемді кемелерді басқару құқығына рәсімделген куәлікті, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартымен белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің қолданылу мерзімінін өтуі бойынша шағын көлемді кеме жүргізушісі жаңа куәлікті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға ммлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді басқару құқығына бұдан бұрын берілген куәлікті ұсынады. Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда, құжаттарды порталға тапсырған күні 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екі фотосурет Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады және жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

      Бұл ретте шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлікті беру құжаттар берілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағын көлемді кеме жүргізушісінің емтихан тапсыруынсыз жүргізіледі.

      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына бұрын берілген куәлік кеме жүргізушісінен қайтарып алынады және бір жылдан кейін оны жергілікті атқарушы орган жояды.

      мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

      "6-тарау.Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі.

      47. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы орган басшысының атына берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда 1-1 және 2-1- қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 19 мамырдағы
№ 302 бұйрығына 1-қосымша
  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
1-1-қосымша

"Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкіметі" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап-3 (үш) жұмыс күні;
2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 2 (екі) жұмыс күні;
3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 3 (үш) жұмыс күні;

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қағаз түріндегі өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасы не бас тарту туралы дәлелді жауап.
Ескертпе: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз түрінде беру мемлекеттік корпорацияның таңдалған бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда, дәлелді жауп түріндегі мемлекеттік қызметтін нәтижесі өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібіреді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
Мемлекеттік қызмет жылдамдатылған қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) портал - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz ("Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде);
2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;
3) www.egov.kz порталында орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
1-өтінішке сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік (анықтама)*.
ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екi фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа адамды сәйкестендіру үшін ұсынылады).
2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін:
1-өтінішке сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;
№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
порталға:
4) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
1-өтінішке сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық сұрау салу;
кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын аяқталған туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;
№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмсі ;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет (емтиханды сәтті тапсырған жағдайда Мемлекеттік корпарацияға ұсынылады);
5) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық сұрау салу;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды порталға жіберген күні ұсынылады);
6) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін:
1-өтінішке сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық сұрау салу;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі ;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі түрлі-түсті фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды порталға жіберген күні ұсынылады);

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.
Өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольді қолдана отырып портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 19 мамырдағы
№ 302 бұйрығына 2-қосымша
  Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
2-1-қосымша
  Нысан
  (Көрсетілетін қызметті
алушының
тегі, аты, болса әкесінің аты
не алушы ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына куәлiкті беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) …..

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      __________________________________________________________________________

      Т.А.Ә. ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық

      емес акционерлік қоғамының қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә.

      Телефон:

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "__" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады