"Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 маусымда № 20789 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10372 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 111-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакциядағы 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 227 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 513 бұйрығына
1-қосымша

Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алу жөніндегі қызметті филиалдар және (немесе) өкілдіктер құру жолымен жүзеге асыратын агенттіктерді аккредиттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы;

      2) бала асырап алу жөніндегі агенттіктер (бұдан әрі – агенттіктер) – өз мемлекетінің аумағында балаларды асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес шетелдік ұйымдар;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).

      3. Кодекстің 111-бабының 1-тармағына сәйкес агенттіктер аккредиттеуге жатады.

      Құжаттарды қараудың және агенттіктерді аккредиттеудің мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.

2-тарау. Агенттіктерді аккредиттеу тәртібі

      4. Агенттікті аккредиттеу туралы, оның ішінде аккредиттеуден бас тарту туралы, сондай-ақ аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде бас тарту туралы мәселені Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қарайды.

      5. Қызметті аккредиттеу үшін агенттіктің сенім білдірілген тұлғасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу немесе аккредиттеу мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      6. Барлық ұсынылған құжаттар "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 16116 болып тіркелген) және "Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздағы Заңына сәйкес заңдастырылады.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген құжаттар тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік тілінде ұсынылады, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылуға жатады.

      7. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      10. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші өз құзыреті шегінде аккредиттеу мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар беретін Әділет, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерімен (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) келісім бойынша қабылдайды.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші екі күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік органдарға келісу үшін Стандарттың 8-тармағында көзделген құжаттарды жолдайды, олар құжаттар келіп түскен және көрсетілетін қызметті берушіден сұрау түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағында агенттіктің қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытынды береді.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Кодекстің шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексереді және Қазақстан Республикасының аумағында агенттіктің қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытындының негізінде бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу туралы не Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша аккредиттеуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      13. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімді немесе аккредиттеуден бас тартуды көрсетілетін қызметті беруші оны қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде береді.

      14. Агенттікті аккредиттеу туралы шешім жоғалған кезде, көрсетілетін қызметті алушы тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіден оның телнұсқасын алады.

      Бұл ретте агенттікті аккредиттеу туралы шешім түпнұсқасының күші жойылды деп танылады

      15. Агенттіктер бір жыл мерзімге аккредиттеледі. Агенттікті аккредиттеу туралы шешім иеліктен шығарылмайды және басқа адамдарға беруге жатпайды.

      16. Аккредиттеуден бас тартылған агенттіктер алты ай өткеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге қайта жүгінеді.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      18. Ақпараттық жүйенің немесе порталдың жұмысында іркіліс болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінімнің нөмірін көрсете отырып және қатенің нақты уақытын көрсете отырып, авторизация сәтінен бастап қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, sd@nіtec.kz электрондық пошта арқылы сұрау салу арқылы мемлекеттік сараптама ұйымының немесе "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторының техникалық қолдау қызметіне дереу хабарлайды.

3-тарау. Ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) мерзімінен бұрын агенттіктерді аккредиттеуді тоқтату

      19. Аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін көрсетілетін қызметті алушы аккредиттеу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу немесе аккредиттеу мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      20. Барлық ұсынылған құжаттар "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 16116 болып тіркелген) және "Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздағы Заңына сәйкес заңдастырылады.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген құжаттар тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік тілінде ұсынылады, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылуға жатады.

      21. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      22. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      23. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      24. Көрсетілетін қызметті беруші 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту және агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы не агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы дәлелді шешім қабылдау үшін талаптарға және негіздерге сәйкестігін тексереді.

      25. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы дәлелді шешімді немесе агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тартуды көрсетілетін қызметті беруші ол қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.

      26. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзартуға не аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тартуға арналған құжаттарды қараудың жалпы мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      27. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      28. Ақпараттық жүйенің немесе порталдың жұмысында іркіліс болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінімнің нөмірін көрсете отырып және қатенің нақты уақытын көрсете отырып, авторизация сәтінен бастап қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, sd@nіtec.kz электрондық пошта арқылы сұрау салу арқылы мемлекеттік сараптама ұйымының немесе "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторының техникалық қолдау қызметіне дереу хабарлайды.

      29. Агенттікті аккредиттеу мерзімі, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық талаптарды сақтаған жағдайда, осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін агенттікті алғашқы аккредиттеуден кейін бір жыл ішінде автоматты түрде ұзартылады.

      30. Агенттікті аккредиттеуді тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде бір ай ішінде оның қолданылуын көрсетілетін қызметті беруші жаңартады.

      Егер агенттік қызметін тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар (мән-жайлар) белгіленген мерзімде жойылмаса, көрсетілетін қызметті беруші агенттік қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      31. Филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметін мерзімінен бұрын тоқтату, оның қызметін ұзарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші негізделіп қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      32. Филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметі мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) балаларды асырап алу жөніндегі қызметін агенттіктің құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырмаса;

      2) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды бір ай ішінде жоймаса;

      3) филиал және (немесе) өкілдік қызметін тоқтату туралы өтініш берсе;

      4) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтсе және аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаса.

      33. Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату мәселелерін көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған (туындаған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      34. Филиалды және (немесе) өкілдікті қызметті тоқтата тұру немесе тоқтату туралы дәлелді шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші хабардар етеді.

      35. Аккредиттеу, агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші шешімді көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы таратады.

      36. Агенттік басшысының тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, аккредиттелген агенттіктер көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды және осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, аккредиттеу туралы шешімді қайта ресімдеу туралы өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді.

      Әрбір бес жыл сайын агенттік көрсетілетін қызметті берушіге агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органы берген, агенттік осы өкілеттіктерді жүзеге асыратын мерзімін көрсете отырып, өз мемлекетінің аумағында бала асырап алу саласындағы агенттіктің қызметін растайтын жаңартылған құжаттарды ұсынады.

      37. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті жазбаша өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде агенттікті аккредиттеу туралы шешімді қайта ресімдейді.

      Бұл ретте агенттікті аккредиттеу туралы бұрын берілген шешімнің күші жойылды деп танылады және көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады.

4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      38. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      39. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Бала асырап алу жөніндегі
агенттіктерді аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын
қорғау комитетінің төрағасы
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
бала асырап алу жөніндегі
агенттіктің cенім білдірген
адамы
__________________________
(байланыс телефондарын
көрсете отырып, агенттіктің
қысқартусыз толық атауы,
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Өтініш

      Сізден Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алу жөніндегі

      қызметті жүзеге асыру үшін _______________________________________________

                                    (агенттіктің және ол орналасқан мемлекеттің атауы)

      бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу немесе бала асырап алу жөніндегі

      агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін ұсынған құжаттарын (керегін таңдау)

      қарастыруды сұраймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      "___" _______ 20__ жыл ______________________________

                              сенім білдірген адамның қолы

  Бала асырап алу жөніндегі
агенттіктерді аккредиттеу
қағидаларына
2-қосымша

"Бала асырап алу агенттігін аккредиттеу немесе аккредиттеу мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік отыз күн;
бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік он бес күн;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің барынша рұқсат берілетін уақыты – 20 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ьарынша рұқсат берілетін – 30 минут.

4

Қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу туралы шешім не бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді шешім.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қағаз тасымалдағышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.bala.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
3) egov.kz. порталында орналасқан.

8

Құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу үшін:
1-1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
1-2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
1-3) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
1-4) тиісті салада қызметті жүзеге асыруға өкілеттігін растайтын, бала асырап алу жөніндегі агенттік (бұдан әрі – агенттік) орналасқан мемлекеттің құзыретті органы берген құжаттың көшірмесі;
1-5) агенттіктің өкілеттігін растайтын құжатты берген немесе агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында тиісті қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттің құзыретті органының ұсыным хаты;
1-6) бала асырап алуға үміткерлерге агенттік ұсынатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
1-7) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесіне бақылауды жүзеге асыру және тиісті есептер беру жөніндегі міндеттеме;
1-8) бала асырап алушылардың өздері тұратын мемлекетке келген соң асырап алынған баланың Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттеме;
1-9) агенттіктің көрсетілетін қызметті алушыға берген нотариалды куәландырылған сенімхаты;
1-10) агенттік орналасқан мемлекеттің аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында агенттіктің қызметі тоқтатылған жағдайда, белгіленген тәртіппен асырап алынған балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары туралы есептер мен ақпаратты беріп отыратын органды немесе ұйымды тағайындау туралы агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының міндеттемесі;
1-11) агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының баланың қайтыс болуы, оған қатыгездік көрсету, оның ішінде балаға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастық жасау фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына хабар беру туралы міндеттемесі;
1-12) агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының агенттіктің құрылтай құжаттарындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органын хабардар ету туралы міндеттемесі;
портал арқылы:
1-1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
1-2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерінің электронды көшірмесі;
1-3) бала асырап алу жөніндегі агенттік (бұдан әрі – агенттік) орналасқан мемлекеттің құзыретті органы берген оның тиісті салада қызметті жүзеге асыруға өкілеттігін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
1-4) агенттіктің өкілеттігін растайтын құжатты берген немесе агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында тиісті қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттің құзыретті органының ұсыным хатының электронды көшірмесі;
1-5) бала асырап алуға үміткерлерге агенттік ұсынатын, көрсетілетін қызметтер тізбесінің электронды көшірмесі;
1-6) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесіне бақылауды жүзеге асыру және тиісті есептер беру жөніндегі міндеттеменің электронды көшірмесі;
1-7) бала асырап алушылардың өздері тұратын мемлекетке келген соң асырап алынған баланың Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттеменің электронды көшірмесі;
1-8) агенттіктің көрсетілетін қызметті алушыға берген нотариалды куәландырылған сенімхатының электронды көшірмесі;
1-9) агенттік орналасқан мемлекеттің аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында агенттіктің қызметі тоқтатылған жағдайда, белгіленген тәртіппен асырап алынған балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары туралы есептер мен ақпаратты беріп отыратын органды немесе ұйымды тағайындау туралы агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының міндеттемесінің электрондық көшермесі;
1-10) агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының баланың қайтыс болуы, оған қатыгездік көрсету, оның ішінде балаға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастық жасау фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына хабар беру туралы міндеттемесінің электрондық көшермесі;
1-11) агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының агенттіктің құрылтай құжаттарындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органын хабардар ету туралы міндеттемесінің электрондық көшермесі.
2) бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
2-1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2-2) бала асырап алу жөніндегі агенттіктің сенім білдірген адамға берген нотариалды куәландырылған сенімхатының көшірмесі.
портал арқылы:
2-1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
2-2) агенттіктің сенім білдірген адамға берген нотариалды куәландырылған сенімхатының көшірмесі.
Барлық ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен заңдастырылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген құжаттар тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік тілінде ұсынылады, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылуға жатады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу үшін:
1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болмауы;
2) өз қызметі туралы дәйексіз мәліметтер ұсынылуы;
3) агенттіктің немесе оның филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметі туралы шет мемлекеттің құзыретті органдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан келіп түскен жағымсыз ақпараттың болуы;
4) агенттік орналасқан мемлекеттегі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялық ахуал, әскери іс-қимылдардың жүзеге асырылуы;
5) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы;
6) агенттіктің асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесін бақылауды жүзеге асыру және белгіленген тәртіппен тиісті есептер мен ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
7) агенттіктің асырап алынған баланың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
8) агенттіктің өз мемлекеті аумағында қызметінің тоқтатылуы;
9) Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің белгіленген санынан асуы.
бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін:
1) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі нормаларының сақталмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландыру арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ, Бірыңғай байланыс орталығының "1414", 8 800 080 7777 телефоны арқылы алады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 227 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 513 бұйрығына
2-қосымша

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы.

      2) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ұйым) – Кодексте белгіленген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға тәрбиелеуге орналастыруға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемдесуді өтеусіз негізде жүзеге асыратын және осындай қызметті жүзеге асыру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен аккредиттелген коммерциялық емес ұйым.

      3. Аккредиттеу туралы өтініш берілген сәтте кемінде бес жыл жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары құрылтайшылары болып табылатын коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуге жатады.

2-тарау. Ұйымдарды аккредиттеу тәртібі

      4. Ұйымды аккредиттеу, оның ішінде аккредиттеуден бас тарту туралы мәселені Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) қарайды.

      5. Жұмысты жүзеге асыру үшін ұйым Комитетке мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

      2) жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында ұйымдар бірлесіп немесе олардың тапсырысы бойынша іс-шараларды іске асырған мемлекеттік органдардан кемінде үш ұсыныс хат;

      3) ұйымның Қазақстан Республикасының азаматтарына өтеусіз негізде ұсынатын кешенді қызметтерінің тізбесі;

      4) баланың қайтыс болу, оған қатыгездік көрсету, оның ішінде балаға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастық жасау фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабар беру туралы міндеттемесін;

      5) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы дербес деректерді жария етпеу туралы міндеттеме;

      6) ұйымның құрылтай құжаттарындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органын хабардар ету туралы міндеттеме;

      7) жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдарды даярлау бағдарламалары;

      8) салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама.

      6. Аккредиттеу туралы өтінішін Комитет осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      7. Ұйымды аккредиттеу туралы шешімді немесе аккредиттеуден бас тартуды Комитет бас тартқан жағдайда негіздей отырып, аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде береді.

      8. Ұйым аккредиттеу туралы шешім жоғалған кезде тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Комитеттен оның телнұсқасын алады.

      Бұл ретте ұйымды аккредиттеу туралы шешім түпнұсқасының күші жойылды деп танылады.

      9. Ұйым ұзарту құқығымен бір жыл мерзімге аккредиттеледі. Ұйымды аккредиттеу туралы шешім иеліктен шығарылмайды және басқа адамдарға беруге жатпайды.

      10. Кодекстің 112-1-бабына сәйкес ұйымды аккредиттеуден, оның қызмет мерзімін ұзартудан және (немесе) оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтатудан бас тарту негіздері:

      1) ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) ұйымның өз қызметі туралы дәйексіз мәліметтер беруі;

      3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы;

      4) аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды бір айдың ішінде жоймау;

      5) ұйым қызметінің тоқтатылуы.

      11. Аккредиттеуден бас тарту туралы шешім алған ұйым алты ай өткеннен кейін Комитетке қайта жүгінеді.

      12. Ұйымды аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін аккредиттеу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Комитетке мерзімді ұзарту туралы өтініш береді.

      Ұйымды аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы өтінішті Комитет өтінішті қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Ұйымды аккредиттеу мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы дәлелді шешімді Комитет қабылдап, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұйымға жібереді.

      13. Егер ұйым алғашқы аккредиттеуден кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық талаптарды сақтаған болса, осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзім өткен соң ұйымды аккредиттеу мерзімі өздігінен ұзартылады.

      14. Комитет аккредиттеудің қолданылуын тоқтата тұру мәселесін қарайды.

      15. Ұйымды аккредиттеуді тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бір ай ішінде жойылған кезде Комитет оның қолданысын жаңартады.

      Егер ұйым қызметін тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар (мән-жайлар) белгіленген мерзімде жойылмаса, Комитет ұйымның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      16. Ұйымның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату, оның қызметін ұзарту туралы шешімді Комитет негізделіп қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      17. Ұйымның қызметі мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес отбасыларға тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі қызметті жүзеге асырмау;

      2) ұйымды аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды бір ай ішінде жоймаса;

      3) ұйым қызметін тоқтату туралы өтініш берсе;

      4) ұйымды аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтсе және аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаса.

      18. Ұйымның қызметін тоқтату мәселелерін Комитет осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған (туындаған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      19. Қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы дәлелді шешім қабылданғаннан кейін Комитет ұйымды бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      20. Ұйымның қызметін аккредиттеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімді Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы таратады.

      21. Ұйымның басшысының тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттелген агенттіктер аккредиттеу туралы шешімді қайта ресімдеу туралы Комитетке көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды және осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып өтініш береді.

      22. Комитет тиісті жазбаша өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұйымды аккредиттеу туралы шешімді қайта ресімдейді.

      Бұл ретте, ұйымды аккредиттеу туралы бұрын берілген шешімнің күші жойылды деп танылады және Комитетке қайтарылады.

  Жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды
Қазақстан Республикасы
азаматтарының отбасыларына
орналастыруға жәрдем көрсету
жөніндегі ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігі Балалардың
құқықтарын қорғау
комитетінің төрағасы
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
коммерциялық емес
ұйымның сенім білдірген
адамы
_________________________
(байланыс телефондарын
көрсете отырып, қысқартусыз
ұйымның толық атауы,
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Өтініш

      Сізден жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

      балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасына тәрбиелеуге

      орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін

      ________________________________________________________________

                              (ұйымның атауын көрсету)

      жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды

      Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға

      жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу үшін ұсынған құжаттарын

      қарастыруды сұраймын.

      "___" _______ 20__ жыл _____________________________

                                    сенім білдірген адамның қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады