"Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 маусымда № 20865 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 8 маусымы
№ 335 бұйрығымен бекітілген

"Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін айқындайды.

      2. Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

      1) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндiру;

      2) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық және жерасты тәсiлдерiмен ашу және әзірлеу;

      3) кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу;

      4) пайдалы қазбаларды өндіру үшін жару жұмыстарын жүргізу;

      5) кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі жою жұмыстары;

      6) ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу, жабдықты және агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату;

      7) ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау;

      8) ұңғымаларды шаю, цементтеу, сынаудан өткізу және игеру;

      9) химиялық өндірістерді пайдалану. 

      3. Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.12.2021 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      5. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды жолдайды.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      7. Мемлекеттік қызметті қарастыру мен көрсетудің жалпы мерзімі:

      лицензия беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.12.2021 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осындай құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлы қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған дәлелді бас тартуды (бұдан әрі-дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы электрондық құжат нысанында жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.12.2021 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкестігі бөлігінде келісім алу үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аумақтық бөлімшелер), сондай-ақ – Көрсетілетін қызметті алушының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі бөлігінде келісім алу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - халықтың Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық бөлімше) портал арқылы электрондық нысанда сұрау салу жібереді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.12.2021 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық бөлімшелер сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауап жібереді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.12.2021 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің жауабын қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондык поштасына жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Тау-кен және химия
өндірістерін пайдалану
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
ережесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көретілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған) түрде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Лицензия және лицензияға қосымша не мемлекеттік қызмет көрсетуге дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдер

1) лицензия беру кезінде - 10 айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензия беру кезінде лицензияны қайта ресімдеу үшін мөлшерлеменің 10%.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін

7

Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын электрондық құжаттың көшiрмесiн;
көрсетілетін қызметті алушының "Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін койылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын электрондық құжаттар;
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық түрдегі өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын электрондық құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;
3. көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық түрдегі өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын электрондық құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған электрондық құжаттардың көшірмесін;
көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын электрондық құжаттардың көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
4) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады;
7) осы стандарттың 8-жолының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген жағдайда. 3. Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мыналар:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген жағдайда;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – www.miid.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті беруші – www.comprom.miid.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары::
1) көрсетілетін қызметті беруші – www.comprom.miid.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) порталда www.egov.kz ескерту.

  "Тау-кен және химия
өндірістерін пайдалану
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көретілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  1 нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші

_______________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

_______________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

_______________________________________________________________

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)

жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште

________________________________________________________

(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

беруiңiздi сұраймын.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы______________________

____________________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

Электрондық пошта _____________________________________________

Телефондары____________________________________________________

Факс __________________________________________________________

Банк шоты _____________________________________________________ (шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы___________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (өндірістік базаның/ғимараттың немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің))

________ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Жеке тұлға __________ ______________________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы

Мөр орны (болған жағдайда)

Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________

  2 нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

____________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

_______________________________________________________________

(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

_______________________________________________________________

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)

_______________________________________________________________

жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште __________________________________________________________

лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________________

______________________________________________________________________

(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

Электрондық пошта _____________________________________________

Телефондары___________________________________________________

Факс___________________________________________________________

Банк шоты _____________________________________________________

(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы___________________________________________________________

(пошталық индексі, і, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (өндірістік базаның/ғимараттың

немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің))

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Басшы __________ ______________________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы

Мөр орны (болған жағдайда)

Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Тау-кен және химия
өндірістерін пайдалану
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
стандартына 2-қосымша
  1 нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

_______________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

______________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

______________________________________________________________

(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

_________________________________________________ жүзеге асыруға 20___ жылғы "___" ___________ № ___________, ___________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын)

қағаз жеткізгіште ___ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі

_________________________________________________________

2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______

3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі

_________________________________________________________

4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы

____________________________________________________________________

5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ________________________

6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда

_______________________________________________

7) қызмет түрінің атауы өзгеруі __________________________________

8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _____________________

____________________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

Электрондық пошта _____________________________________________

Телефондары____________________________________________________

Факс _________________________________________________________

Банк шоты ____________________________________________________

(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

___________________________________________________________________________

(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (өндірістік базаның/ғимараттың немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің))

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Жеке тұлға ____________ ___________________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы

Мөр орны (болған жағдайда)

Толтыру күні: 20__ жылғы 2__" _________________

  2 нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

______________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

_______________________________________________________________

(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

_________________________________________________ жүзеге асыруға

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)

20___ жылғы "___" __________ № __________, ______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

(керектің асты сызылсын)

қағаз жеткізгіште __________

(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес

(тиісті жолға Х қою қажет):

бірігу _____________________________________________________

қайта құру _________________________________________________

қосылу ____________________________________________________

бөліп шығару _____________________________________________

бөліну ________ жолымен қайта ұйымдастырылуы

2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі _____________________

3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі __________

4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____________________________________

5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ___________

6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______________________________________________

7) қызмет түрінің атауы өзгеруі _________________________________

8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________

__________________________________________________________________

(шетелдік заңды тұлға үшін елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі )

Электрондық пошта____________________________________________

Телефондары __________________________________________________

Факс__________________________________________________________

Банк шоты ____________________________________________________ (шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _______________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (өндірістік базаның/ғимараттың немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің))

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Басшы __________ ______________________________________

(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы

Мөр орны (болған жағдайда)

Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Тау-кен және химия
өндірістерін пайдалану
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
ережесіне
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті



Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан




Нұр-Сұлтан қ.


Нұр-Сұлтан




Нөмір: [Құжат нөмірі]


Берілген күні:
[Шығарылған күні] жылы






[Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН / ЖСН]







Дәлелді бас тарту


Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, Сіздің жылдың [Күнінен] бастап № [Кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды.
[Бас тарту негіздемесі]




[Қол қоюшының лауазымы]


[Қол қоюшының аты-жөні (болған жағдайда)]

  "Тау-кен және химия
өндірістерін пайдалану
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға арналған лицензия
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  1 нысан

Лицензия

      20____ жылғы "___" ___________                                    №_____________

      ____________________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)

      _______________________________________________________ айналысуға

      _____________________________________________________________ берілді

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Ерекше шарттары

      _____________________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)

      Ескерту: ____________________________________________________________

      (иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)

      Лицензиар ___________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Қолы ______________ (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)

      Мөр орны (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)

      Алғашқы берілген күні: " " ____________ _______ ж.

      Лицензияның қолданылу кезеңі: " " ____________ _______ ж.

      Берілген орны ____________________________

  2 нысан

Лицензияға қосымша

      Лицензияның нөмірі ____________

      Лицензияның берілген күні 20__ жылғы _________________

      Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері)

      _____________________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)

      Лицензиат _____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Өндiрiстік база

      _____________________________________________________________________

      (орналасқан жерi)

      Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары

      _____________________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)

      Лицензиар ___________________________________________________________

      (лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)

      Басшы (уәкiлеттi тұлға)

      _____________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Қолы ______________ (қағаз тасығыштағы қосымшалар үшін)

      Мөр орны (қағаз тасығыштағы қосымшалар үшін)

      Қосымшаның нөмірі ________________

      Қолданылу мерзiмi "____" _______________ _____ ж.

      Қосымшаның берілген күні ________________ 20 ____ ж.

      Берілген орны ________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады