"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы"

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 маусымда № 20823 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 23.11.2021 № 477 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;

      3) күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 19.07.2021 № 258 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Экологиялық ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 19.07.2021 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2023 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау Комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекетік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі берілген тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 Бұйрыққа
1-қосымша

"Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің осы Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы:

      1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке тұлғаның өтініші;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін заңды тұлғаның өтініші;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны;

      2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат осы Қағиданың 6-қосымшасында "Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі порталға келіп түскен күні қоса тіркелген құжаттармен өтініштерді тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтер және төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

      орындаушы өтініштің тіркелген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын, осы Қағиданың 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тексереді;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) әрекет ету мерзімі өткендігі анықталған жағдайда орындаушы жоғарыда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту, өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жолданады;

      ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, орындаушы құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесіне өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жолдайды;

      аумақтық бөлім 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 6 "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 10333, 2015 жылдың 20 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) бұйрығының талаптарына сәйкестігін тексереді және оның нәтижелері туралы қорытынды ұсынады;

      көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы аумақтық бөлімнен қорытынды алғаннан кейін, жұмыстарды орындау және қоршаған ортаны қорғау саласында қызметтер көрсетуге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындайды;

      көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны, не көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуден электрондық құжат нысанындағы дәлелді бас тартуды жеке кабинетінде порталда алады.

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаралады;

      орындаушы өтініш беруші құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын, осы Қағиданың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тексереді;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) әрекет ету мерзімі өткендігі анықталған жағдайда орындаушы жоғарыда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту, өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жолданады;

      ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда орындаушы оларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - РХТ заңы) сәйкестігін қарастырады және шешім дайындайды;

      көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны, не көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуден электрондық құжат нысанындағы дәлелді бас тартуды жеке кабинетінде порталда алады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болады:

      1) қызметті алушыға осы қызмет түрімен айналысуға РХТ заңының 32-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес тыйым салынуы;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;

      3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленбеуі;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш білдірген қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы.

      6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оларды лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына осы Қағиданың 6-қосымшасының 7-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, портал арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жұмыс күндері беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның - оның атауы, поштасының мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымның қабылданғанын растау - шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, шағымға жауап алу уақыты мен орны көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде, өтінім туралы ақпарат қол жетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінімді өңдеу барысында (жеткізу белгісі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қарауға қабылдаудан бас тарту туралы) жаңартылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      9. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

      10. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді ұсынудың бірыңғай байланыс орталығы арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары: бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Қоршаған ортаны қорғау
саласында жұмыстарды
орындауға және қызметтер
көрсетуге лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет Қағидасына
1-қосымша
  Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің (лері) толық атауы көрсетілсін)

      ________________________________________________________________________________

      жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______________

      (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      беруіңізді сұраймын

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекен-жайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      _____ парақ қоса беріледі

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері

      бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің

      лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

      беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      Жеке тұлға ______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20 жылғы " "

      Электрондық цифрлық қолтаңба орны

  "Қоршаған ортаны қорғау
саласында жұмыстарды
орындауға және қызметтер
көрсетуге лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет Қағидасына
2-қосымша
  Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (соның ішінде

      шетелдік заңды тұлға), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда –

      шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі)__________________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы

      көрсетiлсiн)_____________________________________________________________________

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______

      (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекен-жайы

      ________________________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекен-жайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат(стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің

      лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

      беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді. Осымен өзіммен

      (толтырылған) ұсынылған ақпаратты Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес

      жауапкершілік артуыма келісім беремін.

      Басшы ______________ ___________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20 жылғы " "

      Электрондық цифрлық қолтаңба орны

  "Қоршаған ортаны қорғау
саласында жұмыстарды
орындауға және қызметтер
көрсетуге лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет Қағидасына
3-қосымша
  Нысан

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысандары

      1. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғатты қорғауды жобалау,

      нормалау және (немесе) экологиялық аудит жөніндегі қызмет үшін жеке тұлғаларға:

      1) бейіні бойынша тиісті жоғары білімі:

      мамандықтың және біліктіліктің атауы ______________________________;

      дипломның нөмірі және берілген күн _______________________________;

      диплом берілген орны ____________________________________________;

      диплом берген оқу орнының атауы _________________________________.

      шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және

      нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні __________________________;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл оның ішінде, экологиялық аудит

      жөніндегі қызмет үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау саласындағы практикалық

      жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл:

      қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс өтілі ______________________;

      табиғатты қорғауды жобалау нормалау саласындағы жұмыс өтілі _______;

      жұмыс орны ____________________________________________________;

      атқаратын лауазымы _____________________________________________;

      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының

      нөмірі және күні _________________________________________________.

      3) аккредиттелген мамандандырылған зертхана не аккредиттелген зертханалары бар

      ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт:

      өз зертханасының болуы __________________________________________;

      аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні __________________________;

      аккредиттеу саласы ______________________________________________;

      аттестатты берген орган __________________________________________;

      аттестат берген орын _____________________________________________;

      аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі ______________________;

      өз зертханасы болмаған жағдайда:

      аккредиттелген зертханалары бар ұйымдардың аналитикалық жұмыстарды

      (қызметтерді) орындауы туралы келісім-шарт;

      зертханасы бар ұйымның атауы ____________________________________;

      шарттың нөмірі және жасалған күні _________________________________;

      аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні __________________________;

      аккредиттеу саласы ______________________________________________;

      аккредиттеу аттестатын берген орган _______________________________;

      аккредиттеу туралы куәліктің берілген орны _________________________;

      аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі ______________________;

      4) қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешен:

      бағдарламалық кешеннің атауы;

      бағдарламалық кешеннің өндірушісі.

      2. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғатты қорғауды жобалау,

      нормалау және экологиялық аудит жөніндегі қызмет үшін заңды тұлғаларға:

      1) жоғары білімі (басшы үшін):

      мамандықтың және біліктіліктің атауы ______________________________;

      дипломның нөмірі және берілген күні _______________________________;

      диплом берілген орын ____________________________________________;

      диплом берген оқу орнының атауы _________________________________;

      шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және

      нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні __________________________;

      басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе

      жеке еңбек шартының нөмірі және күні ___________________________________________.

      2) осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін бейіні бойынша тиісті жоғары білімі,

      қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар кем

      дегенде екі маманның болуы:

      маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      атқаратын лауазымы;

      қоршаған ортаны қорғау саласындаға жұмыс өтілі;

      атқаратын лауазымдары;

      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек

      шартының нөмірі және күні ________________________________;

      мамандықтың және біліктіліктің атауы ______________________________;

      дипломның нөмірі және берілген күні _______________________________;

      диплом берілген орын ____________________________________________;

      диплом берген оқу орнының атауы _________________________________;

      шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және

      нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні __________________________;

      экологиялық аудит үшін осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін кем дегенде екі эколог аудитордың болуы:

      эколог аудиторының тегі, аты, әкесінің аты ___________________________;

      атқаратын лауазымы _____________________________________________;

      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек

      шартының нөмірі және күні _______________________________________________________;

      қызметтің кіші түрі (экологиялық аудит) көрсетілген лицензияның берілген күні және

      нөмірі ________________________________________________________________;

      3) аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар

      ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт:

      өз зертханасының болуы __________________________________________;

      аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні __________________________;

      аккредиттеу саласы ______________________________________________;

      аккредиттеу аттестатын берген орган _______________________________;

      аккредиттеу аттестаты берілген орын _______________________________;

      аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі ______________________;

      өз зертханасы болмаған жағдайда:

      зертханасы бар ұйымның атауы ____________________________________;

      шарттың нөмірі және жасалған күні _________________________________;

      аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні __________________________;

      аккредиттеу саласы ______________________________________________;

      аккредиттеу аттестатын берген орган _______________________________;

      аттестат берілген жер ____________________________________________;

      аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі _____________________.

      4) қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешен:

      бағдарламалық кешеннің атауы ____________________________________;

      бағдарламалық кешеннің өндірушісі ________________________________.

  "Қоршаған ортаны қорғау
саласында жұмыстарды
орындауға және қызметтер
көрсетуге лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет Қағидасына
4-қосымша
  Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      __________________________________________________________________ жүзеге асыруға

      20 жылғы " " №, берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың)

      нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген

      лицензиардың атауы)

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі;

      2) дара кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі;

      3) дара кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі;

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші

      тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы

      бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы _____________________________________;

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе

      лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның

      орналасқан жерінің мекен-жайы өзгеруі _____________________________________________;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда

      _________________________________________________;

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________________________________________;

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ______________________________________________

      негіз(дер) бойынша қайта ресімдеуіңізді сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің

      мекен-жайы ____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекен-жайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат(стационарлық үй-жайлар нөмірі)______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері

      бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің

      лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

      беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға ______________________________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20 жылғы " "

      Электрондық цифрлық қолтаңба орны

  "Қоршаған ортаны қорғау
саласында жұмыстарды
орындауға және қызметтер
көрсетуге лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет Қағидасына
5-қосымша
  Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (соның ішінде

      шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда –

      шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі)__________________________________________________________________________

      жүзеге асыруға (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      20 ___ жылғы "___"_____________ № ____________ ______________ берілген, (лицензияны

      және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және

      (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және

      (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ________

      (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай

      (тиісті жолға Х қою қажет): 1) заңды тұлға-лицензиат РХТ заңының 34-бабында айқындалған

      тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ___________________________________________________________________________

      қайта құру ______________________________________________________________________

      қосылу _________________________________________________________________________

      бөліп шығару ____________________________________________________________________

      бөліну ________________________________ жолымен қайта ұйымдастырылуы;

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі __________________________________________;

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _______________________________

      _______________________________________________________________________________;

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші

      тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы

      бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы

      _______________________________________________________________________________;

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе

      лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның

      орналасқан жерінің мекен-жайы өзгеруі ____________

      _______________________________________________________________________________:

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда

      _______________________________________________________________________________;

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____________________________________________________;

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ______________________________________________

      негіздер бойынша қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекен-жайы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік қатысуымен заңды тұлға үшін-елі, пошталық

      индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді-мекені, көше атауы, үй/ ғимарат (стационарлық

      үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекен-жайы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді-мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері

      бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің

      лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

      беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы __________________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20 жылғы " "

      Электрондық цифрлық қолтаңба орны

  "Қоршаған ортаны қорғау
саласында жұмыстарды
орындауға және қызметтер
көрсетуге лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет Қағидасына
6-қосымша

"Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті.

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді тіркеген сәттен бастап:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) оның қосымшасын қайта ресімдеу, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсету нысаны электронды (толық электронды).

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет алушыларға ақылы негізде көрсетіледі.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензияны беруге және лицензияны қайта ресімдеуге лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 554-бабына сәйкес жүзеге асырылады:
лицензия беруге - 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК);
лицензияны қайта ресімдеуге - лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10 %-ды құрайды:
лицензияға қосымшаны беруге және қайта ресімдеуге лицензиялық алым алынбайды;
төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮТШ) жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 18:30 дейін.
Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.

8

Көрсетілетін қызметті алушыға жүгінген кезде мемлекеттік ызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін заңды тұлғаның өтініші.
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі мыналар болып табылады.

1) қызметті алушыға осы қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының 32-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес тыйым салынуы;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 6 "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 10333, 2015 жылдың 20 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) бұйрығында көрсетілген талаптарға сай келмеуі;
3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленбеуі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш білдірген қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 Бұйрыққа
2-қосымша

"Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің осы Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, (бұдан әрі - портал) арқылы:

      лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауарлардың жеке түрлерін экспортқа шығаруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауарлардың жеке түрлерін импортқа әкелуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші;

      делдалдық қызмет көрсету туралы (егер тапсырыс беруші ретінде делдал әрекет етсе) шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі;

      әзірлеушінің (өндірушінің), ол шығарған озон қабатын бұзатын заттардың немесе оларды құрайтын өнімдердің оларға сәйкес әзірленетін құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні туралы сәйкестік сертификатының және (немесе) жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі;

      адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдайда, озон қабатын бұзатын заттардың және оларды құрайтын өнімдерді әкелуді жүзеге асыратын өтініш берушінің қолданыстағы сақтандыру полисінің немесе Одаққа мүше мемлекет заңнамасында көзделген өзге де кепілдіктерін қамтамасыз етуін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы (егер қалпына келтіруді өтініш беруші жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін қондырғының болуын растау;

      кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыру туралы (қалпына келтіруді өтініш беруші жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасы Тараптарының шешімдерімен мақұлданған озон қабатын бұзатын заттарды жою технологияларына сай келетін қондырғының бар болуын растау;

      озон қабатын бұзатын заттардың шикізат ретінде пайдалану үшін әкелу мақсатында озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде ғана пайдаланатынын растайтын өтініш берушінің электрондық хаты немесе озон қабатын бұзатын заттардың озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын ұйыммен шарттың электрондық көшірмесі;

      егер Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында озон қабатын бұзатын заттардың бір рет пайдалану ыдысында әкелуге (әкетуге) тыйым салу белгіленген жағдайда озон қабатын бұзатын заттардың бірнеше рет пайдалану ыдысында тасымалданатынын растайтын мәліметтердың электрондық нысаны.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат осы Қағиданың 3-қосымшанда "Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі порталға келіп түскен күні қоса тіркелген құжаттармен өтініштерді тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің жеткізушісіне жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтер және төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Тауарлардың жеке түрлерін экспортқа шығаруға және импортқа әкелуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

      орындаушы өтініштің тіркелген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) әрекет ету мерзімі өткендігі анықталған жағдайда орындаушы жоғарыда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту, өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жолданады;

      ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды;

      егер қызметті алушы талаптарға сәйкес келсе, онда орындаушы тиісті жылдың ішінде озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың лимиттеріне (квоталарына) сәйкес Кеден одағынан тыс елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге озон қабатын бұзатын заттар мен олардан жасалған өнімдерді әкетуге лицензиясын мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайындайды;

      көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін Тиісті жылдық кезеңіне озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) сәйкес озонды бұзатын заттарды және құрамында солардың өнімдері бар заттарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және осы елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия мемлекеттік қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат порталға жеке кабинетіне жолданады.

      сәйкес келмеген жағдайда орындаушы мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап дайындайды;

      көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық құжат порталға жеке кабинетіне жолданады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болады:

      1) қызметті алушыға осы қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының 32-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес тыйым салынуы;

      2) лицензиялық алымның төленбеуі;

      3) қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығы "Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын, оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін, лицензия алуға өтінімді және (немесе) лицензияға қосымшаны, нысандарды бекіту туралы" бұйрығы. лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар "(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған) біліктілік талаптарына сай келмеуі;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш білдірген қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салуы;

      6) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 313-бабына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін озонды бұзатын заттарды тұтыну квоталарының болмауы;

      7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (ақпараттың) сенімсіздігінің анықталуы.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету сатысында мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректердің енгізілуін Заңның 5-бабы 2-тармағы 11) тармақмашасына қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына осы Қағиданың 3-қосымшасының 7-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, портал арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жұмыс күндері беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның - оның атауы, поштасының мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымның қабылданғанын растау - шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, шағымға жауап алу уақыты мен орны көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде, өтінім туралы ақпарат қол жетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінімді өңдеу барысында (жеткізу белгісі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қарауға қабылдаудан бас тарту туралы) жаңартылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      9. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

      10. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді ұсынудың бірыңғай байланыс орталығы арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары: бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында озонды бұзатын
заттар бар өнiмдердi Кеден
одағына кірмейтін елдерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкетуге
лицензия беру мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға лицензия беру туралы өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі жылы айы күнінен бастап жылы айы күнін қоса алғанда|

3.Лицензия типі
| ЭКСПОРТ

4. Келісімшарт №

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатушы ел |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық
құны

12. Шығарылған ел |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына арналған тауар коды және оның сипаттамасы ||

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Лауазымы
Телефоны
электрондық цифрлық қолтаңба орны күні

  Тауарлардың жекелеген
түрлерін экспорттауға лицензия
беру туралы өтінішке
қосымша
  Нысан

Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

жылғы № лицензияға қосымша

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ Парақ №

18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
электрондық цифрлық қолтаңба күні

  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында озонды бұзатын
заттар бар өнiмдердi Кеден
одағына кірмейтін елдерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкетуге
лицензия беру мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға лицензия беру туралы өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі жылы айы күнінен бастап жылы айы күнін қоса алғанда|

3. Лицензия типі
|ИМПОРТ

4. Келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатушы ел|

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған ел |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына арналған тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефоны
электрондық цифрлық қолтаңба орныкүні

  Тауарлардың жекелеген
түрлерін импорттауға лицензия
беру туралы өтінішке
қосымша
  Нысан

Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы

жылғы № лицензияға қосымша

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ Парақ №

18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
электрондық цифрлық қолтаңба күні

  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында озонды бұзатын
заттар бар өнiмдердi Кеден
одағына кірмейтін елдерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкетуге
лицензия беру мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
3-қосымша

"Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру". мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті.

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

"электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, арқылы

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді тіркеген сәттен бастап:
лицензия беру - 8 (сегіз) жұмыс күнінен кешіктірмей.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

Электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Тиісті жылдық кезеңіне озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) сәйкес озонды бұзатын заттарды және құрамында солардың өнімдері бар заттарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және осы елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсету нысаны электронды (толық электронды).

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет алушыларға ақылы негізде көрсетіледі.
Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнімдерді Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беруге лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 554-бабына сәйкес жүзеге асырылады және:
лицензия беруге - 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды.
төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮТШ) жүзеге асырылуы мүмкін.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 18:30 дейін.
Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.

8

Көрсетілетін қызметті алушыға жүгінген кезде мемлекеттік ызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тауарлардың жеке түрлерін экспортқа шығаруға лицензия беру туралы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тауарлардың жеке түрлерін импортқа шығаруға лицензия беру туралы өтініш;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ЭҮТШ арқылы төлеуді есептемегенде түбіртектің электрондық көшірмесі;
делдалдық қызмет көрсету туралы (егер тапсырыс беруші ретінде делдал әрекет етсе) шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі;
әзірлеушінің (өндірушінің), ол шығарған озон қабатын бұзатын заттардың немесе оларды құрайтын өнімдердің оларға сәйкес әзірленетін құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні туралы сәйкестік сертификатының және (немесе) жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі;
адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдайда, озон қабатын бұзатын заттардың және оларды құрайтын өнімдерді әкелуді жүзеге асыратын өтініш берушінің қолданыстағы сақтандыру полисінің немесе Одаққа мүше мемлекет заңнамасында көзделген өзге де кепілдіктерін қамтамасыз етуін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы (егер қалпына келтіруді өтініш беруші жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін қондырғының болуын растау;
кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыру туралы (қалпына келтіруді өтініш беруші жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасы Тараптарының шешімдерімен мақұлданған озон қабатын бұзатын заттарды жою технологияларына сай келетін қондырғының бар болуын растау;
озон қабатын бұзатын заттардың шикізат ретінде пайдалану үшін әкелу мақсатында озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде ғана пайдаланатынын растайтын өтініш берушінің электрондық хаты немесе озон қабатын бұзатын заттардың озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын ұйыммен шарттың электрондық көшірмесі;
егер Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында озон қабатын бұзатын заттардың бір рет пайдалану ыдысында әкелуге (әкетуге) тыйым салу белгіленген жағдайда озон қабатын бұзатын заттардың бірнеше рет пайдалану ыдысында тасымалданатынын растайтын мәліметтердың электрондық нысаны.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі мыналар болып табылады

1) қызметті алушыға осы қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының 32-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес тыйым салынуы;
2) лицензиялық алымның төленбеуі;
3) қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 11074, 2015 жылдың 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) біліктілік талаптарына сай келмеуі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш білдірген қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салуы;
6) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 313-бабына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін озонды бұзатын заттарды тұтыну квоталарының болмауы;
7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (ақпараттың) сенімсіздігінің анықталуы.

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 Бұйрыққа
3-қосымша

Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидалары

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 19.07.2021 № 258 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 бұйрығына
4-қосымша

"Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2023 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлу "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24385 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) көрсетіледі.

      Комитет Қағидаларға өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығы мен "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жібереді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы "Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, мемлекеттік қызметті көрсету нысаны, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Тізбеде баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті түскен күні тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының қарауына жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Өтінішті Портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды;

      Порталда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру рәсімі мынадай дәйекті іс-әрекеттер бойынша жүзеге асырылады:

      ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қазақстан Республикасының Экология кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 72-бабының 10-тармағына сәйкес өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жібереді.

      Мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына өз ескертпелері мен ұсыныстарын көрсетілетін қызметті беруші жіберген және (немесе) орналастырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде немесе қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында ауызша жібереді.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін мемлекеттік органдардан және жұртшылықтан ескертулер мен ұсыныстар қабылданбайды.

      Мүдделі мемлекеттік органдардан алынған жазбаша нысандағы (қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде) ескертулер мен ұсыныстарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушы қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындымен бірге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын жиынтық кестеге енгізеді.

      Ықтимал әсерлер туралы есептің жобасына ескертулер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мұндай ескертулерді көрсетілетін қызметті алушыға қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізуге өтініш тіркелген күннен бастап 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде жібереді. Мұндай ескертулерді бастамашы ескертулер жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті беруші қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізуге өтініш тіркелген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көзделіп отырған қызметті іске асыруға жол берілетіндігі немесе жол берілмейтіндігі туралы қорытындымен қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды береді.

      Егер қол қойылған қоғамдық тыңдаулар хаттамасы ескертулерді жою мерзімі аяқталғанға дейін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылмаса, көзделіп отырған қызметті іске асыруға жол берілмейтіндігі туралы қорытындымен қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беріледі.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды Кодекске сәйкес ықтимал пысықталуын ескере отырып ықтимал әсерлер туралы есептің жобасына, жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарының жоқтығы белгіленген қоғамдық тыңдаулар хаттамасына, сараптама комиссиясы отырысының хаттамасына (ол болған кезде), ал трансшекаралық әсерлерді бағалау жүргізу қажет болған жағдайда оның нәтижелерінде негізделуге тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді ескертулерді жоймаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді, сондай-ақ тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды дайындау туралы шешім қабылдайды немесе көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Осы Қағидалардың мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен жіберіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      Тізбесінің 7-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      9. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес шағымды қарайтын басқа органға немесе сотқа жүгінеді.

4 тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құрамында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық әсерлерді бағалауды Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі жүргізеді.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің қоршаған ортаға әсерді бағалау есебінің жобасын қарауы барысында жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының аумағында көзделген көрсетілетін қызметті алушының көзделіп отырған қызметі басқа мемлекеттің қоршаған ортасына елеулі теріс трансшекаралық әсер ететін мән-жайлар анықталған кезде есеп жобасын қарау рәсімі қоршаған ортаға әсерді бағалау күнтізбелік 180 күнге тоқтатыла тұрады.

      Көрсетілетін қызметті беруші трансшекаралық контексте қозғалатын Тараптармен консультациялар нәтижелерін, сондай-ақ қозғалатын Тараптардың мүдделі органдары мен жұртшылығы ұсынған барлық ескертулер мен ұсыныстарды, оның ішінде ықтимал әсерлер туралы есепті дайындау кезінде қоғамдық тыңдаулар барысында алғаннан кейін қоршаған ортаға әсерді бағалау есебінің жобасын қарауды қайта бастайды.

      Қоршаған ортаға әсерді бағалау есебінің жобасын қарауды тоқтата тұру мерзімін өткізіп алған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында, Порталдағы жеке кабинетте электрондық құжат нысанында дәлелді бас тартуды береді.

  "Қоршаған ортаға әсерді бағалау
нәтижелері бойынша
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(толық атауы
мемлекеттік органның атауы)
____________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Мекен жайы
____________________________
(индекс, қала, аудан,
облыс, көше, үйдің № )

Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды алуға өтініш

      Ықтимал әсерлер туралы есеп жобасын қарауды

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      (жобаның толық атауын көрсету)

      және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыны беруді

      сұраймын.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы

      қорытынды;

      әсер ету скринингісіне тиісті көзделіп отырған қызметтің объектілері үшін:

      қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және

      (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы

      қорытынды;

      2) ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы;

      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізудің ұсынылатын орындары, күні мен басталу уақыты көрсетілген ілеспе хатты немесе Қазақстан Республикасының Экология кодекстің 73-бабына сәйкес өткізілген тиісті қоғамдық тыңдаулардың қол қойылған хаттамасы ұсынады;

      трансшекаралық әсер ету жағдайында:

      көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпараттан тұратын құжат.

      Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңға сәйкес ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      Басшысы _________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар жағдайда)

      "__" 20 жыл

      Электрондық цифрлық қолтаңбаға арналған орын

  "Қоршаған ортаға әсерді
бағалау нәтижелері бойынша
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы www. egov. kz арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Өтініш тіркелген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші –күн сайын 9:00-ден 18:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

2) порталда www. egov. kz.

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

Порталға:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беруге өтініш;

2) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытындының электрондық көшірмесі;

3) ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының электрондық көшірмесі;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарымен келісілген қоғамдық тыңдауларды өткізудің ұсынылатын орындары, күні мен басталу уақыты көрсетілген ілеспе хаттың электрондық көшірмесі;

5) есептің жобасында коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жария етуге жатпайтын ықтимал әсерлер туралы есептің жобасындағы ақпарат көрсетілген және көрсетілген ақпараттың заңмен қорғалатын қандай құпияға жататыны түсіндірілген өтінішті, сондай-ақ тиісті ақпарат жойылған және "құпия ақпарат" мәтініне ауыстырылған ықтимал әсерлер туралы есеп жобасының екінші көшірмесін қоса береді;

6) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық әсерлер болған жағдайда:
көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпараттан тұратын құжаттың электрондық көшірмесі;

Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 73-бабының 16-тармағына, 74-бабының 14-тармағына және 76-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушімен берілген ұсыныстар мен ескертулердің жойылмауы.

  "Қоршаған ортаға әсерді
бағалау нәтижелері
бойынша қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Уәкілетті органның атауы

Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды

      1. Белгіленген қызметтің бастамашысы туралы мәліметтер:

      жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жерінің мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы;

      заңды тұлға үшін: атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес- сәйкестендіру нөмірі, бірінші басшы туралы деректер, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы.

      2. Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Экология кодексі) 1-қосымшасына сәйкес көзделіп отырған қызмет шеңберінде көзделген операциялар түрлерінің сипаттамасы және оларды сыныптау.

      3. Қызмет түрлеріне елеулі өзгерістер енгізілген жағдайларда:

      бұрын қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізілген объектілердің қызмет түрлеріне және (немесе) қызметіне елеулі өзгерістердің сипаттамасы (Экология кодексінің 65-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы;

      өздеріне қатысты бұрын көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытынды берілген объектілердің қызмет түрлеріне және (немесе) қызметіне қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытындымен қоса елеулі өзгерістердің сипаттамасы (Экология кодексінің 65-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы).

      4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау барысында дайындалған құжаттар туралы мәліметтер:

      белгіленген қызметтің әсерін скринингтеу нәтижелері туралы қорытынды, оның күні мен нөмірі;

      қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау туралы қорытынды, оның күні мен нөмірі;

      ықтимал әсерлер туралы есеп, оның атауы, оны белгіленген қызмет бастамашысының бекіткен күні мен нөмірі;

      қоғамдық тыңдаулар хаттамасы, оның күні мен нөмірі; қайта өткізілген қоғамдық тыңдаулар хаттамасы (олар өткізілген жағдайда), оның күні мен нөмірі;

      сараптау комиссиясы отырысының хаттамасы, оның күні мен нөмірі.

      5. Белгіленген қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсерлер туралы қорытынды, осындай әсерлердің сипаты, сондай-ақ табиғи ортаның компоненттері және осындай әсерлерге ұшырауы мүмкін өзге де объектілер туралы мәліметтер.

      6. Қорытынды шығаруға негіз болған негізгі дәлелдер мен тұжырымдар.

      7. Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат:

      1) ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын орналастыру күні және уәкілетті органның ресми Интернет-ресурстарында қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру);

      2) Жергілікті атқарушы органдардың ресми Интернет-ресурстарына ықтимал әсерлер туралы есеп жобасын орналастыру күні;

      3) қазақ және орыс тілдерінде қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру жарияланған газеттің (газеттердің) атауы, газеттің шыққан күні және оның нөмірі;

      4) теле-немесе радиоарна (арналар)арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыруды тарату күні (күні);

      5) көзделіп отырған қызмет, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы жұртшылық қосымша ақпарат ала алатын, сондай-ақ көзделіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұрата алатын электрондық мекенжайы мен телефон нөмірі болуға тиіс;

      6) ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына жұртшылық өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын жазбаша немесе электрондық нысанда жібере алатын уәкілетті органның немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің электрондық мекенжайы мен пошталық мекенжайы;

      7) Қоғамдық тыңдауларды өткізу процесі туралы мәліметтер: оларды өткізу күні мен орнының мекенжайы, қоғамдық тыңдаулардың бейнежазбасының болуы туралы мәліметтер, оның ұзақтығы;

      8) ықтимал әсерлер туралы есептің жобасына жұртшылықтың барлық ескертулері мен ұсыныстары, оның ішінде қоғамдық тыңдаулар барысында алынғандар және оларды қарау нәтижесінде алынған тұжырымдар қамтылуға тиіс.

      8. Мүдделі мемлекеттік органдармен консультациялар, қоғамдық тыңдаулар өткізу, трансшекаралық әсерлерді бағалау (ол өткізілген жағдайда), қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығару кезінде көрсетілген ақпарат қалай ескерілгені туралы түсіндіре отырып, сараптама комиссиясының ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын қарауы нәтижесінде алынған ақпаратты қорыту.

      9. Көзделген қызметті іске асыру жол берілетін болып танылатын жағдайлар:

      1) объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, пайдалану, кейіннен кәдеге жарату және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезіндегі салдарларды жою кезеңдерін қоса алғанда, көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаны, адамдардың өмірін және (немесе) денсаулығын қорғаудың бастамашысы үшін сақталуы міндетті болып табылатын шарттары;

      2) Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған, межеленіп отырған қызметке байланысты шешімдер қабылдау кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар ескеруі қажет қажетті шаралар туралы ақпарат;

      3) эмиссиялардың, табиғи ортаға физикалық әсердің шекті сандық және сапалық көрсеткіштері;

      4) қалдықтардың түрлері бойынша жинақталуының шекті мөлшері;

      5) Егер белгіленген қызметті іске асыру шеңберінде көму көзделсе,

      қалдықтарды олардың түрлері бойынша көмудің шекті саны;

      6) ықтимал әсерлер туралы есепте жобадан кейінгі талдау жүргізу қажеттігі анықталған жағдайда: оны жүргізудің мақсаттары, ауқымы мен мерзімдері, оның мазмұнына қойылатын талаптар, жобадан кейінгі талдау туралы есептерді уәкілетті органға және қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдарға ұсыну мерзімдері;

      7) авариялардың алдын алуға, олардың зардаптарын шектеуге және жоюға бағытталған шарттар мен қажетті шаралар көзделуге тиіс;

      8) бастамашының биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі шараларды қоса алғанда, көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға теріс әсерді болғызбау, қысқарту және (немесе) жұмсарту, сондай-ақ ықтимал экологиялық залалды жою жөніндегі міндеттері, егер белгіленіп отырған қызметті іске асыру осындай нұқсанға себеп болуы мүмкін;

      9) трансшекаралық әсерлерді бағалау нәтижелері туралы ақпарат (оны жүргізген жағдайда).

      10. Осы қорытындыда көрсетілген шарттар сақталған кезде көзделген қызметті іске асыруға жол берілетіндігі туралы қорытынды.

      Ескерту: Экология кодексінің 241-бабының 3-тармағында көзделген негіздер белгіленген жағдайларда, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыға көзделіп отырған қызметке жол бермеу туралы дәлелді шешім енгізіледі. Мұндай жағдайда осы нысанның 6 және 7-тармақтары толтырылмайды.

      ________________________

      (қолы)

      ___________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 бұйрыққа
5-қосымша

"Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2023 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлу "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24385 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) көрсетіледі.

      Комитет Қағидаларға өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығы мен "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жібереді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы "Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін, мемлекеттік қызметті көрсету нысанын, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Тізбеде баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті түскен күні тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының қарауына жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Өтінішті Портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді. Портал арқылы ұсынылған мәліметтердің, құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды;

      Порталда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды беру рәсімі мынадай дәйекті іс-қимылдар бойынша жүзеге асырылады:

      көзделіп отырған қызмет туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің бар екендігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көзделіп отырған қызмет туралы өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің бірыңғай экологиялық порталында www.ecoportal.kz орналастырады және оның көшірмесін тиісті мүдделі мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ұсыныстар мен ескертулер беру үшін, оның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына ресми интернет-ресурстарда орналастыру үшін жібереді.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары көрсетілетін қызметті берушіден белгіленген қызмет туралы өтініштің көшірмесін алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны ресми интернет-ресурстарда орналастырады, өтініш орналастырылған күннен бастап қатарынан күнтізбелік отыз күн ішінде қолжетімді болады, белгіленген қызмет туралы өтініш ресми интернет-ресурстарда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде ресми хабарды таратуды қосымша ұйымдастырады.

      Белгіленген қызмет туралы өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылғаннан кейін, белгіленген қызмет туралы өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткенге дейін осындай интернет-ресурстарда жұртшылық назарына үздіксіз қолжетімді болып қалуға тиіс.

      Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты өз ескертпелері мен ұсыныстарын ұсынуға құқылы.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін мемлекеттік органдардан және жұртшылықтан ескертулер мен ұсыныстар қабылданбайды.

      Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтан қарауға қабылданған белгіленетін қызмет туралы өтінішке ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі түрінде ресімделетін хаттамаға барлық ескертулер мен ұсыныстарды енгізеді, сондай-ақ сол мерзім ішінде оны қоршаған ортаға әсерді бағалауды қамту аясын айқындау туралы қорытындымен және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скрининг нәтижелері туралы қорытындымен бірге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырады және олардың көшірмелерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген Хаттаманың және қорытындының (қорытындылардың) көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оларды өздерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

      Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мыналардың бірін ресімдейді:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізудің қажеттілігі немесе жүргізілмеуі туралы және қоршаған орта компоненттерінің қамту саласын айқындау жөніндегі тұжырымдар қамтылған, көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалаудың қамту саласын және (немесе) әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қорытынды беру мерзімі Көрсетілетін қызметті берушінің көзделіп отырған қызмет туралы өтініші тіркелген күннен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен аспайды.

      Осы Қағидалардың мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3 тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      осы Қағидаларға 3-қосымшасының 7-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      9. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес шағымды қарайтын басқа органға немесе сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      10. Белгіленген қызметтің әсерін скрининг рәсімі барысында қоршаған ортаға әсерді бағалау қажеттілігі белгіленеді.

      Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу қажет болған кезде көзделіп отырған қызметтің әсері скринингінің қорытындысы қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындымен бірге беріледі.

      Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу қажеттілігі болмаған кезде көзделіп отырған қызметтің әсеріне скрининг қорытындысы беріледі.

  "Қоршаған ортаға әсерді
бағалаудың қамту саласын
айқындау туралы және (немесе)
көзделіп отырған қызметтің
әсер ету скринингін
айқындау туралы қорытынды
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш

      1. Белгіленген қызметтің бастамашысы туралы мәліметтер:

      жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жерінің мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы;

      заңды тұлға үшін: атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес- сәйкестендіру нөмірі, бірінші басшы туралы деректер, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы.

      2. Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1- қосымшасына сәйкес көзделіп отырған қызмет түрлерінің жалпы сипаттамасы және олардың сыныптамасы.

      3. Қызмет түрлеріне елеулі өзгерістер енгізілген жағдайларда:

      бұрын қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізілген объектілердің қызмет түрлеріне және (немесе) қызметіне елеулі өзгерістердің сипаттамасы (Кодекстің 65-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы);

      өздеріне қатысты бұрын көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытынды берілген объектілердің қызмет түрлеріне және (немесе) қызметіне қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытындымен елеулі өзгерістердің сипаттамасы (Кодекстің 65-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы).

      4. Көзделген қызметті жүзеге асырудың болжамды орны туралы мәліметтер, орынды таңдаудың негіздемесі және басқа орындарды таңдау мүмкіндіктері.

      5. Объектінің қуатын (өнімділігін), оның болжамды мөлшерін, өнімнің сипаттамасын қоса алғанда, көзделіп отырған қызметтің жалпы болжамды техникалық сипаттамалары.

      6. Көзделіп отырған қызмет үшін болжанатын техникалық және технологиялық шешімдердің қысқаша сипаттамасы.

      7. Көзделіп отырған қызметті іске асыруды бастаудың және оны аяқтаудың болжамды мерзімдері (объектіні салуды, пайдалануды және кейіннен кәдеге жаратуды қоса алғанда).

      8. Объектілерді салуды, пайдалануды және кейіннен кәдеге жаратуды қоса алғанда, көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар түрлерінің сипаттамасы (болжанып отырған сапалық және ең жоғары сандық сипаттамаларды, сондай-ақ оларды пайдалану болжанып отырған операцияларды көрсете отырып):

      1) жер учаскелерін, олардың алаңдарын, нысаналы мақсатын, болжамды пайдалану мерзімдерін айқындайды;

      2) су ресурстарын:

      сумен жабдықтаудың болжамды көзі (орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелері, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау үшін айдаланылатын су объектілері, тасымалданатын су), су қорғау аймақтары мен белдеулерінің бар-жоғы туралы мәліметтер, олар болмаған кезде – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды белгілеу қажеттігі туралы, ал Бар болса – көзделіп отырған қызметке қатысты олар үшін белгіленген тыйым салулар мен шектеулер туралы қорытынды;

      су пайдалану түрлері (жалпы, арнайы, оқшауланған), қажетті судың сапасы (ауыз су, ауыз су емес);

      суды тұтыну көлемі;

      су ресурстарын пайдалану жоспарланатын операциялар;

      3) жер қойнауын пайдалану құқығының түрі мен мерзімдері, олардың географиялық координаттары (егер олар белгілі болса) көрсетілген жер қойнауы учаскелері;

      4) өсімдік ресурстарының түрлері, көлемі, сатып алу көздері (оның ішінде егер оларды қоршаған ортада жинау жоспарланса, оларды дайындау орындары) және пайдалану мерзімдері, сондай-ақ көзделіп отырған қызметті жүзеге асыратын жерде жасыл екпелердің болуы немесе болмауы, оларды кесу немесе көшіру қажеттігі, кесілуге немесе көшірілуге жататын жасыл екпелердің саны, сондай-ақ өтем тәртібімен отырғызылуы жоспарланған жасыл екпелердің мөлшері туралы мәліметтер көрсетілген;

      5) жануарлар дүниесі объектілерінің түрлерін, олардың бөліктерін, дериваттарын, жануарлардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін:

      жануарлар дүниесін пайдалану көлемі;

      жануарлар дүниесін пайдаланудың болжамды орны және пайдалану түрі;

      жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктерін, дериваттары мен жануарлардың тіршілік ету өнімдерін сатып алудың өзге де көздерін сатып алу;

      жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану жоспарланатын операциялар;

      6) сатып алу көзін, пайдалану көлемдері мен мерзімдерін көрсете отырып, көзделіп отырған қызметті (материалдарды, шикізатты, бұйымдарды, электр жәнежылу энергиясын) жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ресурстарды;

      7) пайдаланылатын табиғи ресурстардың тапшылығына, бірегейлігіне және (немесе) жаңартылмайтындығына байланысты олардың сарқылу тәуекелі жатады.

      9. Атмосфераға ластаушы заттардың күтілетін шығарындыларының сипаттамасы: ластаушы заттардың атаулары, олардың қауіптілік сыныптары, шығарындылардың болжамды көлемі, уәкілетті орган бекіткен ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркеліміне (бұдан әрі – ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүргізу қағидалары) сәйкес деректері ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркеліміне енгізілуге жататын ластауыштардың тізбесіне кіретін заттар туралы мәліметтер.

      10. Ластаушы заттар төгінділерінің сипаттамасы: ластаушы заттардың атаулары, олардың қауіптілік сыныптары, төгінділердің болжамды көлемдері, ластауыштардың тізбесіне кіретін, олар бойынша деректер ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүргізу қағидаларына сәйкес ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркеліміне енгізілуге жататын заттар туралы мәліметтер.

      11. Басқару көзделіп отырған қызметке жататын қалдықтардың сипаттамасы: қалдықтардың атауы, олардың түрлері, болжанатын көлемдері, нәтижесінде олар түзілетін операциялар, ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүргізу қағидаларында қалдықтарды тасымалдау үшін белгіленген шекті мәндерден асып кету мүмкіндігінің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер.

      12. Көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру үшін болуы мүмкін рұқсаттардың және осындай рұқсаттарды беру құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың тізбесі.

      13. Экологиялық нормативтермен немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерімен, ал олар болмаған кезде – гигиеналықнормативтермен салыстыра отырып, көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру болжанатын аумақтағы және (немесе) акваториядағы қоршаған орта компоненттерінің ағымдағы жай-күйінің қысқаша сипаттамасы; егер бастамашыда осындай болса, фондық зерттеулердің нәтижелері; далалық зерттеулер жүргізу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытынды (фондық зерттеулер нәтижелері болмаған немесе жеткіліксіз болған, көзделіп отырған қызметті жүзеге асыратын жерде тарихи ластану объектілерін, бұрынғы әскери полигондарды және басқа да объектілерді қоса алғанда, қоршаған ортаға әсері зерттелмеген немесе жеткілікті зерттелмеген объектілердің болуы).

      14. Көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қоршаған ортаға теріс және оң әсер етудің ықтимал нысандарының сипаттамасы, олардың ықтималдығы, ұзақтығы, жиілігі мен қайтымдылығы ескеріле отырып, олардың сипаты мен күтілетін ауқымы, олардың маңыздылығын алдын ала бағалау.

      15. Қоршаған ортаға трансшекаралық әсер етудің ықтимал нысандарының сипаттамасы, олардың ықтималдығы, ұзақтығы, жиілігі мен қайтымдылығын ескере отырып, олардың сипаты мен күтілетін ауқымы.

      16. Қоршаған ортаға қолайсыз әсер етудің ықтимал нысандарының алдын алу, болдырмау және азайту жөніндегі, сондай-ақ оның салдарын жою жөніндегі ұсынылатын шаралар.

      17. Көрсетілген көзделіп отырған қызметтің мақсаттарына қол жеткізудің ықтимал баламаларының және оны жүзеге асыру нұсқаларының сипаттамасы (баламалы техникалық және технологиялық шешімдерді және объектініңорналасқан жерін пайдалануды қоса алғанда).

      Қосымшалар (өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар):

      ____________________________________________________

      Белгіленген қызмет бастамашысының басшысы (өзге уәкілетті тұлға):

      ____________________________________________________

      қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  "Қоршаған ортаға әсерді
бағалаудың қамту саласын
айқындау туралы және (немесе)
көзделіп отырған қызметтің әсер
ету скринингін айқындау туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы www. egov. kz арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Өтініш тіркелген күннен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды;

Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды;

мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші –күн сайын 9:00-ден 18:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

2) порталда www. egov. kz.

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды алу үшін:

Порталға (электронды нысанда):

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі қызмет туралы өтініш;

2) трансшекаралық әсер ету жағдайында:
көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды алу үшін:

Порталға (электрондық нысанда):

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі қызмет туралы өтініш.

Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.

  "Қоршаған ортаға әсерді
бағалаудың қамту саласын
айқындау туралы және (немесе)
көзделіп отырған қызметтің әсер
ету скринингін айқындау туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Кімге:
___________________________
(Мемлекеттік қызметті
берушінің толық атауы)

Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды

      Қарауға ұсынылды:

      __________________________________________________________________

      (ұсынылған материалдардың, басқа да құжаттардың жинақтылығын аудару)

      Материалдар қарауға келіп түсті _________________ 20__ жыл

      (Кіріс тіркеу күні, нөмірі)

      Жалпы мәліметтер

      Қоршаған орта компоненттерінің қысқаша сипаттамасы

      Қорытындылар

      _______________________

      (қолы)

      _____________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  "Қоршаған ортаға әсерді
бағалаудың қамту саласын
айқындау туралы және (немесе)
көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Кімге: ______________________
(Мемлекеттік қызметті
берушінің толық атауы)

Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды

      Қарауға ұсынылды:

      _________________________________________________________

      (ұсынылған материалдардың, басқа да құжаттардың жинақтылығын аудару)

      Материалдар қарауға келіп түсті _________________ 20__ жыл

      (Кіріс тіркеу күні, нөмірі)

      Жалпы мәліметтер

      Көзделіп отырған қызметтің қысқаша сипаттамасы

      Қоршаған орта компоненттерінің қысқаша сипаттамасы

      Қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізудің қажеттілігі немесе

      болмауы туралы қорытындылар

      _______________________

      (қолы)

      ___________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 Бұйрыққа
6-қосымша

"ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

      Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 20.08.2021 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 Бұйрыққа
7-қосымша

"ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

      Ескерту. 7-қосымша алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 20.08.2021 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 Бұйрыққа
8-қосымша

"Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің осы Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы қауіпті қалдықтарды экспорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу туралы жеке тұлғаның өтініші;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы қауіпті қалдықтарды импорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу туралы жеке тұлғаның өтініші;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 3-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы қауіпті қалдықтарды экспорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу туралы заңды тұлғаның өтініші;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 4-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы қауіпті қалдықтарды импорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу туралы заңды тұлғаның өтініші;

      сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзгеде иеліктен шығару шартының көшірмесі;

      лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның көшірмесі немесе егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты Одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);

      "Қазақстан Республикасының Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы № 389 Заңының (бұдан әрі - Базель конвенциясы) 6-бабының 4-тармағына сәйкес аумағына қауіпті қалдықтар әкелінетін және (немесе) аумағы арқылы қауіпті қалдықтар өткізілетін мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының келісімі (жазбаша нысанда) (қауіпті қалдықтарды шығарған жағдайда);

      экспорттаушы мен өндіруші немесе импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы келісімшарттардың (шарттардың) көшірмесі;

      тасымалдауға берілген келісімшарттың (шарттың) көшірмесі;

      мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі;

      жауапты экспорттаушы мен тұлғаның арасындағы осы қалдықтарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі айтылған қалдықтарды жоюға келісімшарттың көшірмесі;

      Базель конвенциясының 6-бабының 1-тармағына сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 (үш) данада);

      Базель конвенциясының V B қосымшасына сәйкес қалдықтарды тасымалдау туралы құжат (3 (үш) данада);

      әкелінетін қалдықтарды қолдану үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктердің бар екені туралы ақпарат (қауіпті қалдықтарды шикізат ретінді пайдаланау мүмкіндігін растайтын технологиялық регламенттен көшірме немесе оларды қауіпті қалдықтарды немесе олардың қалдықтарының қалыптасуына жол жіберілмейтін, пайдалануға тартылуын растайтын өзге құжат);

      Базель конвенциясының 6-бабының 11-тармағына сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде сақтандырумен, кепілмен немесе өзге де кепілдікпен жабуды растайтын құжаттың көшірмесі;

      қалдықтарды қолдану бойынша қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат осы Қағиданың 5-қосымшасында "Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметтер стандартында белгіленген.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі порталға келіп түскен күні қоса тіркелген құжаттармен өтініштерді тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің жеткізушісіне жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтер және төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

      орындаушы өтініштің тіркелген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) әрекет ету мерзімі өткендігі анықталған жағдайда орындаушы жоғарыда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту, өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жолданады;

      ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді;

      орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауды жүргізеді;

      көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы Қауіпті қалдықтардың импортына және экспортына лицензия және лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметтін берушінің басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған, өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жолданады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) өтініш беруші Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығы "Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын, оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін, лицензия алуға өтінімді және (немесе) лицензияға қосымшаны, нысандарды бекіту туралы" бұйрығы. лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар "(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған) біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;

      4) лицензиар тиісті үйлестіруші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау талаптарын сәйкес келмеу туралы жауап алуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәлімделген қызмет түрін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда;

      7) лицензия алуға өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) жарамсыздығы анықталғанда.

      8) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда;

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына осы Қағиданың 5-қосымшасының 7-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, портал арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жұмыс күндері беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның - оның атауы, поштасының мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымның қабылданғанын растау - шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, шағымға жауап алу уақыты мен орны көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде, өтінім туралы ақпарат қол жетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінімді өңдеу барысында (жеткізу белгісі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қарауға қабылдаудан бас тарту туралы) жаңартылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      9. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

      10. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді ұсынудың бірыңғай байланыс орталығы арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары: бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Қауіпті қалдықтардың
экспорты мен импортына
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидасына
1-қосымша
  Нысан

Қауіпті қалдықтардың экспортына лицензия және лицензияға қосымша алу үшін жеке тұлғаның өтініші

1. Өтініш №

2. Жылы айы күнінен бастап жылы айы күніне дейін жұмыс істеу аралығы

3. Лицензия түрі| ЭКСПОРТ

4. № бастап
Келісімшарт

5. Қызметті алушы |

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған мемлекет|

8. Сатып алушы мемлекет |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11.Статистикалық құны

12. Шығарылған ел|

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына арналған тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефон
электрондық цифрлық қолтаңба орны, күні

  "Қауіпті қалдықтардың
экспорты мен импортына
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидасына
2-қосымша
  Нысан

Қауіпті қалдықтардың импортына лицензия және лицензияға қосымша алу үшін жеке тұлғаның өтініші

1.Өтініш №

2. Жылы айы күнінен бастап жылы айы күніне дейін жұмыс істеу аралығы

3. Лицензия түрі| ЭКСПОРТ

4. № бастап
Келісімшарт

5. Қызметті алушы |

6. Сатушы

7. Тағайындалған мемлекет|

8. Сатушы мемлекет |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11.Статистикалық құны

12. Шығарылған ел|

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына арналған тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефон
электрондық цифрлық қолтаңба орны, күні

  "Қауіпті қалдықтардың
экспорты мен импортына
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидасына
3-қосымша
  Нысан

Қауіпті қалдықтардың экспортына лицензия және лицензияға қосымша алу үшін заңды тұлғаның өтініші

1.Өтініш №

2. Жылы айы күнінен бастап жылы айы күніне дейін жұмыс істеу аралығы

3. Лицензия түрі| ЭКСПОРТ

4. № бастап
Келісім-шарт

5. Қызметті алушы |

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған мемлекет|

8. Сатып алушы мемлекет |

9. Келісім-шарт валютасы |

10. Құны

11.Статистикалық құны

12. Шығарылған ел |

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына арналған тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефон
электрондық цифрлық қолтаңба орны, күні

  "Қауіпті қалдықтардың
экспорты мен импортына
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидасына
4-қосымша
  Нысан

Қауіпті қалдықтардың импортына лицензия және лицензияға қосымша алу үшін заңды тұлғаның өтініші

1.Өтініш №

2. Жылы айы күнінен бастап жылы айы күніне дейін жұмыс істеу аралығы

3. Лицензия түрі| ЭКСПОРТ

4. № бастап
Келісімшарт

5. Қызметті алушы |

6. Сатушы

7. Тағайындалған мемлекет|

8. Сатушы мемлекет |

9. Келісім-шарт валютасы |

10. Құны

11.Статистикалық құны

12. Шығарылған ел |

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына арналған тауар коды және оның сипаттамасы ||

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефон
электрондық цифрлық қолтаңба орны, күні

  "Қауіпті қалдықтардың
экспорты мен импортына
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидасына
5-қосымша

"Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті.

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

Через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді тіркеген сәттен бастап:
лицензия және лицензияға қосымшалар беру - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны.

Электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Қауіпті қалдықтардың импортына және экспортына лицензия және лицензияға қосымша немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бастарту туралы дәлелдi жауап.
Көрсету нысаны электронды (толық электронды).

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Көрсетілетін қызмет алушыларға ақылы негізде көрсетіледі.
Лицензия беру үшін лицензиялық алым, қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет көрсету және жұмыстарды орындау үшін лицензияны қайта рәсімдеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 554-бабына сәйкес жүзеге асырылады және:
лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮТШ) жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 18:30 дейін.
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.

8

Көрсетілетін қызметті алушыға жүгінген кезде мемлекеттік ызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі.

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы қауіпті қалдықтарды экспорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу туралы жеке тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы қауіпті қалдықтарды импорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу туралы жеке тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 3-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы қауіпті қалдықтарды экспорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу туралы заңды тұлғаның өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 4-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы қауіпті қалдықтарды импорттауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу туралы заңды тұлғаның өтініші;
сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзгеде иеліктен шығару шартының көшірмесі;
лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның көшірмесі немесе егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты Одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);
"Қазақстан Республикасының Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы № 389 Заңының (бұдан әрі-Базель конвенциясы) 6-бабының 4-тармағына сәйкес аумағына қауіпті қалдықтар әкелінетін және (немесе) аумағы арқылы қауіпті қалдықтар өткізілетін мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының келісімі (жазбаша нысанда) (қауіпті қалдықтарды шығарған жағдайда);
экспорттаушы мен өндіруші немесе импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы келісімшарттардың (шарттардың) көшірмесі;
тасымалдауға берілген келісімшарттың (шарттың) көшірмесі;
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі;
жауапты экспорттаушы мен тұлғаның арасындағы осы қалдықтарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі айтылған қалдықтарды жоюға келісімшарттың көшірмесі;
Базель конвенциясының 6-бабының 1-тармағына сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 (үш) данада);
Базель конвенциясының V B қосымшасына сәйкес қалдықтарды тасымалдау туралы құжат (3 (үш) данада);
әкелінетін қалдықтарды қолдану үшін техникалық (технологиялық) мүмкіндіктердің бар екені туралы ақпарат (қауіпті қалдықтарды шикізат ретінді пайдаланау мүмкіндігін растайтын технологиялық регламенттен көшірме немесе оларды қауіпті қалдықтарды немесе олардың қалдықтарының қалыптасуына жол жіберілмейтін, пайдалануға тартылуын растайтын өзге құжат);
Базель конвенциясының 6-бабының 11-тармағына сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде сақтандырумен, кепілмен немесе өзге де кепілдікпен жабуды растайтын құжаттың көшірмесі;
қалдықтарды қолдану бойынша қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі мыналар болып табылады.

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығы "Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын, оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін, лицензия алуға өтінімді және (немесе) лицензияға қосымшаны, нысандарды бекіту туралы" бұйрығы. лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар "(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған) біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
4) лицензиар тиісті үйлестіруші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау талаптарын сәйкес келмеу туралы жауап алуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәлімделген қызмет түрін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда;
7) лицензия алуға өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) жарамсыздығы анықталғанда.
8) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда;

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 Бұйрыққа
9-қосымша

"Экологиялық ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Экологиялық ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заңының 10-бабы, 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және "Экологиялық ақпарат беру" (бұдан әрі -мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетіледі.

      3. Қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - қызмет алушы)

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы "электронды үкімет" www.egov.kz (бұдан әрі - портал) порталы арқылы қызмет берушіге осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша экологиялық ақпаратты алуға өтініш береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету (әрекет) негіздемесі болып осы Қағиданың 2-қосымшасының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың қосымшасымен қызмет алушының арызы болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе "Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді алуға келісімін береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің негізі талаптары, үрдістің сипаттамасы, құрылымы, мазмұны және қызмет нәтижесі мемлекеттік қызметті көрсетудің негізгі талаптары тізбесінде, сонымен қатар осы Қағиданың 2-қосымшасы нысанында "Экологиялық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметтер стандартында мемлекеттік қызметтерді ұсыну ерекшелігі есебімен өзге мәліметтер баяндалған.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкер) өзара іс-қимылының сипаттамасы:

      портал арқылы өтініш түскен күні Қызмет беруші қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде оларды қабылдайды және тіркейді (егер 18.30-дан кейін келіп түссе, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі);

      орындаушы 5 сағаттың ішінде қызмет берушінің сайтында орналастырылған Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының базасындағы реестрлік кітабтарынан сұратылған ақпараттың болуын тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;

      20 (жиырма) минут ішінде бөлімше басшысымен мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі келісіледі;

      Орындаушы мемлекеттік қызметтер нәтижесін портал арқылы қызмет алушыға жібереді.

      Портал арқылы өтініш берген кезде қызмет алушының "Жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу уақыты мен күні көрсетілген хабарлама жіберіледі;

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады;

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға "Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны бекіту туралы" 2000 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес негіз болып табылады:

      1) өтiнiш жiберiлген көрсетілген қызметті берушіге сұрау салынған экологиялық ақпараттың болмаса;

      2) өтініш айқын негізсіз болуы немесе тым жалпылама түрде тұжырымдалуы;

      3) өтініш әзірлеудің ақырғы кезеңінде немесе мемлекеттік органдардың ішкі хат жазысуларында және олардың арасында тұрған, ұлттық заңнамада немесе қалыптасқан практикада мұндай жағдай көзделген материалдарға қатысты болса, экологиялық ақпарат беру туралы өтініштен бас тартылуы мүмкін, бұл орайда жұртшылықтың мұндай ақпарат алуға мүдделілігі ескеріледі;

      4) мұндай ақпаратты жария ету мыналарға:

      құпиялылық ұлттық заңнамамен қарастырылған кездегі, мемлекеттік органдар жұмысының құпиялылығына;

      халықаралық қатынастарға, ұлттық қорғанысқа немесе мемлекеттік қауіпсіздікке;

      сот әділдігін жасауға, адамдарға әділетті сот тергеуін жүргізу мүмкіндігіне немесе органдардың қылмыстық немесе тәртіптік сипаттағы тергеу жүргізу қабілетіне;

      заңды экономикалық мүдделерді қорғау мақсатында коммерциялық және өнеркәсіптік ақпараттың жасырылуына. Бұл шеңберде қоршаған ортаны қорғауға қатысты шығарындылар туралы ақпарат ашып көрсетілуі тиіс;

      зияткерлік меншік құқықтарына.

      ұлттық заңнама ережелеріне сәйкес жұртшылыққа мұндай ақпарат беруге тиісті адам келісім бермеген кезде жеке адамға қатысты жеке деректердің және/немесе мұрағаттардың құпиялылығына;

      егер бұл тарап бұлайша әрекет жасауға құқықтық міндеттемемен байланысты болмаса немесе егер бұл тарапқа мұндай міндеттеме жүктелуі мүмкін болмаса және бұл тарап материалды жария етуге келісім бермесе, сұрау салынған ақпаратты берген үшінші тараптың мүдделеріне;

      осы ақпартат қоршаған ортаға, мысалы, сирек кездесетін түрлердің өсіп-өнетін орындарынатеріс әсер етеді.

      7. Қызмет беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

3-тарау. Қызмет берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларыныңмемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі уәкілетті органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, уәкілетті органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Қызмет берушінің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 23.11.2021 № 477 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Заңының 6) тармақшасы 1 тармағы 4 бабына сәйкес белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктеріне байланысты басқа талаптар

      10. Қызмет алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен жағдайы жайлы ақпаратты қашықтық қатынау арқылы порталда "жеке кабинеттен" және де мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Экологиялық ақпарат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет Қағидасына
1-қосымша
  Нысан
  "Қоршаған ортаны қорғаудың
ақпараттық-талдау орталығы"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы
Республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының Бас директорына
___________________________
(Аты-жөні)
___________________________
(тегі, аты-жөні және әкесінің аты
(бар болған жағдайда),
заңды тұлға берген жағдайда
атауын көрсету қажет)
ЖСН/БСН __________________
Мекенжайы ________________
Телефоны __________________

Экологиялық ақпаратты беру туралы өтініш

      Мынадай экологиялық ақпаратты беруді сұраймын:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

  Экологиялық ақпарат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет Қағидасына
2-қосымша

"Экологиялық ақпарат беру" мемлекеттік қызметінің стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2

Мемлекеттік көрсетілетін кызмет тәсілдері (арналарға қол жетімділік )

"Электрондық үкімет" веб порталы www.egov.kz арқылы жүргізіледі.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі

1 (бір) жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны

Электронды (толығымен автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетінқызмет нәтижесі экологиялық ақпарат немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы осы стандарттың 9 тармағындағы жағдайларға сәйкес дәделді жауап осы.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем
мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда олады алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (тәулік бойы көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғанан кейін, демалыс және жұмыс күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мекенжайлары келесі жерлерде көрсетілген:
1) министрліктің www.ecogeo.gov.kz интернет ресурсында - "Мемлекеттік қызмет" бөлімінде;
2) қызмет берушінің www.ecogosfond.kz интернет ресурсында - "Мемлекеттік қызмет" бөлімінде;

8

Мемлекеттік көрсеттілетін қызметке қажетті құжаттар тізімі

Қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе бір рет пайдаланатын құпия сөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы бойынша экологиялық ақпаратты беру туралы өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуге бас тарту негіздері

"Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны бекіту туралы" 2000 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес:
1) өтiнiш жiберiлген көрсетілген қызметті берушіге сұрау салынған экологиялық ақпараттың болмаса;
2) өтініш айқын негізсіз болуы немесе тым жалпылама түрде тұжырымдалуы;
3) өтініш әзірлеудің ақырғы кезеңінде немесе мемлекеттік органдардың ішкі хат алмасуларында және олардың арасында тұрған, ұлттық заңнамада немесе қалыптасқан практикада мұндай жағдай көзделген материалдарға қатысты болса, экологиялық ақпарат беру туралы өтініштен бас тартылуы мүмкін, бұл орайда жұртшылықтың мұндай ақпарат алуға мүдделілігі ескеріледі;
4) мұндай ақпаратты жария ету теріс әсерін тигізуі мүмкін:
ұлттық заңнамамен қарастырылған кездегі, мемлекеттік органдардың жұмысының құпиялылығына;
халықаралық қатынастарға, ұлттық қорғанысқа немесе мемлекеттік қауіпсіздікке;
сот әділдігін жасауға, адамдарға әділетті сот тергеуін жүргізу мүмкіндігіне немесе органдардың қылмыстық немесе тәртіптік сипаттағы тергеу жүргізу қабілетіне;
заңды экономикалық мүдделерді қорғау мақсатында коммерциялық және өнеркәсіптік ақпараттың жасырылуына. Бұл шеңберде қоршаған ортаны қорғауға қатысты шығарындылар туралы ақпарат ашып көрсетілуі тиіс;
зияткерлік меншік құқықтарына;
ұлттық заңнама ережелеріне сәйкес жұртшылыққа мұндай ақпарат беруге өкілетті тұлға келісім бермеген кезде жеке тұлғаға қатысты жеке деректердің және/немесе мұрағаттардың құпиялылығына;
егер бұл тарап бұлайша әрекет жасауға құқықтық міндеттемемен байланысты болмаса немесе егер бұл тарапқа мұндай міндеттеме жүктелуі мүмкін болмаса және бұл тарап материалды жария етуге келісім бермесе, сұрау салынған ақпаратты берген үшінші тараптың мүдделеріне;
осы ақпарат қоршаған ортаға, мысалы, сирек кездесетін түрлердің өсіп-өнетін орындарына теріс әсер етеді.

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 Бұйрыққа
10-қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 144 "Озонды бұзатын заттарды қолданумен жұмыс істеуге, озон қабатын бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, орнатуға, техникалық қызмет көрсетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10065 тіркелген, 20 наурыз 2015 жылы "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11229 болып тiркелген, 2015 жылғы 15 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11565 болып тiркелген, 2015 жылғы 20 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      4. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 641 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12878 болып тiркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      5. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 18 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13156 болып тiркелген, 2016 жылғы 11 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      6. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 19 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13367 болып тiркелген, 2016 жылғы 5 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      7. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 71 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13473 болып тiркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      8. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 563 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14731 болып тiркелген, 2017 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде жарияланған);

      9. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14847 болып тiркелген, 2017 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде жарияланған);

      10. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 96 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15020 болып тiркелген, 2017 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде жарияланған);

      11. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 468 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 16195 болып тiркелген, 2018 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде жарияланған);

      12. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 149 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 16904 болып тiркелген, 2018 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде жарияланған);

      13. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 250 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 17189 болып тiркелген, 2018 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде жарияланған);

      14. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 537 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 18124 болып тiркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде жарияланған);

      15. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 4 наурыздағы № 70 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 18368 болып тiркелген, 2019 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде жарияланған);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады