"Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 18 маусымдағы № 148 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 маусымда № 20893 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14445 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновация министрлігі

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
м.а.
2020 жылғы 18 маусымдағы
№ 148 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
  2016 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 380 бұйрығымен
бекітілген

Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыс жайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-5) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу тәртібін мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу қаржыландыру көздеріне қарамастан жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ қолданыстағыларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелергежәне жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілгенге дейін жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу туралы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш береді. www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы мемлекеттік көрсетілетін стандартына келтірілген.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      5. Кәсіпорындарды және басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ объектілерді салу кезінде су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу кезінде мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;

      2) жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;

      Қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), сондай-ақ құрылысты консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру жағдайында жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша өз ресурсын өтеген объектілерді кейіннен кәдеге жарату үшін көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес құжаттарды береді.

      6. "Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 2-тармағына сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша кәсіпорындарды және басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушымынадай құжаттарды ұсынады:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;

      2) эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі немесе жоспарланып отырған қызметтің сипаттамасы бар түсіндірме жазба.

      7. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметімен байланысты емес жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің, ал пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерделеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылған жағдайда – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтердің ашық сервитуттарын беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;

      2) жоспарланып отырған қызметтің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаның электрондық көшірмесі;

      3) пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық құжаттардың, балық өсіру және мелиорациялық-техникалық іс-шараларды жүргізуге арналған ғылыми ұсынымдардың, орман орналастыру материалдарының электрондық көшірмесі.

      8. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі осы Қағидалардың 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      9. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшесіне (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      10. Жауапты бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде дәлелді бас тартуды береді.

      11. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және оң қорытынды болған жағдайда кәсіпорындарды және басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу туралы хат дайындайды немесе теріс қорытынды болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді, оны тіркеуді жүзеге асырады және уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушіге портал арқылы жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Кодекстің 88-бабының 1 және 2-тармақтарында, 125-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетумәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақкөрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар: 1414, 8 800 080 7777.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58, 119 және Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Су объектiлерiнде, су қорғау
аймақтары мен белдеулерiнде
кәсіпорындар және басқа да
құрылысжайларды
орналастыруды, сондай-ақ
құрылыс және басқа да
жұмыстар жүргiзу шарттарын
келісу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу туралы ӨТІНІШ

      Кімге: ______________________________ _________________________

      (мемлекеттік органның толық атауы)

      Кімнен:__________________________ ____________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      Өтініш иесінің мекенжайы ______________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон)

      Өтініш иесінің деректемелері __________________________________

      (жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендiру нөмiрi,

      ____________________________________________________________

      заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

      Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (бар болса) ____________

      Арнайы су пайдалануға рұқсат (бар болса) _______________________

      (нөмірі, берілген күні)

      Жобалаушы ұйымның мемлекеттік лицензиясының нөмірі (объектiнiң бас жоспарының

      көшірмесі ұсынылған жағдайда) _________________

      ____________________________________________________________

      (нөмірі, берілген күні)

      _____________________________________________________ сұраймын.

      (өтініштің мақсаты)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш беруші ____________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (заңды тұлға үшін лауазымы)

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Берілген күні: күні, айы, жылы. (электрондық цифрлық қолтаңба)

  "Су объектiлерiнде, су қорғау
аймақтары мен белдеулерiнде
кәсiпорындар мен басқа да
құрылысжайларды
орналастыруды, сондай-ақ
құрылыс және басқа да
жұмыстар жүргiзу шарттарын
келісу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидасына
2-қосымша

"Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі бассейндік инспекциялары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу туралы хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Порталдың жұмысы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі.
Қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), сондай-ақ құрылысты консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру жағдайында жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша өз ресурсын өтеген объектілерді кейіннен кәдеге жарату үшін көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес құжаттарды береді.
Кәсіпорындарды және басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын келісу кезінде не эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі немесе жоспарланып отырған қызметтің сипаттамасы бар түсіндірме жазба;
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметімен байланысты емес жұмыстар жүргізу шарттарын келісу кезінде Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің, ал пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерделеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылған жағдайда – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтердің ашық сервитуттарын беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) жоспарланып отырған қызметтің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаның электрондық көшірмесі;
4) пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық құжаттардың, балық өсіру және мелиорациялық-техникалық іс-шараларды жүргізуге арналған ғылыми ұсынымдардың, орман орналастыру материалдарының электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 88-бабының 1 және 2-тармақтарында, 125-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58, 119 және Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады